кейін ішінен тазалаңыз. Ең соңында тістің үстін тазалаңыз.
Щетканы тым қатты баспаңыз және ыспаңыз. Тек қана
щеткаға сіз үшін жұмыс істеуге мүмкіндік беріңіз.
Қысым көрсеткіші
Тазалауда жақсы нәтижелерге жету үшін сіздің щеткаңызда
қысым көрсеткіші бар. Егер сіз қатты басатын болсаңыз,
айналу қозғалыстары бола береді де соғу дыбысы тоқтайды.
Сіз оны сезіп естисіз.
Кәсіби таймер
Сіз сезіп еститін қысқа толастамайтын дыбыс әрбір 30 секунд
сайын сіздің ауызыңыздың әрбір бөлігін біркелкі тазалау қажет
екендігін еске салады. Ал ұзағырақ үзілістi дыбыс тазалаудың
басталғанынан кейін 2 минут (бұл тіс дәрігерлері құптаған ең
жақсы уақыт) өткенін хабарлайды. Тазалау кезіндегі уақыттың
аяқталғанын уақыт көрсеткіші белгілейді, тіпті қысқа уақытқа
(30 секунд) сөндірген кезде де. 30 сек. аса тазалау кезіндегі
үзілісте уақыт өлшемі қайтадан нольге келеді.
Алғашқы қолданған күндері сіздің тісіңіздің еттері қанауы
мүмкін. Бірақ бірнеше күн қолданғаннан кейін бұл жоғалып
кетеді. Сонда да осындай жағдай екі апта бойы кетпесе, онда
тіс дәрігерімен кеңесіңіз.
Жеке қондырғылыры мен бөлшектері
Braun Oral-B Precision Clean қондырғысы-аса мұқият
тазалау
Oral-B Precision Clean қондырғысы аса мұқият
тазалау үшін, ол сіздің тісіңізді, тіс етін қатарымен
және аса қиын жерлерді қайта айналдыру
қозғалысының көмегімен тазалайды.
Braun Oral-B Sensitive қондырғысы-сезімтал тазалау
Braun Oral-B Sensitive қондырғысы аса сезімтал тіс
пен тіс еттерін тазалауда керемет нәтижелер
береді. Бұл қондырғыны дайындау үшін сіздің
тісіңіз бен тіс еттерін сақтықпен тазалайтын тым
жұмсақ қылтандары пайдаланылады.
Braun Oral-B 3D WHITE қондырғысы – ағарту
Braun Oral-B 3D WHITE қондырғысы арнайы
тістерді жылтырату және кофе, шәй және
табактың дақтарын кетiру арқылы табиғи ағарту
үшін арналған. Егер сіздің тісіңізде брекет болса,
онда Braun Oral-B 3D WHITE қондырғысын
қолдануға кеңес етілмейді. Бұл қондырғыны сонымен қатар
12 жасқа толмаған балаларға да қолдануға болмайды.
Барлық саптамаларда көгілдір INDICATOR қылтандары бар,
ол сізге саптаманы қай уақытта ауыстыру керек екендігін білу
үшін көмектеседі. Күнделікті тісті 2 рет 2 минуттан ұқыпты
тазалағанда көгілдір қылтандар шамамен 3 ай ішінде
жартылай түссіздене бастайды, бұл Сізге саптаманы ауыстыру
қажет екендігін хабарлайды (1 сурет, 2 бет).
Тазалау бойынша кеңестер
Пайдаланып болғаннан кейін қондырғыны бірнеше секунд бойы
сабын қоса отырып аққан судың астында жуу керек. Сапты
өшіріп саптан қондырғы не басқа бөлшекті алыңыз. Барлық
бөліктерін жеке аққан судың астында жуыңыз да щетканы
қайта жинап алудан бұрын құрғатып сүртіңіз. Зарядтау
құралын тазалаудан бұрын щеткадан ажыратыңыз.
Қондырғыны бекітушіні ыдыс жуатын машинамен жууға
болады. Зарядтау құралын ыдыс жуатын машинаға немесе
суға салуға мүлдем болмайды. Зарядтау құралын үнемі құрғақ
шүберекпен сүртіп отыру керек.
Бұл затқа алдын-ала хабарламай-ақ өзгерістер енгізілуі
мүмкін.
Кепілдік
Бұл құрал кепілдігі сатып алған сәттен бастап екі жыл бойы
жарамды болады.
Осы кепілдік уақыты кезінде біз жөндеу жұмыстарын, қосалқы
заттарды немесе кез келген бөлшектерді ауыстыруды,
жеткіліксіз материал болуының немесе құрастырудың
салдарынан болған зауыт ақаулықтарын жөндеудi ақысыз
жүргіземіз.
Осы кепілдік кезеңінде зат жөндеуге келмейтін болса онда
тұтынушылар құқығын қорғау Заңына сәйкес ол құрал басқа
осындай немесе осыған сәйкес затқа алмастырылады.
Кепілдік тек Braun пайдалану нұсқаулығының соңғы бетінде
сатылған күні дүкеннің мөрімен және сатушының қолымен
бекітілген болса ғана күшіне енеді, бұл кепілдік талоны да
болып табылады.
Бұл кепілдік міндеттемелері Braun компаниясының өзі немесе
дистрибьютор- компаниясы тарататын барлық елдерде
жарамды болып табылады және ол жерлерде импорттық
шектеу немесе басқа да құқықтық ережелер кепілдік қызмет
көрсетуге кедергі келтірмеу керек.
Кепілдік қызмет көрсету кепілдік мерзімінің аяқталуына әсер
етпейді. Ауыстырылған қосалқы бөлшектерге кепілдік мерзімі
осы затқа берілген кепілдік аяқталған сәтте бітеді.
Бұл кепілдік құралды дұрыс пайдаланбау салдарынан болған
жағдайда (төменде), табиғи жарамсыздануда, әсіресе щетка
сабының қондырғылыры, сонымен бірге осы құралдың жұмыс
жасауына бөгет болмайтын жағдайларда жарамайды. Бұл
кепілдік осы құралды басқа авторлық емес қызмет көрсету
орталықтарында жөндеткенде және Braun өзінің қосалқы
заттарын пайдаланбаған жағдайда жарамды болмайды.
Кепілдік қызмет көрсету үшін бұл құралды Oral-B Braun
авторлық қызмет көрсету орталығына сатып алған чекпен
бірге жеткізу керек.
Барлық басқа талаптар, оның ішінде тигізген зақымды өтеу де
бар, егер біздің жауапкершілігіміз заңды түрде көрсетілмесе
қанағаттандырылмайды.
Сатушымен коммерциялық келісімге байланысты арыздар да
бұл кепілдікке кірмейді.
16