214 | Қазақ
визуалды кескінге қоса сақталады және оны кейінірек
көшіріп алуға болады.
Дауыстық жазбаны жасауға жақсырақ құжаттаманы
қамтамасыз ету үшін кеңес беріледі.
Дауыстық жазба галереяда жасалады. Төмендегі
әрекеттерді орындаңыз:
– Галереяға кіру үшін сол жақ функциялық түймені (16)
басыңыз.
– Func түймесін (8) басыңыз. Жазу процесі басталады.
Барлық релевантты ақпаратты жазып алыңыз.
– Жазуды аяқтау үшін Func түймесін (8) тағы бір рет
басыңыз немесе оң жақ функциялық түймені (9)
басыңыз.
– Жазуды тоқтату үшін сол жақ функциялық
түймені (16) басыңыз. Жазу аяқталған соң, дауыстық
жазбаны тыңдауға болады.
– Жазбаны тыңдау үшін Func түймесін (8) қайтадан
басыңыз. Жазба ойнатылады.
▪ Ойнатуды кідірту үшін оң жақ функциялық
түймені (9) басыңыз. Кідіртілген жазбаны қайтадан
ойнату үшін оң жақ функциялық түймені (9)
қайтадан басыңыз.
▪ Ойнатуды тоқтату үшін сол жақ функциялық
түймені (16) басыңыз.
Жаңа дауыстық жазба жасау үшін бар дауыстық жазбаны
жойып, содан кейін жаңа жазу әрекетін бастаңыз.
Жазу кезінде төмендегіге назар аударыңыз:
– Микрофон (15) пернетақтаның артында, микрофон
белгісінің жанында орналасқан. Микрофонға қарап
айтыңыз.
– Жазба ұзақтығы ең көбі 30 секунд құрайды.
Сақталған кескіндерді шақыру
Сақталған термограммаларды шақыру үшін төмендегі
әрекеттерді орындаңыз:
– Сол жақ функциялық түймені (16) басыңыз.
Дисплейде енді соңғы сақталған фотосурет пайда
болады.
– Сақталған термограммалардың арасында ауысу үшін
оң (10) немесе сол (14) жақ көрсеткі түймесін
басыңыз.
Термограммаға қоса визуалды кескін де сақталады.
Оларды шақыру үшін төмен қаратылған көрсеткі
түймесін (12) басыңыз.
Жоғары қаратылған көрсеткі түймесін (7) басу арқылы
жазылған термограмманы толық кескін ретінде де
көрсетуге болады. Толық кескін көрінісінде тақырып
жолағының индикаторы, барлық термограммалар
көрсетілуі үшін, 3 секундтан кейін жасырылады.
Жоғары (7) және төмен (12) қаратылған көрсеткі
түймелерінің көмегімен көріністерді ауыстыруға болады.
Сақталған кескіндер мен дауыстық жазбаларды жою
Бөлек немесе барлық термограммаларды жою үшін
галерея көрінісіне ауысыңыз:
– себет белгісінің астындағы оң жақ функциялық
түймені (9) басыңыз. Ішкі мәзір ашылады. Бұл жерде
1 609 92A 4UF | (14.01.2021)
тек осы кескінді, тек оған қатысты дауыстық жазбаны
(жазылған болса) немесе барлық кескіндерді жою
қажеттігін таңдауға болады. Тек осы кескінді немесе
дауыстық жазбаны жою қажет болса, әрекетті
Func түймесі (8) арқылы растаңыз.
– Барлық кескіндерді жою қажет болса,
Func түймесін (8) немесе оң жақ функциялық
түймені (9) басыңыз, әрекетті оң жақ функциялық
түймені (9) қосымша басу арқылы растаңыз немесе
жою әрекетін сол жақ функциялық түймені (16) басу
арқылы тоқтатыңыз.
Кескіндердің дерек үзінділері жадта қалады және оларды
реконструкциялауға болады. Біржолата жою үшін бас
мәзірде <Құрылғы> → <Әдепкі реттеулер> тармағын
таңдаңыз.
Деректерді тасымалдау
Деректерді USB интерфейсі арқылы тасымалдау
USB Type-C® ұясының (5) қақпағын ашыңыз. Өлшеу
құралының USB Type-C® ұясын (6) жеткізілім
жиынтығындағы USB Type-C® кабелі (25) арқылы
компьютерге жалғаңыз.
Енді өлшеу құралын қосу/өшіру түймесі (11) арқылы
қосыңыз.
Компьютеріңізде файл браузерін ашып, диск жетегін
GTC 600 C таңдаңыз. Сақталған файлдарды өлшеу
құралының ішкі жадынан көшіруге, компьютеріңізге
жылжытуға немесе жоюға болады.
Қажетті әрекетті аяқтағаннан кейін диск жетегін
әдеттегідей компьютерден ажыратып, содан кейін өлшеу
құралын қосу/өшіру түймесі (11) арқылы қайтадан
өшіріңіз.
Назар аударыңыз: әрдайым алдымен диск жетегін
операциялық жүйеңізден шығарыңыз (диск жетегін
шығару), әйтпесе өлшеу құралының ішкі жады
зақымдалуы мүмкін.
USB Type-C® кабелін өлшеу әрекетінің барысында
шығарыңыз және қақпақты (5) жауып қойыңыз.
Корпусқа шаң немесе шашыранды су кірмеуі үшін, USB
интерфейсінің қақпағын әрдайым жабық ұстаңыз.
Нұсқау: өлшеу құралын USB арқылы компьютермен
байланыстырыңыз. Басқа құрылғыларға жалғаған
жағдайда, өлшеу құралы зақымдалуы мүмкін.
Нұсқау: USB Type-C® интерфейсі тек деректерді
тасымалдау үшін қолданылады. Батареялар мен
аккумуляторларды оның көмегімен зарядтау мүмкін
емес.
Термограммаларды қосымша өңдеу
Сақталған термограммаларды Windows операциялық
жүйесі орнатылған компьютеріңізде қосымша өңдеуге
болады. Ол үшін www.bosch-professional.com/thermal
мекенжайы бойынша өлшеу құралының өнім бетінде GTC
Transfer Software бағдарламалық жасақтамасын жүктеп
алыңыз.
Bosch Power Tools