Пайдалану Жөніндегі Нұсқаулық - baliv KBS-22.350 Instructions De Montage

Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 16
KAZ
Іске кіріспес бұрын...
Қолдану мақсаты
Бұйым ғылым мен техниканың шынайы жетістік-
теріне негізделіп əзірленген жəне мақсатты
қолданыс шеңберіндегі іске қосу мезетіне
қойылатын қауіпсіздік талаптарына сəйкес келеді.
Араластырғыш тек санитариялық-техникалық
мақсаттарда қолдануға арналған.
Бұйым өнеркəсіптік пайдалануға арналмаған.
Аспапты кез келген басқа мақсатта (мақсатсыз)
қолдану ұйғарымдарға қарсы келеді. Мақсатсыз
қолдану, конструкцияға өз бетімен өзгерістер
енгізу немесе бұйым өндірушісі қолдануға рұқсат
етпеген, тексерілмеген жəне жарамсыз бөліктерді
қолдану болжамсыз зиянға əкелуі мүмкін!
Аспапты кез келген мақсатсыз пайдалануға, яғни
пайдалану жөніндегі нұсқаулықта сипатталмаған
мақсаттарға қолдануға жол берілмейді жəне бұл
өндірушіні заңнамамен белгіленген кепілдік жау-
апкершілігінен босатады.
Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін
Қауіпсіздік техникасы бойынша жалпы
нұсқаулар
• Қауіпсіз пайдалану үшін бұйымды алғаш рет
қолданар алдында пайдалану жөніндегі
нұсқаулықпен танысып шығып, оның
мазмұнын анықтап алу керек.
• Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулардың
барлығын сақтаңыз!
• Пайдалану жөніндегі нұсқаулықтар мен
қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулардың
барлығын келешекте пайдалану үшін сақтап
қойыңыз.
• Машинаны сату немесе басқа біреуге беру
кезінде, міндетті түрде осы пайдалану
жөніндегі нұсқаулықты да табыстаңыз.
• Бұйымды тек ол əбден жарамды болған
жағдайда ғана пайдаланыңыз. Бұйымға
немесе оның белгілі бір бөлігіне зақым тисе,
пайдаланылуын тоқтатып, тиісті түрде кəдеге
жарату керек.
• Бұйымды тек тағайындалу мақсатына сай
пайдаланыңыз.
• Араластырғыш жеке меншік үйлерде
пайдалануға арналған! Араластырғышты тем-
пературасы 0°C деңгейінен жоғары
бөлмелерде ғана пайдалануға болады,
мұздау қаупі бар болса, суды жауып,
араластырғыштағы суды төгіңіз.
• Ыстық су температурасын реттеу кезінде
мұқият болыңыз: Жидіп қалу қаупі бар!
• Араластырғыш ұзақ уақыт пайдаланылмаған
болса, суды тағамға қосудан бұрын, суды жет-
кілікті көлемде төгу қажет.
• Бұйымыңызда орналасқан белгілерді алып
тастауға немесе жауып қоюға тыйым салы-
нады. Бұйымдағы оқылмайтын белгілер дереу
алмастырылуы тиіс.
Пайдалануды бастамас бұрын
нұсқаулықпен танысып, онда келтірілген
нұсқауларды сақтаңыз
42
Пайдалану жөніндегі нұсқаулық
Үстіңгі себезгі жинағы
Тазалағыш құралдағы ұсыныстарды
оқып, оларды сақтаңыз
Душқа арналған араластырғыш
Ыстық суды қосу
Суық суды қосу
Монтаждау
Нұсқау: Араластырғыштар сыртқы
көрінісі мен жинақтылығы бойынша
суреттегі көріністерден өзгеше болуы
мүмкін. Орамындағы артикул нөміріне
назар аударып жүріңіз!
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Судан зақымдалу
қаупі бар! Монтаждау жұмысын білікті
қызметкер немесе одан нұсқау алған,
техникалық тəжірибесі бар ақырғы пай-
даланушы орындауы тиіс!
Осы нұсқау орындалмаған жағдайда
кепілдік өз күшінен айырылады.
Араластырғышты монтаждау немесе
бөлшектеуден бұрын, ауа жеткізу
саңылауларын жабыңыз.
Жаңа араластырғышты орнату кезінде,
төсемдердің дұрыс орналасуын
тексеріңіз. Орнатқаннан кейін барлық
кірістердің саңылаусыздығын жəне
араластырғыштың дұрыс жұмыс істей-
тінін тексеріңіз.
Құбырлар мен фитингілерді жарамды
нормативтер мен ережелерге сəйкес
монтаждау, тексеру жəне шаю қажет.
– Монтаждау аяқталғаннан кейін, ластанған зат-
тарды (жоңқа жəне қалдықтар) алып тастау
үшін құбырлар мен араластырғышты (суық/
ыстық су) мұқият жуып шығыңыз.
– Жүйеде саңылаулар болса, су ағып, үй
шаруашылығы үшін теріс салдарға себепші
болуы мүмкін. Барлық қосылымдардың
саңылаусыздығын мұқият тексеріп шығыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Өнімді
зақымдау қаупі! Жалғағыш шлангілерді
тек қана қолмен тартыңыз. Артық күшпен
тарту бұранданың жойылуына апарып
соғуы мүмкін.
Тазалау
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Өнімді
зақымдау қаупі! Араластырғыш бетін
тазалау үшін металл ысқыштарды
пайдаланбаңыз. Агрессивті тазартқыш
құралдар мен еріткіштерді
пайдаланбаңыз.
Араластырғышқа ерекше күтім қажет. Төмендегі
ұсыныстарды ұстаныңыз:

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières