Тартпаларды жүктеу
Кеңестер
Тартпаларды жүктемес бұрын, ыдыс-аяқтан барлық тамақ
қалдықтарын тазалаңыз және стақандар мен ыдыстардан
сұйықтықтарды төгіңіз. Ағын су астында алдын ала
шаюдың қажеті жоқ.
Ыдыс-аяқ мықтап орнында ұсталып тұратындай және құлап
кетпейтіндей орналастырыңыз; және ыдыстарды ауызын
төмен қаратып, дөңес бөліктерін еңкейтіп қойыңыз, сонда су
барлық беттерге тиіп, еркін түрде ағады.
Қақпақтар, тұтқалар, науалар және табалар тозаңдатқыш
өзекшелердің бұрылуына кедергі келтірмейтініне көз жеткізіңіз.
Кіші заттарды ыдыс-аяқ себетіне қойыңыз.
Пластмасса ыдыстар мен жабыспайтын табаларда су
тамшылары көбірек қалатындықтан, олар керамикалық
немесе тот баспайтын болаттан жасалған ыдыстарға
қарағанда сондай жақсы кеппейді.
Пластмассадан жасалған ыдыстар сияқты жеңіл заттарды
жоғарғы тартпаға қойып, жылжымайтындай орналастырылуы
тиіс.
Құрылғыны жүктегеннен кейін, тозаңдатқыш өзекшелер еркін
жылжи алатынына көз жеткізіңіз.
Төменгі тартпа
Төменгі тартпаға кастрөлдерді, қақпақтарды, тәрелкелерді,
салат ыдыстарын және т.б. салуға болады. Үлкен тәрелкелер
мен қақпақтарды тартпаның шет жақтарына қойған жөн.
Қатты ластанған табақтар мен кастрөлдерді төменгі тартпаға
қою керек, себебі бұл жерде су қатты шашырайды да, жуу
өнімділігі жоғары болады.
Бірнеше ыдыс жуу машинасы қайырмалы бөлімшелермен
жабдықталған*.
Оларды табақтарды орналастырған кезде тік күйде немесе
табалар мен салат ыдыстарын оңай орналастыру үшін
көлденең күйде (төменгі) қолдануға болады.
Ыдыс-аяқ себеті
Төменгі тартпадағы орынды оңтайлы пайдалану үшін модульді
себетті сырғытуға болады. Ол ыдыс-аяқты орналастыруды
жеңілдететін үстіңгі торлармен жабдықталған.
Жоғарғы тартпа
Бұл тартпаға стақандар, шыныаяқтар, табақшалар мен тайпақ
салат ыдыстары сияқты нәзік әрі жеңіл ыдыс-аяқтар салыңыз.
Бірнеше ыдыс жуу машинасы қайырмалы бөлімшелермен
*
жабдықталған
. Шай/десерт табақшаларын орналастырған
кезде оларды тік күйде немесе кеселер мен тағам
контейнерлерін салу үшін төменгі қалыпта қолдануға болады.
*
Тек кейбір үлгілерде бар.
KZ
77