Télécharger Imprimer la page

Makita DC18SD Mode D'emploi page 32

Masquer les pouces Voir aussi pour DC18SD:

Publicité

ҚАЗАҚША
АБАЙЛАҢЫЗ: 8 жасқа толған балалар, физикалық, сезу немесе
психикалық қабілеттері шектеулі тұлғалар немесе тəжірибесі
мен
білімі
нұсқауларын
түсінгенде немесе оларды біреу қадағалағанда ғана осы
құрылғыны пайдалана алады. Балалар құрылғымен ойнамауы
тиіс. Тазалау жəне пайдаланушы орындауға тиісті техникалық
күтім жұмыстарын балалар қадағалаусыз орындамауы тиіс.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
1.
ОСЫ НҰСҚАУЛАРДЫ САҚТАП ҚОЙЫҢЫЗ – Осы нұсқаулықта аккумуляторларға арналған зарядтау құрылғысының маңызды
қауіпсіздік жəне жұмыс істеу нұсқаулары бар.
2.
Аккумуляторларға арналған зарядтау құрылғысын пайдаланбай тұрып, (1) аккумуляторларға арналған зарядтау
құрылғысындағы, (2) батареядағы жəне (3) батареяны пайдаланатын өнімдегі барлық нұсқауларды жəне сақтық белгілерін
оқып шығыңыз.
3.
САҚ БОЛЫҢЫЗ – Жарақат алу қаупін азайту үшін, Makita компаниясының қайта зарядталатын батареяларын ғана
зарядтаңыз. Батареялардың басқа түрлері жарылып, адамға жарақат беруі немесе зақым келтіруі мүмкін.
4.
Зарядталмайтын батареяларды аккумуляторларға арналған осы зарядтау құрылғысымен зарядтау мүмкін емес.
5.
Зарядтағыштың номиналдар жапсырмасында көрсетілген кернеулі қуат көзін пайдаланыңыз.
6.
Батареялық картриджді жанғыш сұйықтықтар немесе газдар бар жерде зарядтауға болмайды.
7.
Зарядтағышты жаңбырда немесе қарда ұстауға болмайды.
8.
Зарядтағышты сымынан ұстап тасуға немесе розеткадан сымнан тартып ажыратуға болмайды.
9.
Зарядтап болғанда немесе кез келген техникалық күтім немесе тазалық жұмысын орындау алдында, зарядтағышты қуат
көзінен ажырату керек. Зарядтағышты розеткадан сымынан емес, штепсельден тартып ажырату керек.
10. Сымды үстіне адам баспайтын, оған шалынбайтын немесе ол басқаша жолмен зақымдалмайтын не оған басқаша күш
түспейтін етіп орналастыру керек.
11. Сымы немесе штепселі зақымдалған зарядтағышты пайдалануға болмайды. Сым немесе штепсель зақымдалған болса,
қауіп төнбеуі үшін Makita мақұлдаған сервистік орталыққа хабарласып, оны ауыстырып беруін сұраңыз.
12. Кенет соққы алған, құлаған немесе басқа кез келген жолмен зақымдалған зарядтағышты пайдалануға немесе бөлшектеуге
болмайды; оны білікті маманға апарып жөндетіңіз. Қате пайдалану немесе қайта құрастыру нəтижесінде электр тогы соғуы
немесе өрт шығуы мүмкін.
13. Батареялық картриджді 10°C-тан ТӨМЕН немесе 40°C-тан ЖОҒАРЫ бөлме температурасында зарядтауға болмайды.
Батареяның температурасы 0°C шамасынан төмен болса, зарядтау процесі басталмауы мүмкін.
14. Кернеуді арттыратын трансформаторды, генераторды немесе тұрақты токтың розеткасын пайдаланушы болмаңыз.
15. Зарядтағыш саңылауларын ештеңе жаппауы немесе бітемеуі тиіс.
Зарядталып жатыр
1.
Аккумуляторларға арналған зарядтау құрылғысын тиісті айнымалы кернеу көзіне жалғаңыз. Зарядтау шамы қайта-қайта
жасыл болып жыпылықтайды.
2.
Батареялық картриджді зарядтағыш ішіне зарядтағыштың бағыттауышына реттеліп тоқтағанша енгізе беріңіз. Зарядтау
құрылғысы клеммасының қақпағын батареялық картриджді салып ашуға болады, ал жабу үшін батареялық картриджді
тартып шығару керек.
3.
Батареялық картридж салынғанда, зарядтау шамының түсі жасылдан қызылға ауысып, зарядтау процесі басталады.
Зарядтау барысында зарядтау шамы жанып тұра береді. Бір қызыл түсті зарядтау шамы заряд деңгейі 0 – 80% аралығында
екенін, ал қызыл жəне жасыл түстісі 80 – 100% аралығында екенін білдіреді.
4.
Зарядтап болғанда, зарядтау шамдары қызыл жəне жасыл түстіден тек жасылға ауысады.
5.
Зарядтау уақыты батареялық картридждің зарядталу температурасына (10°C – 40°C аралығы) жəне жаңа немесе ұзақ уақыт
бойы пайдаланылмаған сияқты батареялық картридждің жағдайына қарай əр түрлі болады.
6.
Зарядтағаннан кейін, батареялық картриджді зарядтау құрылғысынан шығарып, зарядтау құрылғысын розеткадан
ажыратыңыз.
ЕСКЕРТПЕ:
• Аккумуляторларға арналған зарядтау құрылғысы Makita компаниясының батареялық картриджін зарядтауға арналған. Оны
ешбір жағдайда басқа мақсатта пайдалануға немесе онымен басқа өндірушінің батареяларын зарядтауға болмайды.
• Жаңа немесе ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған батареялық картридждің зарядын бірнеше рет толық тауысып, қайта
зарядтамаса, ол толық зарядталмауы мүмкін. (тек Ni-MH батарея)
• Зарядтау шамы қызыл болып жыпылықтаса, батареяның жағдайы төмендегідей болып, зарядтау процесі басталмауы мүмкін.
– Жаңа ғана істетілген құралдан алынған батареялық картридж немесе ұзақ уақыт бойы күн сəулесі тура түсіп тұрған жерде
жатқан батареялық картридж.
– Ұзақ уақыт бойы суық ауада тұрған батареялық картридж.
Зарядтау процесі батареялық картридждің температурасы зарядтау мүмкін болатын градусқа жеткенде басталады.
• Зарядтау шамы бірде жасыл, бірде қызыл болып жыпылықтаса, зарядтау мүмкін емес. Зарядтау құрылғысының немесе
батареялық картридждің клеммаларын шаң басқан немесе батареялық картридж тозған не зақымданған.
• DC18SD аккумуляторларға арналған зарядтау құрылғысын АУЫСПАЛЫ АДАПТЕРМЕН (ADP01, 04) жəне ЖАҢАРТУ
АДАПТЕРІМЕН (ADP02, 03) пайдалануға болмайды.
32
жоқ
тұлғалар
алғанда
жəне
құрылғыны
соған
қатысты
қауіпсіз
пайдалану
қауіп-қатерді

Publicité

loading