Télécharger Imprimer la page

Elica PRF0037989B Manuel D'installation page 32

Masquer les pouces Voir aussi pour PRF0037989B:

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 7
немесе құрылғыны пайдалану тәжірибесі немесе қажетті білімі жоқ адамдар олардың қауіпсіздігіне жауап беретін
басқа адамның бақылауынсыз немесе құрылғыны қауіпсіз пайдалану және оның қауіптілігін түсіну туралы
нұсқаулар алмайынша қолданбауы керек.• •Балалардың осы өніммен ойнамауын қадағалаңыз.• •Тазалау және
күтім көрсету жұмыстарын балалар тиісті бақылаусыз орындамаулары керек. •Егер өнім газды немесе басқа
отынды жағатын басқа құрылғылармен бір уақытта қолданылса, бөлме жеткілікті түрде желдетілуі керек.
•Өнімнің ішін де, сыртын да жиі тазалап отыру керек (КЕМІНДЕ БІР АЙДА БІР РЕТ); әрқашан пайдалану
нұсқаулығында берілген нұсқауларды орындаңыз. •Өнімді тазарту және сүзгілерді ауыстыру / тазалау жөніндегі
нұсқаулықтың орындалмауы өрт қаупіне әкелуі мүмкін.• •Бұл өнімді жалынды отпен тамақ пісіргенде
пайдалануға қатаң тыйым салынады.• ЕСКЕРТУ: •Өнім қосулы болған кезде оның қолжетімді бөліктері қызып
кетуі мүмкін.• •Орнату жұмыстары толық аяқталғанша, құрылғыны электр желісіне қоспаңыз.• •Жергілікті билік
органдары бекіткен, түтін шығаруға байланысты қауіпсіздік техникасы және қауіпсіздік шаралары бойынша
ережелер қатаң сақталуы керек.• •Шығарылған ауа газ жағатын құрылғылар не басқа да жағу құрылғылары
тудыратын түтінді жою үшін пайдаланылатын құбырлар арқылы жіберілуі керек.• •Өнімді дұрыс орнатылмаған
шамдармен пайдаланбаңыз немесе қалдырмаңыз, себебі бұл тоқ соғу қаупіне әкелуі мүмкін.• •Торды дұрыс
орнатпайынша, бұл өнімді ЕШҚАШАН пайдаланбаңыз. •Егер басқалай айқын түрде рұқсат етілмесе, өнімді
тіреуші бет ретінде ЕШҚАШАН пайдалануға болмайды.
ОРНАТУ ҚАУІПСІЗДІГІ
•Өнімді орнату үшін онымен бірге берілетін бекіткіш бұрандаларды тек тиісті бетке ғана пайдаланыңыз; болмаса,
дұрыс бұранда түрлерін сатып алыңыз. •Өнімнің ішіндегі (тасымалдау мақсатында салынған) керек-
жарақтардың (мысалы, бұрандалар салынған қалташықтар, кепілдік куәліктері және т.б.) бар-жоғына көз
жеткізіңіз. Егер ондай нәрселер болса, оларды алып, қауіпсіз жерде сақтаңыз. • ЕСКЕРТУ: Бұрандалар мен
ысырмаларды ос нұсқауларға сай орнатпасаңыз, электр тогы қаупі орын алуы мүмкін. •Шығару құбыры бірге
берілмейді және ол бөлек сатып алынуы керек. •Сорғыш құбырдың диаметрі жалғағыш сақинаның диаметріне
сай келуі керек. •Өнімді плита үстіне орнатқан кезде, сызбаларда көрсетілген биіктікті сақтаңыз •Плитадағы
ыдыстың беті мен түтінсорғының төменгі бөлігі арасындағы минималды арақашықтық электр плиталары үшін
кемінде 50 cm, ал газ немесе аралас пештер үшін 65 cm болуы керек. •Егер газ плитасын орнату нұсқаулығында
бұдан үлкенірек арақашықтықтар көрсетілген болса, оларды сақтаңыз.
ЭЛЕКТРЛІК БАЙЛАНЫСТАР ҚАУІПСІЗДІГІ
•Қуат көзіндегі кернеудің сипаттамалары өнімнің ішінде орналасқан деректер жапсырмасындағы кернеу
сипаттамаларына сәйкес келуі керек. •Егер өнім қуат сымы ашасымен жабдықталған болса, оны қолданыстағы
стандарттарға сәйкес келетін және орнатқаннан кейін де қол жетімді болатын розеткаға қосыңыз. •Егер өнімнің
қуат ашасы болмаса (электр желісіне тікелей қосылатын болса) немесе қуат ашасы қол жетпейтін жердегі
розеткаға жалғанатын болса, тіпті орнатқаннан кейін де, стандартты екі полюсті ажыратып-қосқышты орнату
ережелеріне сәйкес сай қосымша орнату арқылы III санаттағы артық кернеу болған жағдайларда құрылғыны
желіден толық ажырату мүмкіндігін қамтамасыз етіңіз. •Құрылғы арнайы қуат кабелімен жабдықталған; егер
кабель зақымданған болса, оны ауыстыру үшін қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
ТЕХНИКАЛЫҚ КҮТІМ КӨРСЕТУГЕ ҚАТЫСТЫ ЕСКЕРТУЛЕР
• Тазалау : Тазалау үшін тек бейтарап сұйық жуғыш қоспаға малынған дымқыл шүберекті пайдаланыңыз.
Тазалау құралдарын немесе аспаптарын пайдаланбаңыз.
• Майға қарсы сүзгі : Майға қарсы металл сүзгі айына бір рет агрессивті емес жуғыш заттармен, қолмен немесе
ыдыс жуғыш машинада қысқа уақытта төмен температурада жуылуы керек. Майға қарсы сүзгіні шығарып алу
үшін, серіппеден босату тұтқасын тартыңыз.
• Көмір сүзгі (тек сүзгі салынатын үлгілерге арналған) : Картриджді кемінде төрт айда бір рет ауыстыру
қажет. Оны жууға немесе қалпына келтіруге БОЛМАЙДЫ. Суреттер бөлімінде көрсетілгендей: майға қарсы
сүзгілерді алып тастаңыз, екі жағына көмір сүзгісін салып, оны өнімге бекітіңіз. Майға қарсы сүзгілерді
орындарына қайта орнатыңыз
• Шамды ауыстыру : Өнімді электрлік қуат көзінен ажыратыңыз. Ескеріңіз! Шамдарды ұстамас бұрын, оның
салқындағанына көз жеткізіңіз. Пайдаланылатын шам түрін таңдау үшін Суреттер бөліміндегі нұсқауларды
қараңыз.
32

Publicité

loading

Ce manuel est également adapté pour:

Elite 14