– Контейнерді (7) жартысына дейін еріткішпен
толтырып, бүріккіш пистолетке (1)қайтадан бекітіңіз.
– Бүріккіш пистолетті бірнеше рет шайқаңыз.
Бұл ретте сұйылтқышты сеппегеніңізге көз жеткізіңіз.
Жарылыс қаупі бар.
– Контейнерді (7) бүріккіш пистолеттен (1)босатып,
жабылатын материал құтысына толығымен ағызыңыз.
– Жаппа гайканы (3), ауа қалпағын (2), пайдаланылған
саптама қалпағын (10)/(11)/(12) және көтергіш
құбырды (17) контейнер тығыздауышымен (16) бірге
бөлшектеңіз.
– Сұйылтқыш құйылған бір шелекте барлық бояу
өткізетін бөліктерді тазалау қылшағымен (28) немесе
әдеттегі шаю қылшағымен тазалаңыз. Сондай-ақ
бүріккіш пистолеттің (1)бояу каналын (19) тазалаңыз.
– Көтергіш құбырда (17) контейнер
тығыздауышымен (16) бірге бүрку материалының
жоқтығына және зақымдалмағанына көз жеткізіңіз.
Қажет болса, контейнер тығыздауышын (16) тағы бір
рет сұйылтқышпен тазалаңыз.
– Желдету саңылауын (18) тазалау қылшағымен (28)
тазалаңыз.
– Қажет болса, толтыру торын (13) сұйылтқышпен
мұқият тазалаңыз.
– Контейнерді (7) және бүріккіш
пистолетті (1)сыртынан сүйылтқышпен ылғалданған
шүберекпен тазалаңыз.
– Құрастырудан бұрын барлық бөліктерді жақсылап
кептіріңіз.
– Майда бүріккіш жүйені кері реттілікпен қайтадан
монтаждаңыз.
Контейнер тығыздауышын (16) көтергіш
құбырдың (17) ойығына қайтадан жоғары қарай
жылжытыңыз.
Бүріккіш пистолетті тиісінше тығыздау үшін контейнер
тығыздауышы көтергіш құбыр ойығының айналысында
дәл орналастырылғанын қамтамасыз етіңіз.
Ақаулықтарды жою
Ақау
Себебі
Бүрку материалы дұрыс
Бүрку материалының мөлшері өте төмен
жағылмайды
Бояу себілетін беттен арақашықтық тым
үлкен
Бояу себілетін бетте бүрку материалы тым
аз, бояу себілетін бетке анда-санда бояу
себіледі
Бүрку материалы өте қою
Бүрку материалы
Тым көп бүрку материалы себілді
себілгеннен кейін
жатғаннан жылыстайды
Бояу себілетін бетке дейінгі арақашықтық
тым аз
Бүрку материалы өте сұйық
Bosch Power Tools
Көтергіш құбырды (17) міндетті түрде бояу
каналының (19) үстіне тірелгенше қайта жылжытыңыз.
Ауа сүзгісін тазалау (N суретін қараңыз)
Ауа сүзгісін (30) мерзімді түрде тазалау керек. Егер ауа
сүзгісі қатты ластанған болса, оны алмастыру қажет.
– Ауа сүзгісінің қаптамасын (29) ашыңыз.
– Ауа сүзгісін (30) шығарып алыңыз.
– Жеңіл ластану:
Ауа сүзгісін (30) сілкіңіз.
немесе
Қатты ластану:
Ауа сүзгісін (30) ағынды су астында тазалаңыз және
содан кейін зең басудың алдын алу үшін оны жақсылап
кептіріңіз.
немесе
Ауа сүзгісін (30) ауыстырыңыз.
– Ауа сүзгісін қайта орнатыңыз.
– Ауа сүзгісінің қаптамасын (29) қайтадан жауып
қойыңыз.
Майда бүріккіш жүйені ешқашан ауа сүзгісінсіз
u
пайдаланбаңыз. Кір бөліктері қозғалтқыш бөлімінде
жиналып, оған зақым келтіре алады.
Материалдарды кәдеге жарату
Ластанған сұйылтқыш, бүрку материалының қалдығы
және бар болса, сұйылтқыш қалдығы нұсқауларға және
қоршаған орта үшін қауіпсіз жолмен кәдеге жаратылуы
тиіс. Өндірушінің кәдеге жарату нұсқаулары мен арнайы
қоқыс бойынша жергілікті ережелерді ескеріңіз.
Қоршаған орта үшін зиянды химиялық заттар топыраққа,
жер астындағы суларға немесе суқоймаларға түспеуі тиіс.
Қоршаған орта үшін зиянды химиялық заттарды ешқашан
канализацияға тастамаңыз!
Сақтау
– Майда бүріккіш жүйесін сақтаудан алдын, оны әбден
тазалап барлық бөлшектерді жинаудан алдын
кептіріңіз.
Шешімі
Айналмалы реттегішті (4) 5 деңгейіне қарай
бұраңыз
Бүрку арақашықтығын қысқартыңыз
Бояу себілетін бетке жиі бүркіңіз
Бүрку материалын қайта сұйылтып, сынақ
бүркуді орындаңыз
Айналмалы реттегішті (4) 1 деңгейіне қарай
бұраңыз
Бүрку арақашықтығын ұзартыңыз
Түпнұсқа бүрку материалын құйыңыз
Қазақ | 221
1 609 92A 686 | (22.03.2021)