Bosch GWS Professional 20-230 H Notice Originale page 75

Masquer les pouces Voir aussi pour GWS Professional 20-230 H:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 18
макс. [мм]
D
b
180
8
230
8
180
230
100
30
Басты тұтқаны бұрау
(GWS 24-230 JVX / GWS 26-230 B)
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Басты тұтқаны (31) қозғалтқыш корпусына 90° шамасына
солға немесе оңға бұрауға болады. Осылайша
ажыратқышты жұмысқа ыңғайлы күйге орнатуға болады,
мысалы, кесу жұмыстары үшін қорғаныш қаптамамен
және бағыттауыштармен (21) немесе солақайлар үшін.
Тұтқа ысырмасын (32) көрсеткі бағытымен тартып, бір
уақытта басты тұтқаны (31) қажетті күйге тірелгенше
бұраңыз.
Редукторлық басты бұру
(GWS 20-230 H / GWS 22-180 H /
GWS 22-230 H/JH / GWS 24-180 H /
GWS 24-230 H/JH / GWS 26-180 H /
GWS 26-230 B/H)
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Редукторлық бастиекті 90°
қадаммен бұруға болады.
Осылайша ажыратқышты
жұмысқа ыңғайлы күйге
орнатуға болады, мысалы,
сору жұмыстары үшін
қорғаныш қаптамамен және
бағыттауыштармен (21)
немесе солақайлар үшін.
Bosch Power Tools
[мм]
–1
d
[мин
]
[м/с]
22,2
8500
80
22,2
6600
80
8500
80
6600
80
M 14
8500
45
(31)
(32)
4 бұранданы толығымен бұрап босатыңыз. Редукторлық
бастиекті корпустан шығармай жаңа күйге жайлап
бұраңыз. 4 бұранданы берік бекітіңіз.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы
өңделуі мүмкін.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Пайдалану
Іске қосу
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
u
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдармен 220 В жұмыс
істеуге болады.
Элект құралы қуат қоры жеткіліксіз немесе іске қосу
тогын күшейтетін сәйкес кернеу реттегішімен
жабдықталмаған электр генераторларынан қуат алса,
қосу кезінде қуат төмендеуі немесе электр құралы
әдеттен тыс әрекет етуі мүмкін.
Генератордың жарамдылығын, әсіресе, желі үшін
жарамдылығын тексеріңіз.
Қосу/өшіру
Электр құралды қосу үшін сөндіргішті (2) алға
жылжытыңыз, содан кейін басыңыз.
Басылған сөндіргішті (2) бекіту үшін сөндіргішті (2) одан
әрі алға жылжытыңыз.
Электр құралды өшіру үшін сөндіргішті (2) жіберіңіз
немесе бекітілсе, сөндіргішті (2) қысқа уақыт бойы
басыңыз және жіберіңіз.
Бекітілмейтін сөндіргіш (елге байланысты):
Электр құралды қосу үшін сөндіргішті (2) алға
жылжытыңыз, содан кейін басыңыз.
Электр құралды өшіру үшін қосқышты/өшіргішті (2)
жіберіңіз.
Қазақ | 75
1 609 92A 5GH | (13.02.2020)

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières