STERWINS 20VPHT2-44.1 Notice De Montage, Utilisation Et Entretien page 195

Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 4
• Барлық қуат сымдары мен кабельдерін кесу аймағынан алыс
ұстаңыз. Қуат сымдары немесе кабельдері бұталар немесе
бұтақшаларда көрінбей қалуынан, құрылғы жүзі оларды байқаусызда кесіп
кетуі мүмкін.
• Бұта кескішті қолайсыз ауа райы кезінде, əсіресе найзағай түсу қаупі
бар кезде пайдаланбаңыз. Бұл құрылғыға найзағай соғу қаупін азайтады.
2.11 САБЫ ҰЗАРТЫЛҒАН БҰТА КЕСКІШТЕРГЕ АРНАЛҒАН ҚАУІПСІЗДІК
ТУРАЛЫ ҚОСЫМША НҰСҚАУЛАР
• Сабы ұзартылған бұта кескіш қауіпсіздігі бойынша ескертулер:
• Ток соғу қаупін азайту үшін, ешқашан сабы ұзартылған бұта кескішті
қандай да бір электр желілеріне жақын жерде пайдаланбаңыз. Электр
желілеріне сүйкену немесе оның жанында құрылғыны пайдалану ауыр
жарақат алуға немесе токтың соғуы өлімге əкелуі мүмкін.
• Сабы ұзартылған бұта кескішті пайдаланғанда, оны екі қолыңызбен
ұстаңыз. Басқаруды жоғалтып алмау үшін, сабы ұзартылған бұта
кескішті екі қолыңызбен ұстаңыз.
• Сабы ұзартылған бұта кескішті басыңыздан жоғары көтеріп
пайдаланғанда, əрқашан басқа арналған қорғаныш құралын киіңіз.
Құлайтын қалдықтар ауыр жарақат алуға себеп болуы мүмкін.
2.12 ҚАЛДЫҚ ҚАУІПТЕР
• Осы пайдалану нұсқаулығының көмегімен осы өнімді пайдалану жолымен
танысып шығыңыз. Қауіпсіздік бойынша нұсқауларды есіңізде сақтап,
оларды толықтай орындаңыз. Бұл қауіп төнудің алдын алуға көмектеседі.
Қауіптерді ерте байқау жəне алдын алу үшін осы өнімді пайдаланған
кезде əрдайым сақ болыңыз. Жылдам араласу ауыр жарақат алу мен
мүліктің зақымдалуына жол бермейді. Ақаулар орын алса, құралды өшіріп,
батареясынан ажыратыңыз.
• Тіпті барлық нұсқаулар қатаң түрде орындалса да, қауіп тудыруы мүмкін əлі
де кейбір факторлар бар:
- Өңделетін бұйым бөлшектерінің лақтырылуы.
- Дірілге байланысты туындаған жарақаттар: арнайы тұтқаларды
пайдаланыңыз жəне жұмыс уақыты мен діріл деңгейін азайтып көріңіз.
- Шуға байланысты туындаған жарақаттар: құлаққа арналған қорғаныш
құралын тағыңыз жəне жұмыс уақыты мен шу деңгейін азайтыңыз.
- Шаң мен бөлшектермен дем алу.
- Қорғаныш көзілдірігін үнемі тағып жүріңіз.
Аспапты қолдану кезінде осы факторлардың кез келгені туындаса, аспапты
тоқтатып, дəрігерге дереу хабарласыңыз.
195
FR
ES
PT
IT
EL
PL
RU
KZ
UA
RO
BR
EN

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières