Bosch EXACT 2 Notice Originale page 176

Masquer les pouces Voir aussi pour EXACT 2:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 23
176 | Қазақ
Кернеу адаптерін шығару үшін екі бұранданы (17)
өшірулі кернеу тұрақтандырғышының штепсельдік
ашасынан (16) босатып, штепсельдік ашаны жалғағыш
төлкеден (15) тартып шығарыңыз.
Содан кейін екі жақтағы босату түймелерін (4) басып,
адаптер корпусын (18) электр құралының тұтқасынан
тартып шығарыңыз.
Жылдам алмастыру патронымен оймалы
бастиек жағдайында құралды алмастыру
(E суретін қараңыз)
Алмалы-салмалы аспапты орнатқанда оның аспап
u
патронында нық тұрғанына көз жеткізіңіз. Алмалы-
салмалы аспап аспап патронына мықтап жалғанбаған
кезде, ол босап кетіп, оны басқару мүмкін болмайды.
Алмалы-салмалы аспапты орнату
Жылдам алмастыру патронын (19) алға қарай тартыңыз.
Алмалы-салмалы аспапты (9) құрал бекіткішіне (8)
салып, жылдам алмастыру патронын қайтадан жіберіңіз.
Алмалы-салмалы аспаптарды тек жарамды жалғағыш
ұштықтармен (1/4 дюймдік алты қырлы) пайдаланыңыз.
Осы жылдам алмастыру патронына бұрғыны салуға
тырыспаңыз. Ажырату тіркесімі бар өнеркәсіптік
акккумуляторлық бұрауыш бұрғылауға арналмаған.
Тіркесім автоматты түрде ескертусіз өшуі мүмкін.
Тіркесімді өшіргеннен кейін бұрғылауды
жалғастырсаңыз, ажырату тіркесімі қайта істегенше
электр құралы қолыңыздан шығып кетуі мүмкін.
Алмалы-салмалы аспапты шығару
Жылдам алмастыру патронын (19) алға қарай тартыңыз.
Алмалы-салмалы аспапты (9) құрал бекіткішінен (8)
шығарып, жылдам алмастыру патронын жіберіңіз.
Пайдалану
Жеке қорғайтын жабдықтарды
пайдаланыңыз. Әрдайым көз
қорғанысын тағыңыз. Шаң маскасы,
сырғанбайтын қауіпсіздік аяқ киімдері,
шлем немесе есту қорғаныштары сияқты
қорғағыш жабдықтары тиісті жағдайларда қолданып жеке
жарақаттануларды кемейтеді.
Пайдалануға ендіру
Электр құралын іске қосу қажет болса, алдымен айналу
бағытын ауыстырып-қосқышпен (3) айналу бағытын
реттеңіз:
Электр құралы айналу бағытын ауыстырып-қосқыш (3)
ортада тұрмаған жағдайда ғана іске қосылады (іске
қосылудан қорғайтын құлып).
Айналу бағытын реттеу (F суретін қараңыз)
Айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (3) электр
u
құралы тоқтап тұрғанда ғана пайдаланыңыз.
Оң жаққа айналу бағыты: бұрандаларды бұрап кіргізу
үшін айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (3) солға
тірелгенше басыңыз.
1 609 92A 4V3 | (14.02.2019)
Сол жаққа айналу бағыты: бұрандаларды босату
немесе бұрап шығару үшін айналу бағытын ауыстырып-
қосқышты (3) оңға тірелгенше басыңыз.
Жарық диодты жұмыс шамын іске қосу (G суретін
қараңыз)
Жұмыс шамы (20) қолайсыз жарықтықтандыру
жағдайында бұранда кіргізу жерін жарықтандыруға
көмектеседі. Жұмыс шамын (20) ажыратқышты (6)
ақырындап басу арқылы іске қосуға болады.
Ажыратқышты қаттырақ бассаңыз, электр құралы
қосылып, жұмыс шамы жарық береді.
Жұмыс шамына тікелей қарамаңыз, ол көзді
u
зақымдауы мүмкін.
Қосу/өшіру
Бұрауыштарда айналу моментіне тәуелді
ажырату тіркесімі бар, ол белгіленген
диапазонда реттеледі. Ол орнатылған
айналу моментіне жеткеннен кейін іске
қосылады.
Нұсқау: егер бұрауышты кернеу адаптерімен бірге
пайдалансаңыз, алдымен кернеу тұрақтандырғышын іске
қосу қажет.
Электр құралын қосу үшін ажыратқышты (6) тірелгенше
басыңыз.
Электр құралы орнатылған айналу моментіне жеткенде
автоматты түрде өшеді.
Ажыратқыш (6) мерзімінен бұрын босатылса,
u
алдын ала орнатылған айналу моментіне жетпейді.
Жұмыс бойынша нұсқаулар
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Электр құралын сомын/бұрандаға тек өшірілген
u
күйде салыңыз. Айналып жатқан жұмыс құралдары
сырғып кетуі мүмкін.
Айналу моментін реттеу (H – I суреттерін қараңыз)
Айналу моменті ажырату тіркесімі серіппелерінің алдын
ала керілісіне байланысты болады. Ажырату тіркесімі оң
және сол жаққа айналу күйіне орнатылған айналу
моментіне жеткеннен кейін ажыратылады.
Жеке айналу моментін орнату үшін тек бірге жеткізілген
реттегіш құралды (21) пайдаланыңыз.
– Электр құралындағы ысырманы (10) артқа қарай
толық жылжытыңыз.
– Реттегіш құралды (21) құрал бекіткішіне (8) салып,
баяу бұраңыз.
– Корпус саңылауында кіші дөңес жер (реттегіш шайба
(22)) тіркесімде көрінгенде, реттегіш құралды (21)
осы дөңес жерге қойып бұраңыз.
Bosch Power Tools

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières