Үтікті бірінші пайдаланбас бұрын
1. Үтіктің табанынан (13) заттаңбалар мен
қорғаныш орамасын алып тастаңыз.
2. Қажет болған жағдайда үтіктің табанын (13)
бірнеше қабатталған құрғақ мақталы
матамен абайлап сүртіңіз.
Бірінші қосқан кезде жаңа үтіктен ерекше иіс
шығуы мүмкін, сонымен қатар одан азғантай
түтін мен біраз түйіршіктер шығуы мүмкін.
Бірнеше минуттан кейін бұл басылады.
☞
Үтіктеу бойынша кеңестер: Бу жіберу
қызметін бірінші пайдалануда буды
киімге бағыттамаңыз, себебі жүйеде кір
қалуы мүмкін.
Үтікті көлденең ұстау арқылы бу соққысы
түймесін (7) бірнеше рет басыңыз. Үтіктің
табанынан (13) бар ластанулар шығуы
мүмкін.
Құралыңызды қалай
колдануыңыз керек
1. Судың ыдысын толтыру
Аталған аспап шүмек астындағы кәдімгі суды
пайдалануға арналған.
• Басқа сұйықтықтарды (Bosch
компаниясымен ұсынылмаған), мысалы,
хош иістерді қосу аспаптың бұзылуына
әкеледі.
• Кептіру барабандарындағы, ауаны желдету
жүйелеріндегі және ұқсас басқа
құрылғылардағы су қалдығын қолданбаңыз.
Жоғарыда аталған құралдарды қолданудан
пайда болған кез келген зақымдану
кепілдеме әрекетінің тоқтатылуына әкеледі.
E
Ашалы айырын ұяшықтан
шығарыңыз!
1. Құю саңылауының қақпағын ашыңыз (9).
2. Ыдысты толтырыңыз. Ешқашан да суды
ең жоғарғы толтыру деңгейі белгісінен
асыра құймаңыз (12).
3. Су ыдысының қақпағын жабыңыз.
☞
Үтіктеу бойынша кеңестер:
Бу жіберу жүйесінің ұзақ және тиімді
жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін
шүмек суын тазартылған сумен 1:1
қатынасында араластырыңыз. Егер
152
B O SC H
сіздің ауданыңыздағы шүмек суы аса
кермектелген болса, оны тазартылған
сумен 1:2 қатынасында араластырыңыз.
Судың кермектілігін жергілікті сумен
қамсыздандыру компаниясынан білуге
болады.
2. "SensorSteam"
Жайылатын жақтарын көру
"SensorSteam" функциясы тұтқаны
ұстаған кезде ғана үтікті қыздырады
және тұтқа жіберілген кезде қыздыруды
тоқтатады.
Бұл функция, сондай-ақ, будың үздіксіз түзілуін
басқарады (5.1 бөлімін қараңыз). Тұтқа
ұсталған кезде бу автоматты түрде түзіледі.
Жіберілген кезде, будың түзілуі тоқтайды.
Осылайша қауіпсіздік пен қуат үнемдеу
деңгейі арттырылады.
1. Үтіктің ашалы айырын розеткаға қосыңыз.
2. "SensorSteam" шамы (3) тұтқа ұсталмаған
кезде жыпылықтайды және тұтқа ұсталған
кезде үздіксіз жарықтық көрсетеді.
3. Үтіктің тұтқасы 10 секундтан артық
жіберілген кезде, үтік автоматты түрде
қыздыруды тоқтатады.
4. Тұтқа қайта ұсталған кезде, үтік қайтадан
қыздыруды бастап, үздіксіз бу шығару
процестері қайта басталады.
Бастапқы қыздыру: Үтік орнатылған
температураға дейін қыздырылмағанша
тұтқаны ұстаудың қажеті жоқ.
Мұндай температураға жеткенде, "TempOK"
индикаторы жыпылықтауды тоқтатады және
үздіксіз жанып тұрады.
"eco" бу режимі автоматты таңдалған.
3. Температураны реттеу
Үтік табанының (13) температурасын
реттеу үшін жылу реттегіш (15)
қолданылады.
1. Үтіктеуді ең аз температуралық үтіктеу
тәртібін қажет ететін киімнен бастаңыз.
Үтіктеудің қажетті температурасын
бұйымның жарлықшасынан көруге болады.
2. Жылу реттегішті (15) үтіктің температураға
дейін қызуы немесе сууы уақытында
температура реттегішінің температура
көрсеткішінің (14) сәйкесінше таңбасына
қойыңыз.
* Үлгісіне байланысты