2 Сағат қақпағын жабыңыз.
Құлаққапты зарядтау: құлаққапты сағатқа салып, сағат қақпағын жабыңыз. Сағат құлаққапты автоматты түрде зарядтайды. Құлаққаптың
зарядтау күйі мен батарея деңгейін сағат экранынан көруге болады.
•
Құлаққапты бөлімдерге салған кезде абай болыңыз. Оларды шектен тыс күшпен салу зарядтау терминалын зақымдауы мүмкін.
•
Сағатыңызда батарея заряды төмен болса, ол құлаққапты зарядтай алмайды. Құлаққапты зарядтау үшін сағатыңыздың
батареясы жеткілікті екеніне көз жеткізіңіз.
•
Құлаққап сағаттағы зарядтау терминалдары арқылы зарядталады. Құлаққапты сағат қақпағынан жиі бекіту және ажырату
құлаққап пен бөлімдерде шамалы сызаттар пайда болуы мүмкін. Бұл — қалыпты жағдай және құлаққаптың өнімділігіне әсер
етпейді.
Зарядталып жатыр
Зарядтағышты құрылғының артындағы зарядтау аймағымен туралап, кабельді қуат көзіне қосып, экранда батарея заряды деңгейінің пайда
болуын күтіңіз.
Құрылғы мен қосалқы құралдары таза және құрғақ екеніне көз жеткізіңіз.
Сақтық шаралары
•
Жуу кезінде құрылғыға судың түсуіне жол бермеңіз.
•
Құлаққап бөлімдері су өткізбейді. Құлаққап бөлімдері суланса, оларды матамен немесе қағазбен дереу кептіріңіз.
•
Құрылғыны сулы жерлерде (мысалы душта, жүзу немесе сүңгу кезінде) пайдалануға болмайды.
Анықтама алу
Байланыс және функциялар туралы қосымша ақпарат әрі пайдалану туралы кеңестер алу үшін Huawei Health қолданбасында онлайн
анықтаманы қараңыз.
Авторлық құқық © Huawei Device Co., Ltd. 2023. Барлық құқықтары қорғалған.
БҰЛ ҚҰЖАТ ТЕК АҚПАРАТТЫҚ МАҚСАТТАРҒА АРНАЛҒАН ЖӘНЕ ҚАНДАЙ ДА БІР КЕПІЛДІК ТҮРІНЕ ЖАТПАЙДЫ.
Сауда белгілері және рұқсаттар
Bluetooth
®
сөз белгісі мен логотиптері — Bluetooth SIG, Inc. меншігіндегі тіркелген сауда белгілері және осы белгілер Huawei Technologies Co.,
Ltd. компаниясының лицензиясы бойынша пайдаланылады. Huawei Device Co., Ltd. — Huawei Technologies Co., Ltd. филиалы.
Басқа сауда белгілері, өнім, қызмет және компания атаулары тиісті иелерінің меншігі болып табылады.
Құпиялық саясаты
Жеке ақпаратыңызды қалай қорғайтынымызды жақсырақ түсіну үшін https://consumer.huawei.com/privacy-policy бөліміндегі құпиялық саясатын
көріңіз.
Пайдалану және қауіпсіздік
•
Мақұлданбаған немесе үйлесімді емес қуат адаптерін, зарядтағышты немесе батареяны пайдалану өртке, жарылысқа немесе басқа
қауіптерге себеп болуы мүмкін.
•
Есту қабілетінің ықтимал зақымдалуын болдырмау үшін жоғары дыбыс деңгейінде ұзақ уақыт бойы тыңдамаңыз.
•
Қолайлы температуралар: пайдалану үшін 0-35°C, сақтау үшін -20-+35°C.
•
Құрылғыны және батареяны қатты ыстық көзінен және тікелей күн сәулесінен алыс сақтаңыз. Оларды микротолқынды пештер, пештер
немесе радиаторлар сияқты жылыту құрылғыларының үстіне немесе ішіне қоймаңыз. Оны бөлшектеуге, өзгертуге, лақтыруға немесе қысуға
болмайды. Оған бөгде заттарды салуға, оны сұйықтықтарға батыруға не оған сыртқы күш немесе қысым салуға болмайды, себебі бұл оның
ағуына, қызып кетуіне, тұтануына немесе тіпті жарылуына себеп болуы мүмкін.
•
Құрылғыда бекітілген, алынбайтын батарея болса, батареяны алуға әрекет етпеңіз, әйтпесе, құрылғы зақымдалуы мүмкін.
•
Құрылғыны зарядтаған кезде қуат адаптері құрылғылардың жанындағы розеткаға қосылғанына және қол оңай жететініне көз жеткізіңіз.
•
Құрылғы жұмысы медициналық құрылғы жұмысына кедергі келтіретінін анықтау үшін дәрігерге және құрылғы өндірушісіне хабарласыңыз.
•
Бұл өнім медициналық құрылғы болуға арналмаған және аурурды анықтауға, емдеуге, жеңілдетуге немесе алдын алуға арналмаған.
Барлық деректер мен өлшемдерді тек жеке анықтама ретінде пайдалану керек.
•
Құрылғыны таққан кезде тері ыңғайсыздығы сезілсе, оны шешіп, дәрігерге хабарласыңыз.
•
Сымсыз зарядтау базасының бетіне металл нысандарды қоймаңыз, болмаса олар жабдықтың қызып кетуіне және ақаулығына себеп болуы
мүмкін. Сымсыз зарядтау базасын температурасы 0-35°C ауқымындағы орталарда ғана пайдаланыңыз. Сезгіш медициналық құрылғымен
ықтимал кедергіні болдырмаңыз.
•
Орта температурасы тым жоғары болса, сымсыз зарядтағыш жұмысы тоқтауы мүмкін. Осы орын алса, сымсыз зарядтауды тоқтату
ұсынылады.
30