Samsung EB-PJ200 Mode D'emploi page 174

Table des Matières

Publicité

Жұмысты бастау
Батарея топтамасын зарядтау
Батарея топтамасын бірінші рет пайдалану алдында немесе батарея топтамасы ұзақ уақыт
бойы пайдаланылмаса, батареяны зарядтаңыз.
Тек Samsung бекіткен зарядтағыштарды және кабельдерді пайдаланыңыз.
Бекітілмеген зарядтағыштар немесе кабельдер батареяның жарылуына немесе
батарея топтамасының зақымдалуына әкелуі мүмкін.
1
Батареялар топтамасын USB қуат адаптеріне USB кабелі арқылы жалғаңыз. USB қуат
адаптерін электр розеткасына қосу.
Зарядтағышты дұрыс жалғамау батарея топтамасын қатты зақымдауы мүмкін. Дұрыс
пайдаланбау тудырған ешбір зақымды кепілдік қамтымайды.
• Батареялар топтамасын зарядтағышты (бөлек сатылады) пайдаланып зарядтауға
болады.
• Батарея топтамасын зарядталып жатқанда пайдалануға болады, бірақ батареяны
толық зарядтауға ұзағырақ уақыт кетуі мүмкін.
• Зарядтау кезінде, батарея топтамасы қызып кетуі мүмкін. Бұл қалыпты жағдай
және батарея топтамасының қызмет мерзіміне немесе өнімділігіне әсер етпеуі
тиіс. Егер батарея әдеттегіден ыстығырақ болса, зарядтағыш зарядтауды тоқтатуы
мүмкін.
• Батарея топтамасы дұрыс зарядталмай жатса, батарея топтамасы мен
зарядтағышты Samsung сервис орталығына апарыңыз.
2
Толық зарядтағаннан кейін, USB кабелін батарея топтамасынан ажыратып, оны электр
розетка ұясынан ажыратыңыз.
Қуатты үнемдеу үшін пайдаланылмаған кезде зарядтағышты желіден ажыратыңыз.
Зарядтағыштың қуат қосқышы жоқ, сондықтан қуатты ысыраптауды болдырмау үшін
пайдаланбаған кезде зарядтағышты электр розетка ұясынан ажырату керек. Зарядтау
кезінде зарядтағыш электр розетка ұясына жақын және оңай қол жетімді болуы
керек.
Қазақ тілі
3
3

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières