FR
ES
PT
ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫНЫҢ НҰСҚАУЛАРЫ
IT
EL
ЕСКЕРТУ: барлық қауіпсіздік ескертулері мен нұсқауларды оқып шығыңыз.
PL
Ескертулер мен нұсқауларды орындамау салдарынан ток соғуы, өрт шығуы және/
немесе ауыр жарақат алу жағдайларына әкелуі мүмкін.
RU
KZ
Барлық ескертулер мен нұсқауларды болашақта қарау үшін сақтап қойыңыз.
UA
1. ОСЫ НҰСҚАУЛАРДЫ САҚТАП ҚОЙЫҢЫЗ – бұл нұсқаулықта батареяны зарядтағыш құралға
арналған маңызды қауіпсіздік және пайдалану нұсқаулары бар.
RO
2. Батареяны зарядтағыш құралын пайдалану алдында, барлық нұсқауларды және батареяны
зарядтағыш құрал мен батареядағы сақтандыру белгілерін оқып шығыңыз.
BR
3. Құрылғы литий-ионды батареяларды зарядтауға арналған.
4. Қайта зарядталмайтын батареяларды бұл батареяны зарядтағыш құралмен зарядтауға
EN
болмайды.
5. Қуат көзін зарядтағыш құралдың төлқұжат тақтайшасында көрсетілген кернеумен пайдаланыңыз.
6. Батареяны тез тұтанғыш сұйықтықтар немесе газдар жанында зарядтамаңыз.
7. Зарядтағыш құралды жаңбыр немесе қар астына қоймаңыз.
8. Зарядтағыш құралды сымы арқылы тасымалдамаңыз немесе розеткадан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз.
9. Зарядтаудан кейін немесе кез келген техникалық қызмет көрсету немесе тазалау алдында,
зарядтағыш құралды қуат көзінен суырыңыз. Зарядтағыш құралды ажырату кезінде сымынан
емес, ашасынан тартыңыз.
10. Сым біреу басып кетпейтін, шалынып қалмайтын немесе басқа жолмен зақымдалмайтын не
тартылмайтын күйде орналасқанына көз жеткізіңіз.
11. Сымы немесе ашасы зақымдалған зарядтағыш құралды пайдаланбаңыз – оларды бірден
ауыстырыңыз.
12. Зарядтағыш құрал қатты соққы алған, құлаған немесе басқа жолмен зақымдалған болса,
пайдаланбаңыз немесе бөлшектемеңіз; оны білікті қызмет көрсетуші маманға апарыңыз. Дұрыс
пайдаланбау немесе қайта құрастыру электр тогының соғу немесе өрттің шығу қаупіне әкелуі
мүмкін.
13. Батареяны зарядтағыш құрал кішкентай балаларға немесе мүгедектерге бақылаусыз
пайдалануға арналмаған.
14. Кішкентай балалардың батареяны зарядтағыш құралмен ойнамауына көз жеткізу үшін оларды
қадағалап отыру қажет.
15. Батарея блогын 0°C-дан төмен немесе 40°C-дан жоғары ауа температурасында зарядтамаңыз.
16. Көтеруші трансформаторды, қозғалтқыш генераторды немесе ТТ қуат розеткасын пайдалануға
әрекеттенбеңіз.
17. Зарядтау кезінде, батареяны жақсы желдетілетін жерде орналастыру керек. Жұмыс істейтін
жерді өрт шығу, электр тогының соғуы және жарылыс қаупін азайту үшін таза ұстаңыз.
Зарядтағыш құралды және батарея блогын зарядтау кезінде шүберекпен жаппаңыз.
18. Құрылғыны пайдаланбаған кезде және тазалаудан бұрын, оны розеткадан ажыратыңыз.
19. Тек бөлме ішінде пайдалануға арналған.
20. Электр тогының соғу қаупінен қорғану үшін, құрылғыны, сымды немесе ашаны суға не басқа
сұйықтыққа батырмаңыз.
106