Bosch GPB 18V-2 C Professional Notice Originale page 162

Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 21
162 | Қазақ
Кез келген деңгейдегі мәзір функциясынан шығу және
аудио жұмыс режиміне қайтып оралу үшін дыбысты
өшіру түймесін (8), дисплейде мәзір функциясының
индикаторы (e) сөнгенше, басыңыз. Балама ретінде
радио қабылдағыш түймені соңғы рет басқаннан кейін
10 секунд ішінде автоматты түрде аудио жұмыс режиміне
қайтып оралады.
Егер мәзір реттеулері радио қабылдағышты өшіру
кезінде ары қарай жадқа сақталмай қалса, түймелі
батареяны (буферлік батареяны) алмастырыңыз.
Мәзір опциялары (GPB 18V‑2 C)
Мәзір таңдауы радио қабылдағыш орналасқан аудио
жұмыс режиміне ішінара тәуелді болады.
<EQ>
Дыбыс мәзірі: биіктік деңгейін <TR> және тереңдік
деңгейін <BA> −5 және +5 аралығындағы диапазонда
реттеуге болады. Дыбыс реттеулері әр аудио көзі үшін
бөлек сақталады.
<TIME>
Уақыт мәзірі: 12 сағаттық <12HR> және 24 сағаттық
<24HR> уақыт пішімдерінің арасында таңдауға және
уақытты қолмен реттеуге болады.
<MONO> (FM/FM2 аудио көзінде)
Моно сигналды қабылдау мәзірі: моно сигналды
қабылдауды қосуға <ON> немесе өшіруге <OFF> болады.
Моно сигналды қабылдау, радио таратқыш сигналы әлсіз
болғанда стерео және моно сигналды қабылдау
режимдерінің арасында ауысқан жағдайда, ұсынылады.
<TWS> (Bluetooth® аудио көзінде)
True Wireless Stereo мәзірі: радио қабылдағышты оң
жақ динамик <TWSR> ретінде, сол жақ динамик <TWSL>
ретінде белгілеуге немесе функцияны өшіруге <OFF>
болады.
Мәзір опциялары (GPB 18V‑2 SC)
Мәзір таңдауы радио қабылдағыш орналасқан аудио
жұмыс режиміне ішінара тәуелді болады.
Мәзір ішінде мәзірдің атауы көп функциялы
индикатордың (k) жоғарғы жолағында, ал таңдауға
болатын реттеу – астыңғы жолағында көрсетіледі.
<Set EQ>
Дыбыс мәзірі: биіктік деңгейін <Treble> және тереңдік
деңгейін <Bass> −5 және +5 аралығындағы диапазонда
реттеуге болады. Дыбыс реттеулері әр аудио көзі үшін
бөлек сақталады.
<Set Time>
Уақыт мәзірі:
– 24 сағаттық <24 Hour Mode> және 12 сағаттық
<12 Hour Mode> уақыт пішімдерінің арасында
таңдауға болады.
– Уақытты <Set Hour> немесе <Set Minute> арқылы
қолмен реттеуге болады.
– Нұсқау: егер DAB/DAB2 аудио көзінде уақытты
тарататын радио қабылдағыш таңдалған болса, осы
уақыт автоматты түрде қабылданады. Қолмен
реттелетін уақыт параметрлері қайта жазылады.
1 609 92A 6F3 | (30.03.2021)
<Reset All>
Бастапқы күйге қайтару мәзірі: барлық мәзір
реттеулерін әдепкі күйге қайтаруға <Yes> немесе
ағымдағы реттеулерге қайтаруға <No> болады.
<Auto Scan> (DAB/DAB2 аудио көзінде)
Таратқышты автоматты түрде іздеу мәзірі:
таратқышты автоматты түрде іздеу процесін іске қосуға
болады.
<Manual Tune> (DAB/DAB2 аудио көзінде)
Қолмен реттеу мәзірі: қажетті жиілікті қолмен реттеуге
болады.
<Display Type> (DAB/DAB2 аудио көзінде)
Индикация түрі мәзірі: көп функциялы индикатордың
(k) астыңғы жолағында көрсетілетін мәтінді таңдауға
болады:
– радио таратқыштан таратылатын ақпараттық мәтін
<Dynamic Label>,
– таратқыштың жиілігі <Frequency>,
– сигнал қуаты <Signal Strength>,
– радио таратқыштан таратылатын бағдарлама түрі
<Program Type>.
<Display Type> (FM/FM2 аудио көзінде)
Индикация түрі мәзірі: көп функциялы индикатордың
(k) астыңғы жолағында көрсетілетін мәтінді таңдауға
болады:
– радио таратқыштан таратылатын ақпараттық мәтін
<Radio Text>,
– таратқыш атауы <Program Service>,
– радио таратқыштан таратылатын бағдарлама түрі
<Program Type>.
<Set FM Mono> (FM/FM2 аудио көзінде)
Моно сигналды қабылдау мәзірі: моно сигналды
қабылдауды қосуға <On> немесе өшіруге <Off> болады.
Моно сигналды қабылдау, радио таратқыш сигналы әлсіз
болғанда стерео және моно сигналды қабылдау
режимдерінің арасында ауысқан жағдайда, ұсынылады.
<TWS> (Bluetooth® аудио көзінде)
True Wireless Stereo мәзірі: радио қабылдағышты оң
жақ динамик <TWS Right> ретінде, сол жақ динамик
<TWS Left> ретінде белгілеуге немесе функцияны
өшіруге <OFF> болады.
Сыртқы құрылғыларды электр қуатымен
жабдықтау
USB жалғағышы
USB жалғағышының көмегімен электр қуатымен USB
арқылы жабдықтауға болатын құрылғыларды (мысалы,
әртүрлі мобильді телефондар) зарядтауға болады.
Максималды зарядтау тогы 1,2 А құрайды.
Жалғағыштар бөлімінің (15) қорғаныш қалпағын
ашыңыз. Сыртқы құрылғының USB жалғағышын жарамды
USB кабелі арқылы радио қабылдағыштың USB зарядтау
ұяшығына (23) жалғаңыз (USB charging).
Bosch Power Tools

Publicité

Table des Matières
loading

Ce manuel est également adapté pour:

Gpb 18v-2 sc professional

Table des Matières