Osram DALI MCU TW Mode D'emploi page 29

Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 4
KZ DALI MCU TW / Іске пайдалану нұсқаулары
Қолдану және функциялары
DALI MCU TW жүйесі реттеуге болатын ақ жарық үшін DALI 8 стандартына (IEC 62386-209) сәйкес келетін, ECG орнатылған құралдардың
жарығы мен температурасын қолдан басқаруға мүмкіндік береді. DALI MCU TW жүйесі DALI басқару сымынан тікелей қоректенеді
(=пассивті жұмыс) немесе ол негізгі кернеуге қосылып тұрса, өздігінен (=белсенді жұмыс) қоректенеді. Бірнеше DALI MCU жүйесін
параллельді түрде қосу арқылы жұмыс нүктелерінің санын, сәйкесінше басқарылатын құралдар санын арттыруға болады. Егер бірнеше
DALI MCU жүйесін параллельді түрде қосса, соңғы жұмыс істеген DALI MCU пәрмендері басымдыққа ие болып табылады және барлық
басқа MCU осы пәрмендерге жүгінеді. Сондықтан жұмыс істеу нүктелерін жарықтылық немесе түс температураларына еш жанама әсер
тигізбей, кез келген уақытта өзгертуге болады. Жинақпен бірге берілген MCU қақпағын әдетте сатылатын, басқа өндірушілер өндірген
қақпақтарға ауыстыруға болады.
Бірнеше жұмыс нүктесін орнату
Барлығы 4 DALI MCU TW өзара жалғауға болады. Ток көзіне қосылған әр DALI MCU TW (= белсенді DALI MCU TW) 25 DALI ECG дейін
қосымша қуатпен және ток көзіне қосылмаған DALI MCU жүйесін (=пассивті DALI MCU TW) қуатпен қамтамасыз етеді. Кемінде бір
белсенді DALI MCU TW қажет. DALI сымдарын өзара қосқан кезде оң және теріс полюстарын дұрыс орнатыңыз.
Ол үшін келесі жүйе өлшемдеріне қолжетімді:
• Бір белсенді DALI MCU TW: 25-ке дейін DALI ECG және бір пассивті, қосуға болатын DALI MCU TW.
• Екі белсенді DALI MCU TW: 50-ге дейін DALI ECG және екі пассивті, қосуға болатын DALI MCU TW.
• Үш белсенді DALI MCU TW: 75-ке дейін DALI ECG және бір пассивті, қосуға болатын DALI MCU TW.
• Төрт белсенді DALI MCU TW: қосуға болатын 100-ге дейін DALI ECG.
Қолданысқа енгізу
Ең төмен жарық деңгейін реттеу (опция)
Жарық ең төмен деңгейде тұрған кезде және сағат тілінің бағытымен айналдырған кезде жарық көбеймесе, ең үлкен минималды
жарықты төмендегідей орнату керек:
1. Жарықты ең төмен жарық деңгейіне қойыңыз.
2. Тетікті сағат тілінің бағытымен, жарық деңгейі ең бірінші рет артқанша баяу бұраңыз
3. Айналмалы тетікті басыңыз > 10 секунд.
4. Жарық сөнеді де, содан кейін қайта жанып, жаңа минималды жарықтың сақталғанын көрсетеді.
Түс температурасының шектерін орнату (ұсынылады)
DALI MCU TW түс температурасының ауқымын реттеп, төменде сипатталғандай, жалғанған шамдардың мүмкіндіктеріне қарай шектеуге болады.
Маңызды кеңес:
Жаңа түс температурасының шегін сақтау барысында, ең суық түске арналған түс температурасының шегін орнатқанда, тетікті басып
тұрып соңғы рет айналдырған кезде міндетті түрде сағат бағытымен айналдыру қажет екенін және ең жылы түске арналған түс
температурасының шегін орнатқанда, сағат тілінің бағытына қарсы бұрау қажет екенін ескеріңіз.
Ең жылы түске арналған шекті орнату (=ең төмен түс температурасы)
1. Тетікті басып тұрып, қалаған жылы түс таңдалғанша сағат тілінің бағытына қарсы бұраңыз да, 10 секундтан астам басып ұстап тұрыңыз.
2. Жарық үш рет сөнеді де, содан кейін қайта жанып, жаңа шектің сақталғанын көрсетеді.
Ең суық түске арналған шекті орнату (=ең жоғарғы түс температурасы)
1. Тетікті басып тұрып, қалаған ең суық түс таңдалғанша сағат тілінің бағытымен бұраңыз да, 10 секундтан астам басып ұстап тұрыңыз.
2. Жарық үш рет сөнеді де, содан кейін қайта жанып, жаңа шектің сақталғанын көрсетеді.
Минималды жарық деңгейін және түс температурасының шектерін орнату
1. Айналмалы тетікті қысқа басып, жарықты сөндіріңіз.
2. Тетікті 10 секундтан астам басыңыз.
3. Жарық жанып, содан кейін қайта сөніп, шектер мен минималды жарық деңгейі бұған дейінгі зауыттық параметрлерге қойылғанын
көрсетеді.
Іске пайдалану
Жарықты ҚОСУ және СӨНДІРУ
Айналмалы тетікті қысқа басыңыз
Жарық деңгейін көбейтіңіз
Айналмалы тетікті сағат тілінің бағытымен бұраңыз
Жарық деңгейін азайтыңыз
Айналмалы тетікті сағат тілінің бағытына қарсы бұраңыз
Түс температурасын арттырыңыз (= суығырақ жарық)
Айналмалы тетікті басып тұрып, сағат тілінің бағытымен
бұраңыз
Түс температурасын азайтыңыз (= жылырақ жарық)
Айналмалы тетікті басып тұрып, сағат тілінің бағытына қарсы
бұраңыз
OSRAM GmbH
Steinerne Furt 62
86167 Augsburg
Germany
www.osram.com
Тетікті
1. ші орын қалпына қойып сақтаңыз. Шамдарды қосып, жарық
деңгейін қажетті деңгейге қойыңыз
2. Тетікті екі рет қысқа басыңыз (=екі рет басу). Тетіктің қажетті
орынға қойылғаны, екі рет жыпылықтаумен расталады
1. деңгейге қойылған тетіктен бас тартыңыз. Айналмалы тетікті
қысқа басып, шамдарды сөндіріңіз.
2. Тетікті екі рет қысқа басыңыз (=екі рет басу). Бас тарту
тетіктің 100% жарық деңгейіне қойылуы арқылы расталады.
29

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières