OBJ_BUCH-1208-005.book Page 172 Monday, June 20, 2016 1:31 PM
172 | Қaзақша
Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы аспаптарды және т.б. осы
нұсқауларға сай пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен орындайтын
әрекеттерге назар аударыңыз. Электр құралдарын арналмаған жұмыстарда
пайдалану қауіпті.
Аккумуляторды пайдалану және күту
Аккумуляторлық батареяны тек өндіруші көрсеткен зарядтау құрылғысымен
зарядтаңыз. Зарядтау құрылғысы белгілі бір аккумуляторлар түріне арналған, оны
басқа аккумуляторларды зарядтау үшін пайдалану өрт қаупін тудырады.
Электр құралдарына арналған аккумуляторларды ғана пайдаланыңыз. Басқа
аккумуляторларды пайдалану жарақаттарға немесе өртке әкелуі мүмкін.
Пайдаланылмайтын аккумуляторды түйіспелерді тұйықтауы мүмкін
қыстырғыштардан, тиындардан, кілттерден, шегелерден, винттерден және
басқа ұсақ темір заттардан сақтаңыз. Аккумулятор түйіспелерінің арасындағы
қысқа тұйықталу күйіктерге немесе өртке әкелуі мүмкін.
Дұрыс пайдаланбағандықтан, аккумулятордан сұйықтық ағуы мүмкін. Оған
тимеңіз. Кездейсоқ тигенде, сол жерді сумен шайыңыз. Сұйықтық көзге тисе,
медициналық көмек алыңыз. Аккумулятордағы сұйықтық теріні тітіркендіруі
немесе күйдіруі мүмкін.
Қызмет
Электр құралыңызды тек білікті маманға және арнаулы бөлшектермен
жөндетіңіз. Сол арқылы электр құралының қауіпсіздігін сақтайсыз.
Дрельдердің және шуруп бұрауыштардың қауіпсіздік
техникасы туралы нұсқаулары
Жұмыс істеген кезде құралды изоляцияланған тұтқаларынан ұстаңыз, өйткені
кесетін құрал немесе винт жасырын сымдарға тиіп кетуі мүмкін. Тоқ өтетін
сымға тию металлды құрал бөлшектеріне тоқ беріп тоқ соғуына алып келуі мүмкін.
Электр құралмен бірге жіберілген қосымша тұтқаларды ұстаңыз. Бақылауды
жоғалту зақымдарға алып келуі мүмкін.
Қажетті іздеу құралдарын пайдаланып жасырынған қорек сымдарын табыңыз
немесе жергілікті қорек үйымдарын шақырыңыз. Электр сымдарына тию өрт
немесе тоқ соғуына алып келуі мүмкін. Газ құбырын зақымдау жарылысқа алып
келуі мүмкін. Су құбырын зақымдау материалдық зиянға алып келуі мүмкін.
Сыналанса, электр құралын бірден сөндіріңіз. Кері соққыға әкелетін жоғары
реакция сәттеріне дайын болыңыз. Жұмыс құралы келесі жағдайларда тұтығады:
– электр құралына шамадан тыс жүктеме түскенде
немесе
– өңделіп жатқан бөлшек қисайса.
Электр құралын берік ұстаңыз. Шуруптарды бұрап бекіту және бұрап босату
кезінде қысқаша жоғары мезеттер пайда болуы мүмкін.
Дайындаманы бекітіңіз. Қысу құралына немесе қысқышқа орнатылған дайындама
қолыңызбен салыстырғанда, берік ұсталады.
1 609 92A 3A7 | (20.6.16)
Bosch Power Tools