OBJ_BUCH-3210-001.book Page 117 Thursday, August 10, 2017 2:56 PM
Фрезалар үшін қауіпсіздік нұсқаулары
Дайындаманы қысқышпен немесе басқа жолмен
тұрақты тіреуіште бекітіңіз. Егер дайындаманы тек
қолмен немесе денеге басып ұстасаңыз ол тұрақты
болмай бақылау жоғалтуына алып келуі мүмкін.
Алмалы-салмалы аспаптың рұқсат етілген
айналымдар саны кемінде электр құралында
белгіленген максималдық айналымдар санына
сәйкес болуы керек. Рұқсат етілгеннен көбірек
жиілікпен айналатын жұмыс аспабы бұзылуы мүмкін.
Фрезалар немесе басқа жабдықтар электр
құралыңыздың аспап патронына (қысқыш) сәйкес
болуы керек. Электр құралының аспап патронына
дұрыс тұрмауынан алмалы-салмалы аспабқа соғылып
айналады, қатты дірілдейді және бақылауды жоғалтуға
әкелуі мүмкін.
Электр құралды дайындамаға тек қосулы ретте
апарыңыз. Әйтпесе алмалы-салмалы аспап
дайындамаға ілінсе кері соғу қауіпі пайда болады.
Метал заттар, шеге немесе бұрандалар үстінен
фрезаны жүргізбеңіз. Фрезалар зақымдалып қатты
дірілдеуге алып келуі мүмкін.
Қажетті іздеу құралдарын пайдаланып жасырынған
қорек сымдарын табыңыз немесе жергілікті қорек
үйымдарын шақырыңыз. Электр сымдарына тию өрт
немесе тоқ соғуына алып келуі мүмкін. Газ құбырын
зақымдау жарылысқа алып келуі мүмкін. Су құбырын
зақымдау материалдық зиянға алып келуі мүмкін.
Өтпес немесе зақымдалған фрезаларды
пайдаланбаңыз. Өтпес немесе зақымдалған фрезалар
жоғары үйкеліс, қысылып қалу және теңгерімсіздікке
алып келуі мүмкін.
Электр құралын жерге қоюдан алдын оның
тоқтауын күтіңіз. Алмалы-салмалы аспап ілініп электр
құрал бақылауының жоғалтуына алып келуі мүмкін.
Аккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қаупі бар.
Мысалы, аккумуляторды жылудан, сондай-
ақ, үздіксіз күн жарығынан, оттан, судан
және ылғалдан қорғаңыз. Жарылу қаупі бар.
Аккумулятордан зақымданған немесе дұрыс
пайдаланбаған жағдайда бу шығуы мүмкін. Бұл
жағдайда ішке таза ауа кіргізіңіз және шағымдар
болса, медициналық көмек алыңыз. Булар тыныс
алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.
Аккумуляторды тек Bosch электр құралымен
пайдаланыңыз. Сол арқылы аккумуляторды қауіпті
артық жүктеуден сақтайсыз.
Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе
сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы
мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп,
аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе
қызып кетуі мүмкін.
Bosch Power Tools
Өнім және қызмет сипаттамасы
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық
қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпе-
лерді сақтамау тоқтың соғуына, өрт және/
немесе ауыр жарақаттануларға апаруы
мүмкін.
Электр құралының суреті бар бетті ашып пайдалану
нұсқаулығын оқу кезінде оны ашық ұстаңыз.
Тағайындалу бойынша қолдану
Электр құралы қатты орнатылып ағашта, пластмассада
және металды емес жеңіл құрылыстарда шеттері мен
профильдерді фрезерлеуге арналған.
Бейнеленген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар
беттегі электр құралының сипаттамасына сай.
1 Аккумулятор*
2 Аккумуляторды босату түймесі*
3 Температураны бақылау/жүктеме артуынан сақтау
индикаторы
4 Аккумулятордың зарядталу күйі индикаторы
5 Қосқыш/өшіргіш
6 Шпиндель бұғаттағышы үшін белгілеу бағыттағышы
7 Шпиндель бекіту білігі
8 Фрезерлеу тереңдігін дөрекі реттеу пернесі
9 Цангалы жалғағыш гайка
10 Фрезерлеу тереңдігін дәл реттейтін реттеу тетігі
11 Фрезерлеу тереңдігін өзгерту сақтағыш бұрандамасы
12 Тірек платформасы
13 Қол тұтқасы
14 Фрезерлеу тереңдігін өзгерту бұғаттау дөңгелегі
15 Қысқыш
16 Аспап пантроны
17 Фреза*
18 Сомын кілт (17 мм)
19 Тегіс бағыттағыш бағаны
*Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты
жеткізу көлемімен қамтылмайды. Толық жабдықтарды біздің
жабдықтар бағдарламамыздан табасыз.
Қaзақша | 117
1 609 92A 3WR | (10.8.17)