ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫНЫҢ НҰСҚАУЛАРЫ
Басқа ескертулер:
A. Зарядтағыш құрал қайта зарядталмайтын, қарапайым батареяларға пайдаланылмауы
тиіс.
B. Жеткілікті түрде желдету қажет.
C. Батарея блогындағы ток пен кернеу туралы ақпарат осы зарядтағыш құралдағы
ақпаратпен сәйкес келуі тиіс.
D. Зарядтағыш құралға су шашыратпаңыз немесе жаңбыр астында қалдырмаңыз.
E. Жабдыққа батареяларды салу немесе алып тастаудан бұрын оны қуат көзінен
ажыратыңыз.
F. Қуаты таусылған немесе зақымдалған батареяларды суға немесе отқа тастамаңыз.
Қоршаған ортаны қорғау туралы нұсқаулар орындалуы тиіс.
G. Ақаулы немесе зарядталмайтын батарея арнайы қалдық/қауіпті қалдық ретінде өңделуі
тиіс. Оларды арнайы жинау орнына тапсырыңыз. Оны кәдімгі тұрмыстық қоқысқа, суға
немесе отқа тастамаңыз.
H. Зарядтағыш құралды кез келген жылу көзінен алыс қойыңыз.
I. Зарядтағыш құралды желіден ажыратқыңыз келсе, электр тогының соғу қаупін азайту
үшін, розеткадан қуат сымының орнына ашаны суырыңыз.
J. Зарядтағыш құралды бөлшектемеңіз. Егер қызмет көрсету немесе жөндеу қажет болса,
оны жөндейтін уәкілетті қызмет көрсету орталығына апарыңыз. Дұрыс орнатпау электр
тогының соғуына, өлімге немесе өрт шығуына әкелуі мүмкін.
K. Бұл жабдықты дене, сезу немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі немесе тәжірибесі мен
білімі жоқ тұлғалар (соның ішінде балалар) олардың қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаның
бақылауында болған және одан осы өнімді пайдалануға қатысты нұсқау алған жағдайда
пайдалана алады.
L. 8 жастан асқан балалар мен дене, сезім мен ақыл-ой қабілеттері шектеулі немесе
пайдалану бойынша тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз тұлғалар осы құрылғыны ересектердің
бақылауында болған жағдайда және құрылғыны қауіпсіз жолмен пайдалану жөнінде
нұсқаулар алып, ықтимал қауіптерді түсінетін жағдайда пайдалана алады. Балалардың
осы құрылғымен ойнауына жол бермеңіз. Тазалау және пайдаланушы тарапынан
техникалық қызмет көрсету жұмыстарын балаларға ересектердің бақылауынсыз
орындауға болмайды.
M. Жабдықты жұмыс істеп жатқан кезінде өрт шығу, күйіп қалу немесе электр тогының соғу
қаупін болдырмау үшін қараусыз қалдырмаңыз.
N. Қуат сымы зақымдалған болса, қауіптердің алдын алу үшін оны өндіруші, оның тұтынушыға
қызмет көрсететін орталығы немесе сәйкес біліктілігі бар адамдар алмастыруы тиіс.
ОСЫ НҰСҚАУЛАРДЫ САҚТАП ҚОЙЫҢЫЗ
FR
ES
PT
IT
EL
PL
RU
KZ
UA
RO
BR
EN
107