Мәселе
Біраз уақыттан кейін сүзгі
түсі өзгереді.
Ылғалдандырғыштан
жағымсыз иіс шығады.
Ауа шығысынан ауа
шықпайды.
Ылғалдандырғыштан
бу шығып жатқанын
көрмеймін. Ол жұмыс
істеп жатыр ма?
Ауа ылғалдылығы
сенсорының жұмыс
істейтінін тексергім
келеді.
Егер ылғалдандырғыш
ұзақ уақыт
пайдаланылмаған болса,
оны қалай сақтап, қайта
пайдалану қажет?
Мүмкін шешімі
• Қалдықтар тампон материалының табиғи ізі болып табылады,
олар ылғалдандыру сапасына әсер етпейді. Қақты жою үшін
ылғалдандыру сүзгісін жиі тазарту керек және ылғалдандыру
сүзгісін 6 ай сайын ауыстыру керек.
• Су ыдысы сумен толтырылғанын тексеріңіз.
• Ылғалдандыру сүзгісін тазалаңыз («Ылғалдандыру сүзгісін тазалау»
тарауын қараңыз).
• Ылғалдандырғыш ашасын қуат розеткасына жалғап,
ылғалдандырғышты іске қосыңыз.
• Бу өте таза болса, ол көзге көрінбейді. Ылғалдандырғышта су
буын түзбей шығатын саңылау аумағынан пайдалы ылғалды ауаны
шығаратын NanoCloud ылғалдандыру технологиясы бар. Сол
себепті, ылғалды көру мүмкін емес.
• Ылғалдылық сенсорына дымқыл ауа жіберіңіз. Біраз уақыт
өткен соң ылғалдылық көрсеткіші өзгереді. Ылғалдылық деңгейі
қажетті деңгейге жеткенде, ылғалдылық көрсеткішінің шамы көк
түсті болады. Ылғалдылық деңгейіне жетпегенде, ылғалдылық
көрсеткішінің шамы қызыл түсті болады.
Ылғалдандырғыш ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаса, сүзгілерде
бактериялар мен зең пайда болуы мүмкін. сақтау және қайта
пайдалану үшін төмендегі қадамдарды қараңыз.
• Су ыдысын мұқият тазалап, сақтамас бұрын ылғалдылық сүзгісін
құрғатыңыз.
• Ылғалдандырғышты қайта пайдаланбас бұрын, сүзгілерді тексеріңіз.
Егер сүзгі тым лас және онда қара дақтар пайда болған болса, оны
ауыстыру қажет (Пайдаланушы нұсқаулығында «Ылғалдандыру
сүзгісін ауыстыру» тарауын қараңыз).
KK
151