OBJ_BUCH-2247-003.book Page 104 Tuesday, September 27, 2016 3:54 PM
104 | Қaзақша
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар
және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу
қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге
канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал
тек қана мамандармен өңделуі керек.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналуын болдырмаңыз.
Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Шаң жәшігімен өзіндік шаңсору
(G–J суреттерін қараңыз)
Шаң қорабын 2 үрлегіш штуцерге 14 жылжытыңыз.
Шаң қорабының толу күйі 2 мөлдір контейнер арқылы
бақылануы мүмкін.
Шаң қорабын 2 босату үшін жай бұрап артқа тартыңыз.
Сүзгі элементін 15 шаң қорабынан 2 бұрап алыңыз. Шаң
қорабын босатыңыз.
Сүзгі элементін 15 жай қатты тақтаға соққылап, шаңды
алып қойыңыз. Сүзгі элементінің 15 тілімшелерін жұмсақ
қылшақпен тазалаңыз.
Ескертпе: Оптималды шаңсоруды қамтамасыз ету үшін
шаң қорабын 2 уақтылы босатып сүзгі элементін 15
жүйелік ретте тазалаңыз.
Электр құралын тік аймақтарда жұмыс істеу кезінде шаң
қорабы 2 төменге көрсететін етіп ұстаңыз.
Сыртқы сорғыш (K суретін қараңыз)
Сорғыш шлангті 16 (керек-жарақтар) үрлегіш штуцерге
14 салыңыз. Сорғыш шлангті 16 шаңсорғышқа қосыңыз
(керек-жарақтар).
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ шаңдар
үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Электр құралын тік аймақтарда жұмыс істеу кезінде
сорғыш шланг төменге көрсететін етіп ұстаңыз.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдары 220 В жұмыс істеуі
мүмкін.
1 609 92A 368 | (27.9.16)
Қосу/өшіру
Электр құралын іске қосу үшін қосқыш/өшіргішті 1 оңға
"I" күйіне жылжытыңыз.
Электр құралын өшіру үшін қосқыш/өшіргішті 1 солға "0"
күйіне жылжытыңыз.
Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек
пайдаланарда қосыңыз.
Пайдалану нұсқаулары
Электр құралын жерге қоюдан алдын оның
тоқтауын күтіңіз.
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Тегістеуде ажырату қуаты тегістеу полотносына
байланысты.
Тек мінсіз тегістеу дискімен ғана дұрыс тегістеуге, сол
арқылы электр құралын сақтауға болады.
Ажарлау дискінің қызмет мерзімін ұзарту үшін бірқалыпты
басуға талпыныңыз.
Өте қатты басу электр құралы мен тегістеу дискінің тез
тозуын тудырады.
Металл өңдеген тегістеу дискін басқа материалдар үшін
пайдаланбаңыз.
Тек түпнұсқалы Bosch ажарлау жабдықтарын
пайдаланыңыз.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Дұрыс және сенімді істеу үшін электр құралмен
желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса,
қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермес үшін алмастыруды
тек Bosch немесе Bosch электр құралдарының
авторизацияланған клиенттерге қызмет көрсету
орталықтарында орындаңыз.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
кеңестері
Қызмет көрсету шеберханасы өнімді жөндеу және күту,
сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап
береді. Қажетті сызбалар мен қосалқы бөлшектер туралы
ақпаратты мына мекенжайдан табасыз:
www.bosch-pt.com
Кеңес беруші Bosch қызметкерлері өнімді пайдалану және
олардың қосалқы бөлшектері туралы сұрақтарыңызға
тиянақты жауап береді.
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру
кезінде міндетті түрде өнімдің зауыттық тақтайшасындағы
10-санды өнім нөмірін жазыңыз.
Bosch Power Tools