OBJ_BUCH-1843-004.book Page 95 Tuesday, April 12, 2016 12:18 PM
Henk Becker
Helmut Heinzelmann
Executive Vice President
Head of Product Certification
Engineering
PT/ETM9
Robert Bosch Power Tools GmbH
70538 Stuttgart, GERMANY
Stuttgart, 01.01.2017
Жинау
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар
және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу
қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге
канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал
тек қана мамандармен өңделуі керек.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналуын болдырмаңыз.
Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Қосымша тұтқаны орнату (А суретін қараңыз)
Электр құралыңызды тек қосымша тұтқа 4 менен
пайдаланыңыз.
Қосымша тұтқаны 4 редукторлық бастың оң жағында
немесе сол жағында бұрап бекітіңіз.
Қосымша тұтқаны реттеу (В суретін қараңыз)
Қосымша тұтқаны 4 мысалы қол жетпейтін жайлардағы
жұмыстарды орындау үшін реттеуге болады.
– Бекіту бұрандасын 2 босатыңыз.
– Қосымша тұтқаны 4 жұмыс шарттары мен жұмыс күйіне
байланысты ретте қисайтыңыз.
– Бекіту бұрандасын 2 қайта бұрап қойыңыз.
Тегістеу таспасын орнату/алмастыру
(C суретін қараңыз)
– Қысу консолін 7 бағыттаушы дөңгелек 10 бағытында
басыңыз. Қажет болса тегістеу таспасын 9 шешіңіз.
– Жаңа тегістеу таспасын 9 қысу консолін 7 басып
орнатыңыз. Тегістеу таспасының ішкі жағындағы
көрсеткі бағыттарының электр құралының
корпусындағы көрсеткі бағыттарына сай болуына көз
жеткізіңіз.
Bosch Power Tools
– Қысу консолін 7 бастапқы күйіне қайтарыңыз. Тегістеу
таспасының 9 бағыттаущы дөңгелектерде 8 және 10
дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.
Тегістеу таспасын таңдау
Өңделетін материал және қажетті беттің алынуына
байланысты түрлі тегістеу таспалары ұсынылады:
Құрғақ тегістеу мен алдын ала
тегістеу үшін
Құрылымдау және аздаған кедір –
бүдірді тегістеу үшін
Нәзік құрылымдау үшін
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдары 220 В жұмыс істеуі
мүмкін.
Қосу/өшіру
Электр құралды қосу үшін қосқышты/өшіргішті 6 басып
тұрыңыз.
Басылған сөндіргішті 6 бекіту үшін сөндіргішті 6 одан әрі
алға жылжытыңыз.
Электр құралды өшіру үшін сөндіргішті 6 жіберіңіз
немесе бекітілсе, сөндіргішті 6 қысқа уақыт бойы басыңыз
және жіберіңіз.
Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек
пайдаланарда қосыңыз.
Таспа жылдамдығын алдын ала таңдау
Материал зақымдануының алдын алу үшін
пайдалану түріне сәйкес таспа жылдамдығын
таңдаңыз.
Таспа жылдамдығын таңдайтын реттеуші 5 арқылы қажетті
таспа жылдамдығын жұмыс істеу кезінде де реттеуге
болады.
Талап етілетін таспа жылдамдығын материалмен жұмыс
жасау жағдайына байланысты тәжірибе арқылы анықтауға
болады.
Флизелинді таспаны пайдалануда максималды 4-
айналымдар саны басқышын орнатыңыз. Әйтпесе
флизелинді таспа өте ыстық болады.
Пайдалану нұсқаулары
Құбырлар өңделуі 8 мен 10 бағыттаушы дөңгелектер
арасында орындалады (D суретін қараңыз).
Құбыр диаметрі қанша кіші болса, қоршау бұрышы сонша
үлкен болады (≤270°).
Тегістеуде ажырату қуаты мен бет сапасы таңдалған
тегістеу таспасына және алдын ала таңдалған
жылдамдығына байланысты.
Қaзақша | 95
Түйіршіктілік
дөрекі
40, 60
орташа
80, 120
майда
180
Флизелинді таспалар
1 609 92A 2NZ | (12.4.16)