Көру нұсқаулығы
• 3D бейнесін күндізгі жарық шамның (50 Гц – 60 Гц) немесе 3-ұзын
толқынды шамның астында қарағанда, экран жыпылықтауының
кішкентай бөлігін байқауыңыз мүмкін.
※ Егер осы пайда болса, жарықты қараңғылаңыз немесе өшіріңіз.
• 3D бейнесін қарау барысында кіріс режимін қосу теледидардағы 3D
функциясын ажыратуы мүмкін. Нәтижесінде, 3D көзілдірігі жұмыс
істемеуі және бейне дұрыс көрсетілмеуі мүмкін.
• Егер 3D көзілдірігі жұмыс қашықтығынан тыс шығып кетсе,
теледидардан келетін сигнал ажырайды да, көзілдіріктің 3D функциясы
бірнеше секундтан кейін сөнеді.
• 3D функциясы сөнгеннен кейін 3D көзілдірігі сөнеді. Бұндай жағдай
орын алса, қызыл LED шамы 3 секундқа қосылады.
※ Кейбір жағдайларда, 3D көзілдірігі басқа құрылғылардың кедергілерінің
салдарынан ақаулануы мүмкін.
• 3D бейнесін көрген кезде көзілдіріктің жұмыс аумағында екеніңізге көз
жеткізіңіз.
※ Егер жұмыс ауқымынан 3 секундқа тыс болсаңыз, суреттер 3D режимінде
көрінбеуі мүмкін.
• 3D белсенді көзілдірігімен ТД-ды бір жағыңызға жатып қарасаңыз,
сурет күңгірт болуы немесе көрінбеуі мүмкін.
• 3D көзілдірігі басқа 3D өнімдері немесе микротолқынды пеш немесе
интернет құрылғысы сияқты 2.4 ГГц жиілігінде жұмыс істейтін
құрылғылардан шығатын кедергіге байланысты дұрыс жұмыс істемеуі
мүмкін. Егер 3D функциясы кедергіге байланысты дұрыс жұмыс
істемесе, барлық басқа электрондық немесе сымсыз байланыс
құрылғыларын көзілдірік пен ТД-дан мүмкіндігінше қашық ұстаңыз.
• 3D әсері қарап шығу құралына байланысты басқаша болуы мүмкін. Егер
көзілдірікті киіп және дұрыс емес нұсқаулық алсаңыз, 3D әсерін толығымен
сезбеуіңіз мүмкін.
• Егер 3D көзілдірігінің немесе линзасының бір бөлігі ақаулы немесе
зақымданған болса, оны жөндеу мүмкін емес, көзілдірікті тек ауыстыру
қажет. Егер көзілдірік кепілдік мерзімінде жұмыс істемей қалса,
көзілдірік тегін жөнделеді немесе ауыстырылады. Егер көзілдірік
тұтынушы арқылы зақымдалса немесе кепілдік мерзімі бітсе, онда
жаңа көзілдірікті сатып алуға тура келеді.
Қазақша-28
[NA]SSG-5100GB-00L17.indb 28
АБАЙЛАҢЫЗ!
3D СУРЕТТЕРІНІҢ МАҢЫЗДЫ ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ.
СІЗ НЕМЕСЕ БАЛАҢЫЗ 3D ФУНКЦИЯСЫН ҚОЛДАНУДАН БҰРЫН ТӨМЕНДЕГІ
САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫН ОҚЫҢЫЗ.
•
Ересектер 3D функциясын қолданып отырған балаларды жиі тексеріп
тұруы тиіс. Егер баланың көзі шаршаса, басы ауырса, басы айналса
немесе құсқысы келсе, баланың 3D ТД көруін дереу тоқтатып, демалуын
қадағалаңыз.
•
3D көзілдірігін жалпы көзілдірік, күнге арналған көзілдірік, қорғайтын көзілдірік
және т.б. сияқты мақсаттарда қолданбаңыз.
•
Кейбір көрермендердің 3D ТД көру барысында басы айналуы, құсқысы келуі
және басы ауруы мүмкін. Осы белгілер туындаса, 3D теледидарын қарауды
тоқтатып, 3D көзілдірігін шешіп тастап, демалыңыз.
•
Ұзақ уақыт бойына 3D бейнесін көру көздің талуын тудыруы мүмкін. Осы
кез келген көз талу белгісі туындаса, 3D теледидарын қарауды тоқтатып, 3D
көзілдірігін шешіп тастап, демалыңыз.
•
Жүргенде немесе қозғалған кезде 3D функциясын немесе 3D көзілдірігін
қолданбаңыз. 3D функциясын немесе 3D белсенді көзілдірігін қозғалған
кезде қолдану барысында нысанға жүгіру, үстінен өту және/немесе құлау
салдарынан жарақат алуыңыз мүмкін.
2013-01-02
8:45:01