Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
Бұл құрылғы үйде пештердің, тағам пісіргіштердің және
•
сол тәрізді басқа да пісіру құралдарының үстіне
орналастырып қолдануға арналған.
Қандай да бір жөндеу жұмысын орындар алдында
•
құрылғыны қуат көзінен ажыратыңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ: Алмалы бөлшектерді пісіру
•
құрылғыларымен бірге пайдаланғанда ысып кетуі
мүмкін.
Құрылғымен бірге жеткізілген бекіту бұрандаларын
•
ғана қолданыңыз, егер жеткізілмесе, орнату
нұсқауларында ұсынылған бұрандаларды
пайдаланыңыз.
Құрылғыны бекіту үшін желімдерді пайдаланбаңыз.
•
Табалар қойылған пештің беті мен құрылғының төменгі
•
бөлігіне дейінгі ең аз қашықтық, пешке немесе
құрылғыға арналған орнату нұсқауларында өзгеше
көрсетілмесе, кем дегенде 65 см болуға тиіс.
Ауаны шығару жергілікті нормативтік актілердің
•
талаптарына сәйкес келуі керек.
Газ немесе басқа жанармай қолданатын
•
құрылғылардан, сонымен қатар ашық оттан бөлінетін
қажетсіз газдар бөлмеге қайта кірмес үшін, құрылғы
орнатылған бөлменің жақсы желдетілуін қамтамасыз
етіңіз.
Желдету саңылауларының бітеліп қалмағанын және
•
құрылғы жинаған ауа басқа құрылғылардан келетін
түтін мен буды тартатын жүйеге (орталықтан жылыту
жүйелері, термосифондар, су жылытқыштар және т.б.)
тасымалданбағанын тексеріңіз.
Құрылғы басқа құрылғылармен бірге іске қосылғанда,
•
бөлмедегі ең үлкен вакуум 0,04 мбар-дан аспау керек.
Қосылым кабеліне ешбір зақым келтірмеңіз. Зақым
•
келген электр сымын ауыстырту үшін біздің уәкілетті
қызмет көрсету орталығына немесе электршіге
хабарласыңыз.
121