» Жұптау сәтсіз болса, сабвуфердегі
көрсеткіш ақ болып жай
жыпылықтайды.
4
Жұптау сәтсіз болса, жоғарыдағы
қадамдарды қайталаңыз.
Ескертпе
•
Егер сымсыз ажырату немесе жұптау 1 минут
жалғасса, сабвуфер автоматты түрде күту режиміне
өтіп, сабвуфердегі ЖШД өшеді.
Теледидардан аудионы қосу
Бұл өнімді теледидарға қосыңыз. Бұл
өнімнің динамиктері арқылы теледидар
бағдарламаларының аудиосын тыңдауыңызға
болады.
1-опция: HDMI (ARC) арқылы
теледидарға жалғау
Ең жақсы сапалы дыбыс
Бұл өнім Дыбысты қайтару арнасы (ARC)
мүмкіндігі бар HDMI көзін қолдайды. ARC
мүмкіндігімен теледидар аудиосын осы өнім
арқылы бір HDMI кабелі көмегімен естуге
болады.
Қажетті әрекеттер
•
Жоғары жылдамдықты HDMI кабелі.
•
Теледидар HDMI ARC және HDMI-
CEC параметрін қолдайды (толығырақ
теледидардың пайдаланушы
нұсқаулығынан қараңыз).
•
Кейбір теледидар модельдері үшін
теледидардың реттеу мәзірінен
сыртқы динамик шығысын қосыңыз
(толығырақ теледидардың пайдаланушы
нұсқаулығынан қараңыз).
8
KK
1
Жылдамдығы жоғары HDMI кабелін
пайдаланып, осы өнімдегі HDMI OUT
(ARC) қосқышын теледидардағы HDMI
ARC қосқышына қосыңыз.
Теледидардың HDMI ARC
•
қосқышының белгісі басқа болуы
мүмкін. Мәліметтерді теледидардың
пайдаланушы нұсқаулығында қараңыз.
2
Теледидарда HDMI-CEC әрекеттерін
қосыңыз.
•
Теледидардағы HDMI-CEC
параметрлеріне қатысты ақаулар
туралы ақпаратты алу мақсатында
HDMI-CEC реттеуі дұрыс екенін
тексеру үшін теледидардың
пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз
немесе қажет болса, теледидар
өндірушісіне хабарласыңыз.
3
HDMI ARC қосылымын қосу үшін осы
өнімнің қашықтан басқару құралындағы
HDMI ARC түймесін басыңыз.
Ескертпе
•
Барлық HDMI-CEC құрылғыларымен 100%
үйлесімділікке кепілдік берілмейді.
•
Теледидар HDMI ARC көзімен үйлесімді болмаса,
теледидар дыбысын осы өнім арқылы есту үшін
аудио кабельді жалғаңыз.
TV