Télécharger Imprimer la page

Bosch GSA 18V-28 Professional Notice Originale page 139

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 18
ағаш немесе металл жоңқаларының жоқтығына
көз жеткізіңіз.
Аралау дискісін таңдау
Тек 1/2 дюймдік әмбебап білікті енгізіңіз. Ара төсемі
белгіленген кесік үшін қажетті шамадан ұзын болмауы
тиіс.
Ара дискісін орнату (A суретін қараңыз)
Ара дискісін (1) ара дискісінің бекіткішіне (4) шерту
дыбысымен тірелгенше күш салып басыңыз. Бұл ретте
тоқтатқыш төлке (3) шамамен 90°-қа бұрылып, ара
дискісін бұғаттайды.
Егер ара дискісі (1) бұғатталмаса, тоқтатқыш төлкені (3)
ашық күйде бұғатталғанша және шерту дыбысы
естілгенше көрсеткі бағытымен шамамен 90°-қа бұраңыз.
Содан кейін ара дискісін бекіткішіне (4) тағы бір рет
кіргізіңіз.
Ара төсемін тарту арқылы оның берік бекітілгенін
u
тексеріп шығыңыз. Босап қалған ара төсемі құлап,
сізге жарақат тигізуі мүмкін.
Белгілі бір жұмыстарда ара төсемін (1), сондай-ақ 180°-
қа бұрап (тістерін жоғары қаратып), қайта орнатуға
болады.
Ара дискісін шығару (B суретін қараңыз)
Ара полотносын лақтыруда электр құралын ешбір
u
адам немесе хайуан лақтырылған ара полотносы
арқылы зақымдалмайтын ретте ұстаңыз.
Тоқтатқыш төлкені (3) шамамен 90°-қа көрсеткі
бағытымен бұраңыз. Ара дискісі (1) шығарылады.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандармен
өңделуі керек.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Bosch Power Tools
Пайдалану
Пайдалану түрлері
Тербелісті қосу/өшіру
Тербеліс кесу жылдамдығын, кесу өнімділігін және кесу
суретін өңделетін материалға бейімдеуге мүмкіндік
береді.
Тербеліс реттеуін электр құралын қоспас бұрын
мүмкіндігінше өзгертіңіз.
Жұмсақ және орташа қатты материалдар
(мысалы, жеңіл құрылыс материалдары,
оқшаулағыш материал, жұмсақ сүрек, ағаш
сүрегі және түрлі-түсті металдар, қатты
сүрек, пластик) бойынша жұмыс істеу үшін
тербелісті қосыңыз.
Ол үшін тербелісті реттегіш иінтіректі (9) төмен бұраңыз.
Таза кесік жиектері үшін және жіңішке
немесе қатты материалдар (мысалы, табақ
металл, болат) бойынша жұмыс істеу үшін
тербелісті өшіріңіз.
Ол үшін тербелісті реттегіш иінтіректі (9)
жоғары бұраңыз.
Пайдалануға ендіру
Қосу/өшіру (C суретін қараңыз)
Электр құралын қосу үшін алдымен іске қосылудан
қорғайтын құлыпты (7) солға қарай басыңыз. Содан кейін
ажыратқышты (8) басып тұрыңыз.
Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (8) жіберіңіз.
Содан кейін іске қосылудан қорғайтын құлыпты (7)
қайтадан оңға қарай басыңыз.
Жүріс санын басқару
Қосқышты/өшіргішті (8) басу күшін өзгерте отырып,
қосылған құралдың жүріс санын біртіндеп реттеуге
болады.
Қосқышты/өшіргішті (8) жай басқанда төменірек жүріс
санымен жұмыс істейді. Басу күші асқанда жүріс саны
асады.
Талап етілетін жүріс санын материал мен жұмыс жасау
жағдайына байланысты болып они тәжірибе арқылы
анықтауға болады.
Ара дискісін дайындамаға орнатуда және пластмасса мен
алюминийді өңдеуде аралау жылдамдығын төмендету
ұсынылады.
Аз жүрістер санында ұзақ уақыт электр құралды
пайдалану оның қатты қызуын тудыруы мүмкін. Ара
полотносын алып электр құралын салқындату үшін шам.
3 минут максималдық жүріс санында істетіңіз.
Пайдалану нұсқаулары
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қазақ | 139
1 609 92A 8A4 | (20.09.2022)

Publicité

loading