Пайдалану
T1:
1-жылдамдықты таңдау пернесі
Төменгі жылдамдықты (сору қуатын) іске қосу үшін
басыңыз
. Екінші рет басылса, мотор өшеді
T2:
2-жылдамдықты таңдау пернесі
Орташа жылдамдықты (сору қуатын) іске қосу үшін
басыңыз. Екінші рет басылса, мотор өшеді
T3:
3-жылдамдықты таңдау пернесі
Жоғары жылдамдықты (сору қуатын) іске қосу үшін
басыңыз. Екінші рет басылса, мотор өшеді
T4:
"BOOST" (Тездету) жылдамдығын таңдау пернесі
Мотор T1 / T2 / T3 жылдамдықтарының кез келгенінде
жұмыс істеп тұрған кезде T4 пернесін бассаңыз, "BOOST"
(Тездету) режимі іске қосылады. Жылдамдық пернесі
жанған күйде қалады, T4 пернесі жыпылықтай бастайды.
"BOOST" (Тездету) режимі белсенді болған кезде T4
пернесін бассаңыз, мотор өшеді.
"BOOST" (Тездету) режимі уақытпен шектеледі, ол 5
минут бойы жұмыс істеген соң автоматты түрде өшеді, ал
мотор оған дейін таңдалған T1 / T2 / T3
жылдамдықтарының біріне оралады.
T5:
"AMBIENT LIGHT" (Айналаны жарықтандыру)
шамының ON/OFF (Қосу/өшіру) пернесі (тек кейбір
үлгілерде болады)
Қоршаған ортаны қосымша жарықтандыру шамын
қосу/өшіру үшін басыңыз.
T6:
"COOKTOP" (Пісіру беті) шамының ON/OFF
(Қосу/өшіру) пернесі
Негізгі жарықтандыру шамын қосу/өшіру үшін басыңыз.
Мотордың "DELAY OFF" (Кешіктіріп өшіру) режимі:
Оны тағы басып, ұзағырақ ұстап тұрсаңыз, жұмыс істеп
тұрған T1 / T2 / T3 пернелерінің жылдамдық режимдері
моторды автоматты түрде өшіру режиміне орнатылады.
Мотор келесі уақыттарға сай өшеді:
T1 = 20 минуттан соң;
T2 = 15 минуттан соң;
T3 = 10 минуттан соң.
Ескертпелер: Бұл функция "BOOST" T4 жылдамдығына
бағдарламаланбайды. Кешіктіріп өшіру режимі белсенді
болған кезде кез келген жылдамдық пернесін бассаңыз,
бұл функция өшеді.
Сүзгілердің толғанын білдіретін ИНДИКАТОР:
Түтінсорғы пайдаланушыға тұрақты уақыт
аралықтарында сүзгілердің тазалануы/ауыстырылуы
керектігін ескертіп отырады.
T1 пернесі жанғанда және +T2 пернесі жыпылықтағанда,
май сүзгісін ауыстыру қажет
T1 пернесі жанғанда және +T3 пернесі жыпылықтағанда,
көмір сүзгіні ауыстыру қажет
Ескертпе: сүзгілердің толғаны туралы ескерту түтінсорғы
іске қосылған соң 10 секунд ішінде ғана көрінеді.
Сүзгілердің толғаны туралы дабылды ҚАЛПЫНА
КЕЛТІРУ:
Май сүзгісінің дабылын қалпына келтіру үшін T1+T2
пернелерін шамамен 3 секунд бойы бірге басып тұрыңыз.
Көмір сүзгінің дабылын қалпына келтіру үшін T1+T3
пернелерін шамамен 3 секунд бойы бірге басып тұрыңыз.
Сүзгілер санағышын ҚОСУ/ӨШІРУ.
T2+T3 пернелерін бір уақытта бірнеше секунд басып тұру
арқылы сүзгілердің толуын басқару мәзіріне кіре аласыз.
Бұл мәзірден:
T2 пернесі екі рет басылса, Май сүзгісінің индикаторы
қосылады/өшеді.
Ескертпе: Май сүзгісі әдепкі параметр бойынша ҚОСУЛЫ
болады.
T3 пернесі басылса, Көмір сүзгісінің индикаторы
қосылады/өшеді.
Ескертпе: Көмір сүзгісі әдепкі параметр бойынша
ӨШІРУЛІ болады.
T2+T3 пернелерін тағы басып, бірнеше секунд ұстап
тұрсаңыз, параметрлер сақталады және мәзірден
шығасыз.
118