OBJ_BUCH-2787-001.book Page 153 Monday, December 12, 2016 9:22 AM
Шөп кесу қондырмасы бар бұрауыштарға
арналған қауіпсіздік нұсқаулықтары
Бұл шөп шабатын қондырмасы бар
бұрауыш балалардың, дене немесе ой
қабілеттері шектелген, тәжірибесі және
білімі аз адамдардың пайдалануына
арналмаған.
Шөп шапқыш қондырмасын немесе шөп
шапқыш қондырмасы бар бұрауышты
адамдар немесе үй жануарлары жақын
тұрғанда пайдаланбаңыз.
Балалар шөп шабу қондырмасын немесе
шөп шабу қондырмасы бар бұрауышпен
ойнамауына көз жеткізіңіз.
Пайдаланбасаңыз шөп кесу қондырмасын бұрауыштан алып
қойыңыз.
Пайдаланбаған кезде пышақ қорғағышымен қапталғанын
қамтамасыз етіңіз.
Шөп кесу қондырмасының тиісті қорғағыш тақта
зақымдалмағанын тексеріңіз. Қорғағыш тақта пайдаланушыны
кесу пышағына кездейсоқ тиюден қорғайды.
Пышақты өткір және таза күйде сақтаңыз. Әбден күтілген пышақ
өткір шеттермен кем қысылып оңай бағытталады.
Ағаш, тас, бетон немесе кабельді кеспеңіз. Пышақ өтпес болып
қысылуы мүмкін.
Шөп кесу қондырмасымен жұмыс істегенде әрдайым қорғағыш
көзілдірік тағыңыз, қатты аяқ киім мен ұзын шалбар кийіңіз.
Денеңіздің тұрақты қалыпта болуына көз жеткізіңіз. Әсіресе еңіс
пен түсулерде дене тепе - теңдігін сақтаңыз. Бекем тұру және
жұмысқа лайықты дене күйі шөп шабу қондырмасын немесе шөп
шапқыш қондырмасы бар бұрауышты бақылауға көмектеседі.
Bosch Power Tools
Қaзақша | 153
1 609 92A 28R | (12.12.16)