Құрамдастар
Қабырғаға бекітетін кронштейнді құрастыруға қажет бөлшектер
Негіздің жоғарғы жəне
төменгі бекіткіші (2)
Орнату үшін пайдаланылатын бөлшектер
Толық құрастырылған бекіткіш
құрылғының көрінісі
L
Қабырғаға бекітетін кронштейнді құрастыру кезіндегі сақтық шаралары
♦ Қабырғаға ілетін кронштейн плазмалық дисплейді тік қабырғаға бекітіп көру үшін пайдаланылады.
Тік қабырғадан басқа бетке орнатушы болмаңыз.
♦ Плазмалық дисплейдің дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету жəне қандайда бір ақаудың алдын алу үшін
мына жерлерге орнатпаңыз.
• Су шашқыштардың немесе өрт/түтін детекторларының жаны
• Діріл немесе соққы тию қаупі төнетін жерлер
• Жоғары кернеулі сымдардың немесе динамикалық қуат көздерінің жаны
• Магнит өрістері, жылу, су буы немесе күйе шығатын жерлердің жаны
• Жылыту жабдығынан үрленген ауа тиетін жерлер
• Ауа кондиционерінен немесе басқа құрылғыдан шығатын конденсат тамшылары түзілетін жерлер
♦ Орнатылатын жердің құрылымы мен материалына сəйкес келетін əдістермен орнатыңыз.
♦ Кронштейн орнатылатын қабырғаның материалына (ағаш, болат каркас, бетон, т.б.) сəйкес келетін, кез
келген жерде сатылатын номиналды диаметрі 6 мм бұрандаларды пайдаланыңыз.
♦ Сыртқы температураның 40 °C-тан аспауы үшін оның жақсы желдетілуін қамтамасыз етіңіз.
Əйтпесе, плазмалық дисплейдің ішінде қызу пайда болып, оның бұзылуына себеп болуы мүмкін.
♦ Құрастыру жəне орнату кезінде плазмалық дисплей мен еденде белгі қалмауы немесе олардың
сызылмауы үшін еденге жұмсақ көрпе немесе мата төсеп қойыңыз.
♦ Бөлшектерді бұрандамен бекіткен кезде, бұрандалардың бос немесе тым қатты тартылмауын қадағалаңыз.
♦ Плазмалық дисплейдің қуат ашасы үшін қол оңай жететін электр розеткасын пайдаланыңыз.
♦ Орнату кезінде аса сақтықпен қарап, қауіпсіздікті қамтамасыз етіңіз.
♦ Плазмалық дисплейді төбе шамдарының (жарықтандырғыш прожекторлардың, галоген шамдардың,, т.б.)
астына орнатпаңыз.
Əйтпесе, қатты қызудан корпус майысуы немесе зақымдалуы мүмкін.
66
Кронштейн негізінің сол
жақ бекіткіші (1)
Алты қырлы ойық басты
бұранда (4)
M8×32
Тісті дөңес шайба (4)
R
Оқшаулағыш төсем (4)
[Осы нұсқаулықтағы суреттер тек мысал ретінде көрсетілген.]
Кронштейн негізінің оң
жақ бекіткіші (1)
Бекітетін құрылғының
бұрандасы (ұзын) (1)
Бекітетін құрылғының
бұрандасы (қысқа) (1)
Алты қырлы кілт (жеткізу
жинағына кіреді) (1)
Керек-жарақты
құрастыруға арналған
бұранда (8)
M5×10