Bosch GDB 180 WE Professional Notice Originale page 172

Masquer les pouces Voir aussi pour GDB 180 WE Professional:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 23
172 | Қазақ
Алмасты бұрғылау станинасы
Құрылғы қысқышының
диаметрі
Бұрғылау коронкасының өлшемдері, макс.
– Диаметрі
– Су жинау сақинасымен
бірге диаметрі
– Ұзындығы
Бұрғылау жүрісі, макс.
Жұмыс ұзындығы, макс.
Салмағы EPTA-Procedure
01:2014 құжатына сай
Шуыл бойынша ақпарат
EN 62841‑3‑6 бойынша есептелген шуыл эмиссиясының
көрсеткіштері.
Электр құралының амплитуда бойынша есептелген шуыл
деңгейі әдетте келесідей болады: дыбыстық қысым
деңгейі 88 дБ(A); дыбыстық қуат деңгейі 99 дБ(A). Өлшеу
дәлсіздігі K=3 дБ.
Құлақ қорғанысын тағыңыз!
Осы ескертпелерде берілген шуыл шығару мәні
нормалық өлшеу әдісі бойынша есептелген болып электр
құралдарды бір-бірімен салыстыру үшін пайдаланылуы
мүмкін. Ол шуыл шығару мәнін шамалап өлшеу үшін де
жарамды.
Берілген шуыл шығару мәні электр құралының негізгі
жұмыстары үшін берілген. Егер электр құрал басқа
жұмыстар үшін басқа алмалы-салмалы аспаптар менен
немесе жетімсіз күтумен пайдаланылса шуыл шығару
мәндері өзгереді. Бұл жұмыс барысындағы шуыл шығару
мәнін арттырады.
Шуыл шығару мәнін нақты есептеу үшін құрал өшірілген
және қосылған болып пайдаланылмаған уақыттарды да
ескеру қажет. Бұл жұмыс уақытындағы шуыл шығару
мәнін төмендетеді.
Монтаждау
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Бұрғылау станинасын монтаждау
Бұрғылау бағанын туралау
Бұрғылау бағанын (20) тік күйге келтіріңіз. Астыңғы
бұранданы (24) орнатыңыз (графикалық беттегі суретті
қараңыз). Астыңғы бұранданы (24) тартып, жоғарғы
бұранданы (21) айыр тәрізді кілтпен (кілт ені 17 мм)
бекітіңіз. Қыспа гайканы (27) айыр тәрізді кілтпен (кілт
ені 24 мм) тартып қойыңыз.
Айналатын крест
Айналатын кресттің (17) үш қапсырмасын айналатын
кресттің орта төлкесіне тірелгенше бұрап кіргізіңіз.
1 609 92A 4NJ | (03.04.2019)
Айналатын крест (17) бұрғылау кезінде қос иін ретінде
GCR 180
қызмет етеді.
мм
60
Бұрғылау үшін айналатын крестті қажетінше тегершікке
(28) солға немесе оңға тірелгенше жылжытыңыз.
Айналатын крестті алып тастау үшін қатты тартып
мм
180
шешіңіз.
мм
132
Бекіткіш тежегіші бар берілісті бұғаттау тетігі
Алғаш рет қолданысқа енгізбес бұрын бекіткіш тежегішті
мм
530
(29) тегершік (28) астындағы бос бұрандалы саңылауға
бұрап енгізіңіз.
мм
514
Бұрғылау станинасындағы барлық жұмыстар үшін,
мм
455
жұмыс үзілістерінде және пайдаланбаған кезде берілісті
кг
9,5
бұғаттаңыз. Ол үшін бекіткіш тежегішті (29) бұрап
қойыңыз.
Бұрғылау үшін бекіткіш тежегішті (29) айналатын крест
(17) аздап жылжитындай етіп босатыңыз. Бұл ретте
электр құралының бақылаусыз сырғанап кетуіне жол
бермеу үшін айналатын крестті қатты ұстап алыңыз.
Электр құралын орнату (A суретін қараңыз)
Бекіткіш тежегіш (29) тартылғанына көз жеткізіңіз.
Құрылғы қысқышындағы бұранданы (18) айыр тәрәзді
кілтпен (кілт ені 13 мм) босатыңыз. Электр құралын
қысылатын мойыншасын жоғары қаратып құрылғы
қысқышына (19) тірелгенше енгізіңіз.
Электр құралын құрылғы қысқышына барлық
ажыратқыштар қолжетімді болатындай және электр
құралындағы шаң сору/суды суыту жалғағышы бұрғылау
әрекетіне кедергі жасамайтындай етіп бұрап кіргізіңіз.
Бұранданы (18) айыр тәрізді кілтпен (кілт ені 13 мм)
тартып қойыңыз.
Айналатын крестті (17) бұрғылау әрекеті үшін оңға
немесе солға қарай тегершікке (28) жылжытыңыз.
Электр құралының құрылғы қысқышында берік
u
бекітіліп тұрғанын тексеріңіз.
Электр құралын бұрғылау станинасынан шығару кезінде
әрекетті кері реттілік бойынша орындаңыз.
Бұрғылау станинасын бекіту
Нұсқау: бұрғылау станинасын саңылаусыз бекітіңіз.
Осылайша бұрғылау коронкасының қысылуына және
сегменттерінің тозуына жол бермейсіз.
Астыңғы беттің түрі және сипаттарына байланысты
бұрғылау станинасын дюбель немесе вакуум арқылы
жоспарланған саңылауға бекітіңіз.
Бұрғылау станинасын бекітуден бұрын орналастыру
Қажетті саңылау ортасын астыңғы бетте сызып қойыңыз.
Бұрғылау үшін пайдаланылған коронканың сыртқы
өлшемін саңылау ортасымен орталық ретінде белгілеңіз.
Бұрғылау станинасын (электр құралы орнатылған)
дюбельмен немесе вакууммен орнатылған бұрғылау
коронкасы белгіленген өлшемдерге түсетіндей етіп
бекітіңіз.
Bosch Power Tools

Publicité

Table des Matières
loading

Ce manuel est également adapté pour:

Gcr 180 professional

Table des Matières