Күту Және Техникалық Қызмет Көрсету - Hilti TE 500-AVR Mode D'emploi

Masquer les pouces Voir aussi pour TE 500-AVR:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 16
5.1.5
Алмалы-салмалы желілік кабельді электрлік аспаптан ажырату
1. Кабель ашасын желілік розеткадан шығарыңыз.
2. Тежегіш түймені басып, кодталған, ажырайтын электрлік штепсельдік қосылымды ажыратыңыз.
3. Желілік кабельді аспаптан тартып шығарыңыз.
5.2
Жұмыс істеу
ЕСКЕРТУ
Ток соғу қаупі! Бүлінген жерге тұйықтаушы сым мен автоматты ажыратқыш ауыр жарақаттарға және
өртке апарып соғуы мүмкін.
▶ Құрылыс алаңындағы желі немесе генераторға қосылған электрлік жеткізуші сымда әрдайым жерге
тұйықтаушы сымдар мен автоматты ажыратқыш бар екендігін және қосылып тұрғанын қадағалап
тұрыңыз.
▶ Осы қауіпсіздік құралдарынсыз ешбір өнімді іске қоспаңыз.
ЕСКЕРТУ
Зақымдалған кабельден қауіп бар! Егер жұмыс кезінде желілік немесе ұзартқыш кабель зақымдалса,
оған тиюге тыйым салынады. Желілік кабельді розеткадан шығарыңыз.
▶ Аспаптың желілік кабелін тұрақты түрде тексеріңіз және зақымдалған кабельді ауыстыру үшін
тәжірибелі электрші маманды шақырыңыз.
Жұмыстарды құрылыс басқармасы толық көлемде мақұлдауы керек!
5.2.1
Қашау
5
▶ Режимдерді таңдау құралын
5.2.2
Үздіксіз жұмыс режимін қосу/өшіру
Қашау режимінде қосқыш/ажыратқышты қосылған күйде бекітуге болады.
1. Үздіксіз жұмыс режиміне арналған тежегіш түймені алға қарай жылжытыңыз.
2. Қосқыш/ажыратқышты толығымен басыңыз.
➥ Өнім енді үздіксіз жұмыс режимінде істеп тұр.
3. Үздіксіз жұмыс режиміне арналған тежегіш түймені артқа қарай жылжытыңыз.
➥ Өнім өшіп қалады.
6
Күту және техникалық қызмет көрсету
ЕСКЕРТУ
Ток соғу қаупі бар! Желілік аша енгізіліп тұрған кезде күтім және техникалық қызмет көрсету ауыр
жарақаттарға және өртке апарып соғуы мүмкін.
▶ Кез келген күтім және техникалық қызмет көрсету жұмысын орындамас бұрын желілік ашаны
әрдайым тартып шығарыңыз!
Аспапты күту
Қатты жабысқан кірді мұқият кетіріңіз.
Желдету ойықтарын құрғақ қылшақпен жайлап тазалаңыз.
Корпусты тек сәл суланған шүберекпен тазалаңыз. Ешқандай силикон қамтитын күтім құралдарын
пайдаланбаңыз, өйткені олар пластмасса бөлшектерін зақымдауы мүмкін.
Техникалық қызмет көрсету
ЕСКЕРТУ
Ток соғу қаупі! Электрлік құрамдас бөлшектерді қате жөндеу ауыр жарақаттану мен өртке апарып
соғуы мүмкін.
▶ Аспаптың электр бөлігін жөндеуді тек маман-электрикке тапсырыңыз.
Барлық көзге көрінетін бөлшектерде зақымдардың бар-жоғын және басқару элементтерінің ақаусыз
жұмысын жиі тексеріп тұрыңыз.
*2146159*
Printed: 12.11.2018 | Doc-Nr: PUB / 5367061 / 000 / 04
күйіне орнатыңыз.
6
2146159
Қазақ
75

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières