4. Артық кернеуден қорғау
Кіріс кернеу 15 В-тан (12 В кіріс) немесе 30
В-тан (24 В кіріс) төменірек болса, бұл қорғау
жүйесі құрылғыны өшіреді және температура
дисплейі «F4» жазуын көрсетеді және
дыбыстық сигнал шығарады.
5. Қысқа тұйықталудан қорғау
Қысқа тұйықталу жағдайында тізбекте қысқа
тұйықталудан қорғау функциясы бар. Бұл
жағдайда құрылғыны Makita өкілетті немесе
зауыттық сервистік орталықтарына апарыңыз.
Еңкеюден қорғау функциясы
Құрылғы еңкеюден қорғау функциясымен
жабдықталған. Құрылғыны салқындату режимінде
пайдаланғанда, құрылғы келесі бұрыштардың
біреуіне қойылса, құрылғы автоматты түрде өшеді.
A)
Құрылғы суретте A-1 деп көрсетілгендей жерге
параллель бұрыштан 30°-тан көбірек еңкейсе,
құрылғы өшіріледі және температура дисплейі
біраз уақыт бойы «F1» жазуын көрсетеді.
Құрылғы жерге параллель күйге оралғаннан
кейін қайта іске қосуға 3 минут кетеді.
Құрылғы суретте A-2 деп көрсетілгендей жерге
параллель бұрыштан 70°-тан көбірек еңкейсе,
құрылғы өшіріледі және температура дисплейі
қайта іске қосқанша «F6» жазуын көрсетеді.
Құрылғы жерге параллель күйге оралғаннан
кейін қайта іске қосуға 2 сағат кетеді.
► 4-сур.
B)
Құрылғы суретте B-1 деп көрсетілгендей жерге
параллель бұрыштан 30°-тан көбірек еңкейсе,
құрылғы өшіріледі және температура дисплейі
біраз уақыт бойы «F1» жазуын көрсетеді.
Құрылғы жерге параллель күйге оралғаннан
кейін қайта іске қосуға 3 минут кетеді.
Құрылғы суретте B-2 деп көрсетілгендей жерге
параллель бұрыштан 40°-тан көбірек еңкейсе,
құрылғы өшіріледі және температура дисплейі
қайта іске қосқанша «F6» жазуын көрсетеді.
Құрылғы жерге параллель күйге оралғаннан
кейін қайта іске қосуға 2 сағат кетеді.
► 5-сур.
C)
Құрылғы суретте C-1 деп көрсетілгендей жерге
параллель бұрыштан 30°-тан көбірек еңкейсе,
құрылғы өшіріледі және температура дисплейі
біраз уақыт бойы «F1» жазуын көрсетеді.
Құрылғы жерге параллель күйге оралғаннан
кейін қайта іске қосуға 3 минут кетеді.
Құрылғы суретте C-2 деп көрсетілгендей жерге
параллель бұрыштан 70°-тан көбірек еңкейсе,
құрылғы өшіріледі және температура дисплейі
қайта іске қосқанша «F6» жазуын көрсетеді.
Құрылғы жерге параллель күйге оралғаннан
кейін қайта іске қосуға 2 сағат кетеді.
► 6-сур.
D)
Құрылғы суретте D-1 деп көрсетілгендей жерге
параллель бұрыштан 30°-тан көбірек еңкейсе,
құрылғы өшіріледі және температура дисплейі
біраз уақыт бойы «F1» жазуын көрсетеді.
Құрылғы жерге параллель күйге оралғаннан
кейін қайта іске қосуға 3 минут кетеді.
Құрылғы суретте D-2 деп көрсетілгендей жерге
параллель бұрыштан 70°-тан көбірек еңкейсе,
құрылғы өшіріледі және температура дисплейі
қайта іске қосқанша «F6» жазуын көрсетеді.
Құрылғы жерге параллель күйге оралғаннан
кейін қайта іске қосуға 2 сағат кетеді.
► 7-сур.
E)
Құрылғы жерге параллель бұрыштан 180°-
тан көбірек еңкейсе, құрылғы өшіріледі және
температура дисплейі қайта іске қосқанша «F6»
жазуын көрсетеді. Құрылғы жерге параллель
күйге оралғаннан кейін қайта іске қосуға 2 сағат
кетеді.
USB арқылы зарядтау
Батарея бөлімінде USB порты бар. Пайдалану
күйінде USB порты 5 В кернеуді үздіксіз шығарады.
Жад функциясы
Басқару температурасын орнатудан кейін
пайдаланушы 5 секунд ішінде пайдаланбаса,
ағымдағы параметр жатталады. Келесі рет құрылғы
сол параметрмен іске қосылады.
Температура бірлігін ауыстыру
°C (Цельсий бойынша градус) немесе °F (Фаренгейт
бойынша градус) температура бірлігіне процедураны
орындау арқылы ауысуға болады.
1.
Құрылғыны қосыңыз.
2.
Құрылғы (°C немесе °F) жыпылықтай
бастағанша салқындату/жылыту ауыстырып-
қосқыш түймесін басыңыз.
3.
Бірлікті таңдау үшін температураны қосу
түймесін немесе температураны азайту
түймесін басыңыз.
4.
Салқындату/жылыту ауыстырып-қосқыш
түймесін басыңыз немесе құрылғыны 5
секундқа ешбір әрекетсіз қалдырыңыз. Бірлікті
таңдау аяқталды.
Иық белдігі
1.
Белдікті сол және оң тұтқалар арқылы өткізіңіз.
2.
Белдіктің тоғасын салыңыз.
► 8-сур.
Қате коды
Белгілі бір қателер үшін температура дисплейі келесі
кодты көрсетеді.
Қате коды
F1
Еңкеюден қорғау белсенді.
Еңкеюден қорғау функциясының бөлімін
қараңыз.
F2
Батарея таусылуда.
F3
Кіріс кернеу төмен.
Көлік кірісін қорғау туралы бөлімді қараңыз.
F4
Кіріс кернеу жоғары.
Артық кернеуден қорғау бөлімін қараңыз.
F5
Құрылғыдағы датчикте бірдеңе дұрыс емес.
Құрылғыны Makita өкілетті немесе зауыттық
сервистік орталықтарына апарыңыз.
F6
Еңкеюден қорғау белсенді.
Еңкеюден қорғау функциясының бөлімін
қараңыз.
243 ҚАЗАҚ
Мәселе