Electrolux ENN2903COW Notice D'utilisation page 77

Masquer les pouces Voir aussi pour ENN2903COW:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 25
2.2 Қосу
Құрылғы ашасын розеткаға қосқан соң
бейнебет жанбаса, ON/OFF түймешігін
басыңыз.
Құрылғы іске қосыла салысымен басқару
панелінде келесі шамдар пайда болады:
• Нөлден жоғары не төмен температураны
көрсеткіш, температураның нөлден жоғары
екендігін көрсетіп тұрады
• температура жыпылықтап, бейнебет фоны
қызыл түске енеді де, сигнал естіледі.
Функция түймешігін басыңыз, сонда сигнал
өшеді (сонымен қатар, "Артық температураны
ескерту сигналы" тарауын қараңыз).
Қажетті температураны
орнатыңыз("Температураны реттеу" тарауын
қараңыз).
2.3 Өшіру
Құрылғы Қосу/Өшіру түймешігін 1 секундтан
артық басып тұрғанда өшеді.
Осыдан кейін, -3 -2 -1 реті бойынша
басталатын температураның кері санағы
орын алады.
Құрылғыны өшірген кезде, бейнебет те өшеді.
2.4 Тоңазытқыш бөлікті сөндіру
Тоңазытқыш бөлікті сөндіру үшін Тоңазытқыш
температурасының тетігін сағат тілінің
бағытына қарсы "O" қалпына дейін бұраңыз.
Тоңазытқыш бөлік жұмыс істей береді.
Тоңазытқыш бөлік жабылғаннан кейін
мұздатқыштың температурасы ғана
көрсетіледі.
Бұндай жағдайда мұздатқыш бөліктің ішіндегі
шам сөніп тұрады.
2.5 Температура көрсету
Тоңазытқыш-мұздатқыш температурасын
көрсететін түймешікті әр басқан сайын
бейнебетте төмендегілер бірінен соң бірі
көрсетіледі:
1.
– Тоңазытқыш камерасының шамы
жанады.
– Бейнебетте тоңазытқыш
температурасы пайда болады.
– Мұздатқыш камерасының шамы
2.
4)
жанады.
– Бейнебетте мұздатқыш температурасы
пайда болады.
4) Қалыпты жағдайда.
Дегенмен, 10 секундтан соң бейнебет
қалыпты жағдайға көшеді.
2.6 Функциялар мәзірі
Функция түймешігін әр басқан сайын,
төмендегі функциялар сағат бағыты бойынша
қосылады:
• Action Freeze функциясы
• Shopping функциясы
• еш символ жоқ: қалыпты жағдай.
Бір сәтте тек бір ғана функцияны
ҚОСУҒА(ON)болады.
Функцияларды OFF (сөндірулі) қалпына қою
үшін Function (функция) түймешігін ешқандай
белгіше болмағанша бірнеше рет басыңыз.
2.7 Температураны реттеу
Құрылғының ішіндегі температура
Температура тетігінің көмегімен
басқарылады.
Тоңазытқыш бөліктің температурасын
Тоңазытқыш температурасының тетігімен
реттеуге болады және ол +2°C және +8°C
градус аралығы шамасында болады.
Мұздатқыш бөліктің температурасын
Мұздатқыш температурасының тетігімен
реттеуге болады және ол -15°C және -24°C
градус аралығы шамасында болады.
Тағамды дұрыс сақтау үшін келесі
температураларды орнату керек:
тоңазытқышта +5°C
мұздатқышта -18°C.
Қалыпты жұмыс жасап тұрған кезде,
Температура индикаторы ағымдық
температураны көрсетеді.
Құрылғыны іске қосу үшін төмендегі
әрекеттерді орындаңыз:
• суықтықты ең жоғары мәнге қою үшін
Температура тетігін сағат тілінің бағытымен
бұраңыз
• ең аз суықтық мәніне қою үшін
Температура тетігін сағат тілінің бағытына
қарсы бұраңыз.
Осы екеуінің аралығы әдетте неғұрлым
оңтайлы температура деп саналады.
Дегенмен, дәл мәнді құрылғының ішіндегі
температураның төмендегі жағдайларға
тәуелді болатынын ескеріп таңдау керек:
• бөлме температурасы
• есіктің қаншалықты жиі ашылатыны
• сақталатын тағамның мөлшері
ҚАЗАҚ
77

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières