kk
Осы Bosch құрылғысын алуыңызбен
шын жүректен құттықтаймыз.
Сіз жоғарғы сапалы өнімді алдыңыз,
оның сізге әкелер қуанышты сәттері аз
болмайды.
Басқару элементтері мен
қосымша құралдар
1 Температура / үрлеу қосқышы
2 параметрі
2 Босату түймесі
3 Дөңгелек тарақ (тағу / шешу)
4 Көлем беру жабдығы
5 Ауа кіру торы
6 Ілгек көзі
Пайдалану
Ауа шығу және кіру тесіктері ешқашан
бітеліп қалмасын. Ауа кіру тесігін шаштар
немесе түктер жауып қалмағанын
тексеріңіз. Жеткілікті ауа кірмеген кезде
шамадан тыс қызса, ыстық ауамен
сәндеу тарағы автоматты түрде өшіріледі
. Ол бірнеше минуттан соң автоматты
түрде қайта қосылады.
Көлем беру жабдығын немесе дөңгелек
тарақты ▼ белгілерін туралап тағыңыз.
Шешу үшін, 2 босату түймесін
басыңыз.
Толқынды шаш жасау
(A суреттер қатары)
Жұқа және ылғал шаш тұлымын құрылғы
ұшына орап, шашты ішке не сыртқа
қарай бұйралаңыз.
1 қосқышын 1 (жұмсақ / жылы)
параметріне немесе 2
(қатты / ыстық) параметріне
орнатып, шаш бөлігін жылы
ауамен кептіріңіз.
Көлем ( B суреттер қатары)
● Көлем беру жабдығын тағып,
1 қосқышын қалаған параметрге
сырғытыңыз.
● Көлем беру жабдығын шаш жолағынан
бірнеше см қашықтықта дымқыл шашқа
бағыттап, шаш түбіне қарай итеріңіз.
Бірнеше секунд кептіріңіз. Бүкіл бас
және шаш бойынша қайталаңыз.
Кеңес: Шашты тек шамалы
дымқылдаңыз. Шашты тарамас бұрын
суытыңыз, шаш сәнінің пішімі ұзақ
сақталады. Қажет болса, шаш жатқызу
лосьонын пайдаланыңыз.
Bosch құрылғысымен сәнді шаш жасау
туралы толық ақпаратты мына сайттан
көре аласыз:
www.bosch-personalstyle.com
Сақтау
Құрылғыны суытыңыз және сақтамай
тұрып ажыратыңыз.
75
75
PHA2101B 01/2013