• зарядтау кезінде ақаулықтар пайда болғанда,
• керек-жарақты жалғау/ажыратудан бұрын және
• өнімді тазалау немесе оған қызмет көрсету алдында.
• Зарядтау барысында құрылғыны ток көзінен ағытпаңыз.
• Зарядтап болғаннан кейін қорек сымын розеткадан
ағытыңыз.
• Зарядтау құралын температурасы 5 °C және 40 °C
градус аралығындағы құрғақ бөлмеде қолданыңыз және
сақтаңыз.
• Зарядтау құралын ешқашан дымқыл қолмен ұстамаңыз
немесе оны ағып тұрған су тәрізді сұйық затқа
батырмаңыз. Бұл электр тогы соғып, мерт болуға әкеледі!
• Зарядтау құралын тура түсетін күн сәулесінен, ашық от
көзінен немесе басқа жылу көзінен қорғаңыз. Өрт және
жарылыс шығу қаупі бар!
• Зарядтау үшін тек берілген жинақтың құрамындағы зарядтау
құралын ғана қолданыңыз. Басқа зарядтау құралын немесе
жылдам зарядтау құралын пайдаланбаңыз.
Қоқысқа тастауға қатысты ұсыныстар
Орам материалы
Орам материалы THOMAS windowjet құралын
тасымалдау кезінде зақымдалудан қорғайды.
Бұл экологиялық таза материалдан жасалған,
сондықтан қайта өңдеуге болады. Қажетсіз орам
материалдарын тұрмыстық қалдыққа тастамаңыз, қайта
өңдеу үшін сұрыптап тастаңыз.
Ескірген құрал
Ескі құрылғылардың құрамындағы шикізат
пен материалдар құнды болып табылады
және қоршаған ортаға түспеуі керек.
THOMAS Windowjet терезе бүріккішін және оның ішіндегі
аккумуляторларды тұрмыстық қоқыспен бірге кәдеге
жаратуға тыйым салынады. Тегін өткізу үшін қайта өңдеу
орталығы немесе тиісті жинау және қайтару жүйелері
қолжетімді.
THOMAS Windowjet терезе бүріккішін қате пайдалану
және кәдеге жарату нәтижесінде денсаулық пен қоршаған
ортаға қауіп төндіруге болады. Алайда құрамдас бөлшектер
THOMAS Windowjet терезе бүріккішінің дұрыс жұмысы үшін
қажет болады. Суретте көрсетілген белгіге ие құрылғыларды
тұрмыстық қоқыспен бірге кәдеге жаратуға тыйым салынады.
Тұтынушыларға қызмет көрсету орталығы
Сатушыңыздан THOMAS фирмасының қай қызмет көрсету
орталығына хабарласу керектігі жөнінде анықтама алыңыз.
Оған құралыңыздың зауыттық тақташасында көрсетілген
деректерін беріңіз.
Құралдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық жөндеу
жұмыстарын, әсіресе ток өткізетін бөліктерді жөндеуді
жұмыстарын электрші мамандар орындауға тиіс.
Қателіктер немесе ақаулықтар пайда болғанда, өз
дилеріңізге немесе техникалық қызмет көрсету орталығына
тікелей хабарласуыңыз қажет. THOMAS қызмет көрсету
орталықтарын осы пайдаланушы нұсқаулығының артқы
мұқабасынан табуға болады.
THOMAS керек-жарақтарын алу үшін өз дилеріңізге немесе
THOMAS қызмет көрсету орталығына мына сайт арқылы
хабарласыңыз: www.robert-thomas.net.
Техникалық деректер
Кернеу кірісі
Кернеу шығысы
Құралдың номиналды қуаты
Жұмыс кернеуі
Батарея зарядының уақыты
Жұмыс уақыты
Литий ион батареясы
Лас су сауытының сыйымдылығы 110 мл
Салмағы
Жұмыс жасау ауқымы
Жасалған күні: құралдың төменгі жағында орналасқан
фирмалық жапсырманы қараңыз
Кат. №: xxxxxx
Garantie
Сату-сатып алу келісіміне сай сатушының кепілдік міндеттерінен
бөлек, төменде көрсетілген шарттарға сәйкес осы құралдың
кепілдігін ұсынамыз:
1. Кепілдік мерзімі бірінші соңғы қабылдаушыға жеткізілген күннен
бастап 24 ай. Бұл мерзім құралды коммерциялық немесе осыған
ұқсас мақсатта пайдаланғанда 12 айға дейін қысқартылады.
Кепілдік бойынша шағым айту үшін сауда чегін көрсетуіңіз қажет.
2. Кепілдік мерзімі кезінде анықталған құрылғы немесе материал
ақаулары себебінен пайда болған барлық ірі ақауларды және
кемшіліктерді, ақаулы бөлшектерді өз таңдауымыз бойынша
жөндеу немесе ауыстыру арқылы жоямыз; ауыстырылған
бөлшектер біздің меншігімізге өтеді. Кепілдік шыны немесе
пластик бөлшектерге, шамдарға берілмейді. Кепілдік мерзімі
кезінде болған ақауларды бізге жедел хабарлауыңыз қажет.
Жұмыс кезіндегі ақауларды жою үшін бөлшектерді ауыстыруға
жұмсалған, сондай-ақ кепілдік мерзімі кезінде жұмыс уақытына
кеткен шығындар есептелмейді. Қызмет көрсету орталығын
заңсыз пайдалану кезінде туындаған шығындарды тапсырыс
беруші өтейді. Ірі құралдарды ғана тапсырыс берушінің
аумағында немесе орнату орнында жөндеуге болады. Басқа
құралдарды жақын жердегі қызмет көрсету орталығымызға
немесе жөндеу шеберханасына жібереміз.
3. Судың химиялық не электрохимиялық әсерінен және табиғи
құбылыстар әсерінен пайда болған, құрал бағасының болымсыз
бөлігін құрайтын немесе оны қолдану ыңғайына әсер етпейтін
ақаулар кепілдік бойынша қарастырылмайды. Қарапайым тозу,
сонымен қатар пайдалану бойынша нұсқауларды орындамау
немесе құралды дұрыс пайдаланбау нәтижесінде пайда болған
зақымдарға кепілдік беруге құқығымыз жоқ.
4. Біздің компаниямыз тарапынан рұқсат берілмеген тараптар
техникалық қызмет көрсетсе не жөндесе, кепілдік заңды күшінен
айырылады.
5. Кепілдік бойынша жөндеу не қосалқы бөлшектерді орнату құрал
оның компоненттері үшін кепілдік мерзімін ұзартуға не жаңартуға
негіз бола алмайды: орнатылған қосалқы бөлшектер үшін
кепілдік мерзімі құралдың кепілдік мерзімімен бірге аяқталады.
6. Егер заңмен ресми кепілдік міндеттемесі орнатылмаса, кейінгі не
басқа талаптар, әсіресе құралды пайдалану кезіндегі жанама
шығынды өтеу туралы талаптар қабылданбайды.
Кепілдік мерзімі аяқталғаннан кейін сізге сервистік қызмет көрсетуді
қуана ұсынамыз. Құралды сатып алған дилеріңізге немесе біздің
қызмет көрсету орталығымызға тікелей хабарласыңыз.
Техникалық өзгерістерге рұқсат етілмейді.
100 – 240 ~ 50 & 60 Гц/
0,2 A макс.
ТТ 5,0 В, макс. 1 А
8 Ватт
3,7 В ТТ
3 сағат
45 минут
2000 мА-сағ/3,7 В
0,75 кг
28 см
_
_ _
_
(апта күні) (апталық күн) (жыл)
15