OBJ_BUCH-1898-002.book Page 41 Monday, October 24, 2016 11:22 AM
Өнім және қызмет сипаттамасы
Тағайындалу бойынша қолдану
Bosch GKF 600 фрезері бар ендіру блогы ағашты,
пластикті, жеңіл құрылыс материалдарын фрезамен
өңдеуге, ойықтарды, жиектерді, профильдерді және
терең тесіктерді өңдеуге арналған.
Бейнеленген құрамды бөлшектер
Берілген бөлшек нөмірлері суреттердегі бейнелерге
негізделген.
1 Жетек механизмі
2 Ендіру блогы
3 Тереңдік шектегіші
4 Көрсеткіш белгісі бар жапқыш
5 Тереңдік шектегішіне арналған оралған басы бар
бұранда
6 Тірек платформасы
7 Сырғу тақтасы
8 Айналмалы тірек
9 Кесу тереңдігін дәл реттеуге арналған төлке
10 Кесу тереңдігін дәл реттеу шкаласы
11 Кесу тереңдігінің шкаласы
12 Ендіру функциясына арналған ажыратушы иінтірек
13 Цангалық қысқыш
14 Тұтқа (беті оқшауландырылған)
Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты
жеткізу көлемімен қамтылмайды.
Жинау
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Жетек механизмін пайдалану
(А суретін қараңыз)
– Жабық болса, қысу 13 иінтірегін ашыңыз.
– Жетек механизміндегі және ендіру блогындағы екі қос
көрсеткіні 2 бір бірінің үстіне орнатыңыз.
– Жетек механизмін соңына дейін ендіру блогына
кіргізіңіз және жетек механизмін сағат тілімен
мүмкіндігінше көп бұрыңыз.
– Цангалық қысқышты жабыңыз.
Әрқашан орнатудан кейін жетек ендіру блогында
берік тұрғанын тексеріңіз.
Пайдалану
Кесу тереңдігін орнату (В суретін қараңыз)
Кесу тереңдігін орнатуды тек электр құрылғы
өшірулі кезде орындау керек.
Кесу тереңдігін шамалап реттеу
– Фрезасы орнатылған электр құралды өңделетін
бөлшекке қойыңыз.
– Дәл реттеу 10 шкаласын „0" күйіне бұраңыз.
Bosch Power Tools
– Айналмалы тіректі 8 ең төмен деңгейге орнатыңыз;
айналмалы тірек байқаларлықтай бекітіледі.
– Тереңдік шектегішіндегі оралған басы бар бұранданы 5
тереңдік шектегіші 3 еркін қозғалатындай босатыңыз.
– Ендіру функциясының 12 ажыратушы иінтіректі
басыңыз және фрезерді фрезер дайындама бетіне
тигенше жайлап төмен жүргізіңіз. Ажыратушы
иінтіректі 12 басып осы ендіру тереңдігін бекітіңіз.
– Тереңдік шектегішін 3 айналмалы тірекке 8 отырғанша
басыңыз. Көрсеткіш белгісі бар жапқышты 4 кесу
тереңдігінің шкаласында 11 «0» күйіне орнатыңыз.
– Тереңдік шектегішін 3 қажет кесу тереңдігіне
орнатыңыз және тереңдік шектегішінде 5 бұранданы
берік бекітіңіз. Көрсеткіш белгісі бар жапқыштың 4 енді
жылжытылмауын қадағалаңыз.
– Ендіру функциясының 12 ажыратушы иінтірегін
басыңыз және фрезерді ең жоғарғы күйде жүргізіңіз.
Орнатылған кесу тереңдігі тек ендіру барысында кесу
тереңдігіне 3 айналмалы тірекке 8 тигенде ғана қол жетеді.
Тереңірек кесу үшін әрқайсысының кесу тереңдігі
төменірек бірнеше өтуді орындау керек. Айналмалы тірек
8 көмегімен фрезамен өңдеу процесін бірнеше деңгейге
бөлуге болады. Айналмалы тіректің ең төмен деңгейі бар
қажет кесу тереңдігін орнатыңыз және алдымен жоғары
деңгейлердегі өңдеу операциясын таңдаңыз. Деңгейлер
арасындағы қашықтық шамамен 3 мм құрайды.
Кесу тереңдігін дәл реттеу
Сынақ фрезамен өңдеу процесінен кейін төлкені 9 бұру
арқылы кесу тереңдігін дәл қажет деңгейге дейін орнатуға
болады. Кесу тереңдігін арттыру үшін сағат тілімен
бұрыңыз, кесу тереңдігін азайту үшін сағат тіліне кері
бұрыңыз. Шкала 10 бағдарды білу үшін қызмет етеді. Бір
айналым шамамен 1 мм бір жылжуға сәйкес келеді, ең көп
жылжу шамамен 4 мм құрайды.
Ендіру блогы 2 ең аз терең деңгейде төменірек режимге
өткізсе, онда үлкен ендіру тереңдігінде дәл реттеуге жету
мүмкін емес, өйткені ең көп жылжыту пайдаланылған.
Тереңдік шектегіші 3 айналмалы тірекке 8 тиіп тұрса, дәл
реттеу мүмкін емес.
Үлгімен кесу тереңдігін орнату
Үлгі ретінде тесуге арналған бөлшекті орнатыңыз,
мысалы, шарнирлік топсаларды.
– Айналмалы тіректі 8 ең төмен деңгейге орнатыңыз;
айналмалы тірек байқаларлықтай бекітіледі.
– Қоятын бөлшекті айналмалы тіректің ең төмен
деңгейіне қойыңыз.
– Тереңдік шектегішіндегі оралған басы бар бұранданы 5
тереңдік шектегіші 3 еркін қозғалатындай босатыңыз.
– Тереңдік шектегішін қоятын бөлшекке отырғанша
басыңыз, тереңдік шектегішіндегі оралған басы бар
бұранданы берік бекітіңіз.
– Қоятын бөлшекті айналмалы тіректен алыңыз.
Қaзақша | 41
1 609 92A 3G3 | (24.10.16)