kz
it
ТОКҚА ҚАТЫСТЫ ЕСКЕРТУЛЕР
• Номиналды сипаттар тақтасындағы кернеу үйіңіздегі кернеуге сәйкес
келетініне көз жеткізіңіз.
• Нормативтік талаптарға сәйкес, құрылғы жерге тұйықталған розеткаға
қосылуы керек.
• Құрылғының айыры бекітілген болса және ол розеткаға дәл келмесе, білікті
маманға хабарласыңыз.
• Ұзартқыш сымдарды, бірнеше розетканы немесе адаптерлерді қолдануға
болмайды. Құрылғыны қашықтан басқару мүмкіндігі бар розеткаға жалғауға
болмайды.
• Корпусына орнатылғаннан кейін қуат кабелінің ұзындығы құрылғыны
розеткаға жалғауға жеткілікті болуы тиіс.
• Қуат кабелінен ұстап тартпаңыз.
• Қуат кабеліне зақым келсе, оны дәл сондай кабельге ауыстыру керек. Қуат
кабелін тек өндіруші нұсқаулары мен жергілікті қауіпсіздік ережелеріне
сәйкес білікті маман ауыстыруы тиіс. Уәкілетті қызмет орталығына
хабарласыңыз.
• Қуат кабелі немесе айыры зақымдалған, дұрыс жұмыс істемейтін
немесе зақымдалған я құлаған құрылғыны пайдалануға болмайды.
Қуат кабелін немесе айырды суға салмаңыз. Кабельді ыстық беттерге
тигізбеңіз.
• Құрылғыға дененің кез келген су бөлігін тигізуге немесе құрылғыны жалаң
аяқ пайдалануға болмайды.
ЭЛЕКТР ҚОСЫЛЫСТАР
Розетка / айыр
Бекітілген айыр розеткаға дәл келмесе, сатудан кейін қолдау көрсету қызметіне
хабарласып, қосымша нұсқау алыңыз. Айырды өз күшіңізбен ауыстыруға
тырыспаңыз. Бұл процедураны өндіруші нұсқаулары мен ағымдағы стандартты
қауіпсіздік ережелеріне сәйкес білікті маман орындауы тиіс.
54
54