Аспаппен жұмыс істегенде, және де
оған қызмет көрсеткенде ұзын
шаштарды байлап, бас киім (жаулық,
кепка және т.б.) астына жасыру қажет.
4.4 Құрылғыны тасымалдау
Өткір жүздерден және ыстық
бөлшектерден зақымданбау үшін үнемі
қолғаппен жұмыс істеу керек.
Қозғалтқышы қосулы тұрған құрылғыны
тасымалдамаңыз. Тасымалдар
алдында қозғалтқышты сөндіріңіз,
пышақтың тоқтауын күтіңіз және
түйіспелі оталдыру білтесін суырып
алыңыз.
Қозғалтқыш суыған және жағармай багы
босатылған кезде ғана шапқышты
тасымалдаңыз.
Құрылғыны тек тиісті түрде орнатылған
суарма шұңғымамен ғана
тасымалдаңыз.
Бос жатқан пышақтар арқылы, дене
зақымдарының келтірілу қаупі бар!
Әсіресе еңкейту кезінде құрылғының
салмағын ескеріңіз.
Сай келетін жүктеу механизмдерін
(жүктеу тұғырнамаларын, жүк көтергіш
қондырғыларды) пайдаланыңыз.
Пайдалану жөніндегі нұсқаулықта
көрсетілген орындарды пайдалана
отырып, ұсақтағышты сәйкес келетін
құралдармен (баулармен, қайыстармен
және т.б.) бекіту керек. ( 12.3)
Құрылғыны тек жүріс жылдамдығымен
тартуға немесе тасуға болады.
Сүйретпеңіз!
0478 216 9907 C - KK
Құрылғыны тасымалдау кезінде, атап
айтсақ, жүктеу тұғырнамаларында
жүктің және тасымалданатын заттың
қауіпсіздігіне қатысты жергілікті
заңдардың талаптарын орындау қажет.
4.5 Жұмысты бастамас бұрын
Құрылғыны пайдалану жөніндегі
нұсқаулықты оқып шыққан адамдар
ғана пайдаланатынына көз жеткізіңіз.
Құрылғыны қолданысқа енгізуден
бұрын жанармай жүйесінің бітеулігін
тексеріңіз, әсіресе жанармай багы,
жанармай багының қақпағы және шланг
байланыстары секілді бөліктерінде.
Жанармай ағып кеткен кезде немесе
зақым келген кезде іштен жанатын
қозғалтқышты қосуға тыйым салынады
– бұл өртке әкелуі мүмкін!
Құрылғыны қолданысқа енгізуден
бұрын оны арнайы мамандандырылған
қызмет көрсету орталығында жөндеу
керек.
ІЖҚ мен электр қозғалтқышпен
жабдықталған бақ аспаптарын
пайдалану ережелерін сақтаңыз.
Құрылғыны пайдаланар алдында
ақауларды жойып, барлық тозған және
зақым келген бөлшектерді алмастыру
керек. Құрылғыдағы анық емес немесе
зақымдалған қауіп және ескерту
белгілерін жаңартыңыз. STIHL
делдалыңызда қосалқы жапсырмалар
мен барлық басқа қосалқы бөліктер бар.
Іске қосу алдында,
– қаптамалар мен сақтандырғыш
құрылғылардың орнатылу керектігіне
және мінсіз күйде екендігіне,
– іштен жанатын қозғалтқыштағы
барлық жанармай өткізетін
бөліктердің орнында және ретімен
(тығыз) орналасқандығына,
– бак ретімен (тығыз)
орналасқандығына,
– корпус пен кескіш құрылғының
(пышақ, кесетін десте, дискілі
пышақтар және т.б.) тозбағандығына
немесе зақымдалмағандығына,
– құрылғыда ұсақталатын
материалдың жоқ екендігіне және
тиеу шұңғымасының бос екендігіне,
– барлық бұрандалар, гайкалар және
бекіткіш элементтер тиісті түрде
орнатылып, тартылғандығына көз
жеткізіңіз. Босап кеткен бұрандалар
мен гайкаларды қолдану алдында
тартып бұрау қажет (созылу мезетін
тексеріңіз).
Құрылғыны тек ашық аспан астында,
қабырға мен басқа да қозғалмайтын
объекттерден алшақ жерде
пайдаланыңыз, жарақат алу қаупін
және мүлікті зақымдау қауіпін
төмендету үшін (пайдаланушы үшін
жеткіліксіз жұмыс аймағы, шыны
сындыру, автокөлікті сызып алу және
т.б.).
Құрылғы тегіс әрі жатық қабатты
орнықты тұруы керек.
Құрылғыны тастар мен қиыршық
тастарға орнатып пайдалануға тыйым
салынған, ұшқындайтын материалдан
жарақат алуы мүмкін.
Әр ретте бастаған кезде құрылғы тиісті
түрде жабылғандығына көз жеткізіңіз.
( 7.7)
477