Bosch GDB 350 WE Professional Notice Originale page 175

Masquer les pouces Voir aussi pour GDB 350 WE Professional:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 24
дөңес жері құрылғы қысқышының астыңғы болтының ➊
астында орналасатындай іліңіз.
Электр құралын құрылғы қысқышына ➋ орнатып,
эксцентрик болтын (14) қайта енгізіңіз. Эксцентрик
болтын айналатын крестпен (15) тартып қойыңыз.
Айналатын крестті (15) бұрғылау әрекеті үшін оңға
немесе солға қарай тегершікке (26) жылжытыңыз.
Электр құралының құрылғы қысқышында берік
u
бекітіліп тұрғанын тексеріңіз.
Электр құралын бұрғылау станинасынан шығару кезінде
әрекетті кері реттілік бойынша орындаңыз.
300–350 мм саңылау диаметріне арналған аралық
тақта (C суретін қараңыз)
300 мм мен ең көбі 350 мм аралығындағы диаметрге ие
саңылаулар үшін қосымша аралық тақтаны (29) (керек-
жарақ) орнату керек.
Ол үшін білдек адаптерін (25) аралық тақтаға (29) білдек
адаптерінің призмалық буаттары (24) аралық тақтаның
тиісті ойықтарына кіретіндей етіп орнатыңыз.
Содан кейін аралық тақтаны (29), соның ішінде білдек
адаптерін (25) электр құралына аралық тақтаның
призмалық буаттары (31) электр құралының тиісті
ойықтарына кіретіндей етіп орнатыңыз. Аралық тақтаның
төрт бұрандасын (30) орнатып, алты қырлы дөңбек
кілтпен (кілт ені 6 мм) бұрап бекітіңіз.
Содан кейін электр құралын жоғарыда сипатталғандай
бұрғылау станинасына бекітіңіз.
Бұрғылау станинасын бекіту
Нұсқау: бұрғылау станинасын саңылаусыз бекітіңіз.
Осылайша бұрғылау коронкасының қысылуына және
сегменттерінің тозуына жол бермейсіз.
Астыңғы беттің түрі және сипаттарына байланысты
бұрғылау станинасын дюбельмен, вакууммен немесе
жылдам қысқыш колонкасымен жоспарланған саңылауға
бекітіңіз.
Бұрғылау станинасын бекітуден бұрын орналастыру
Қажетті саңылау ортасын астыңғы бетте сызып қойыңыз.
Бұрғылау үшін пайдаланылған коронканың сыртқы
өлшемін саңылау ортасымен орталық ретінде белгілеңіз.
Бұрғылау станинасын (электр құралы орнатылған)
дюбельмен, вакууммен немесе жылдам қысқыш
колонкасымен орнатылған бұрғылау коронкасы
белгіленген өлшемдерге түсетіндей етіп бекітіңіз.
Дюбельмен бекіту (D суретін қараңыз)
Бұрғылау станинасын дюбельдермен (керек-жарақ)
кірпіш қалауда немесе бетонда бекіту үшін бөлек бекіткіш
саңылауды бұрғылаңыз.
Дюбель саңылауы – жоспарланған саңылау
ортасының аралығы
оңтайлы
ықтимал
Дюбель саңылауы үшін төмендегі өлшемдер
қолданылады:
Bosch Power Tools
Кірпіш қалау
Бетон
Бір бетондық дюбельді кергі сынамен немесе кірпіш
қалау дюбелімен (32) орнатыңыз. Жылдам қысқыш
шпиндельді (33) дюбельге бұрап енгізіңіз.
Бұрғылау станинасы мен астына қоятын шайбаны
орнатып, қатпарлы гайкамен (34) бұрап бекітіңіз.
Қатпарлы гайканы нивелирлегеннен кейін айыр тәрізді
кілтпен (кілт ені 27 мм) тартып қойыңыз.
Вакууммен (керек-жарақ) бекіту
Бұрғылау станинасын вакууммен бекіту үшін стандартты
вакуумдық сорап және Bosch вакуумдық жинағы (керек-
жарақ) қажет болады.
Ваккуумдық сорап төмендегі талаптарға сай болуы керек:
Көлемдік ағын:
Вакуум кемінде:
Вакууммен бекіту үшін астыңғы бет жылтыр және тегіс
болуы керек. Сылау немесе кірпіш қалауда орнату мүмкін
емес.
Вакуумдық қосылым пайда болғанда нивелирлеу
бұрандаларын (18) астыңғы бетке сәл орнатып, бұрғылау
станинасы нық тұрып, тығыздауыш сақина бос тұруы
керек. Әйтпесе бұрғылау станинасы тығыздауыш
сақинада қатты босап тұрады.
Вакуумдық сорапты және Bosch вакуумдық жинағын
жалғау үшін олардың пайдалану бойынша
нұсқаулықтарын оқып ұстаныңыз.
u
Жылдам қысқыш колонкасымен бекіту
(E суретін қараңыз)
Бұрғылау станинасын Bosch жылдам қысқыш
колонкасымен (керек-жарақ) еден мен төбе аралығында
бекітуге болады. Керу диапазоны 1,7 м мен 3 м
аралығында болады.
Жылдам қысқыш колонкасының бір ұшын бұрғылау
станинасының едендік тақтасына қойыңыз. Төбедегі
орнату жазықтығы жылдам қысқыш колонкасының басқа
ұшы үшін жеткілікті тұрақты және сырғанаудан қорғалған
болуы керек.
Жылдам қысқыш колонкасын бекіту үшін оның пайдалану
бойынша нұсқаулығын оқып ұстаныңыз.
Нивелирлеу (вакууммен бекіткенде емес)
Нивелирлеу бұрандаларын (18) деңгей (28) (тігінен
монтаждау кезінде) дәл тураланатындай етіп бір-бірден
бұрап бекітіңіз немесе шығарыңыз.
Енді бұрғылау станинасын дюбель бекіткішімен немесе
жылдам қысқыш колонкасымен бекітіңіз.
285 мм
275–375 мм
Диаметрі
20 мм
16 мм
Вакуумдық сорап пен вакуумдық жинақтың
қауіпсіздік және жұмыс нұсқауларын қатал
орындау қажет!
1 609 92A 4NK | (03.04.2019)
Қазақ | 175
Тереңдігі
85 мм
50 мм
3
6 м
/сағ
80 % (−800 мбар)

Publicité

Table des Matières
loading

Ce manuel est également adapté pour:

Gcr 350 professionalGdb 350 weGcr 3500601189900

Table des Matières