Араластырғыштарға арналған қауіпсіздік техникасының нұсқаулары
▶
Электр құралын екі қолмен арнайы тұтқаларынан ұстаңыз. Бақылау мүмкіндігінен айырылу жарақат алуға әкелуі мүмкін.
▶
Жанғыш заттектерді араластырған кезде қауіпті атмосфералардан аулақ болу үшін жеткілікті ауа алмасуды қамтамасыз
етіңіз. Пайда болатын булар ішке тартылуы немесе электр құралында туындайтын ұшқыннан тұтануы мүмкін.
▶
Азық-түлік өнімдерін араластырмаңыз. Электр құралдары және олардың алмалы-салмалы аспаптары азық-түлік өнімдерін өңдеу
үшін құрастырылмаған.
▶
Араластырғыш контейнердің берік және қауіпсіз қалпын қамтамасыз етіңіз. Дұрыс бекітілмеген контейнер кенет жылжып кетуі
мүмкін.
▶
Араластырылатын
материал
Араластырылатын материал денсаулық үшін қауіпті болуы мүмкін.
▶
Араластыру барысында араластырғыш контейнерге қол сұқпаңыз немесе ешқандай басқа заттарды ішіне салмаңыз.
Араластырғыш саптамамен жанасу ауыр жарақат алуға әкелуі мүмкін.
▶
Электр құралын тек араластырғыш контейнерде іске қосып өшіріңіз. Араластырғыш саптама бақылаусыз лақтырылуы немесе
бүгілуі мүмкін.
Қауіпсіздік техникасы бойынша қосымша ережелер
▶
Өнімді және керек-жарақтарды тек техникалық мінсіз күйінде қолданыңыз.
▶
Өнімде немесе керек-жарақтарда ешқандай манипуляциялар не өзгерістер орындамаңыз.
▶
Құлап қалған құралдардан және/немесе керек-жарақтардан жарақат алу қаупі бар. Жұмысты бастамас бұрын аккумулятор мен
қондырылған керек-жарақтың берік бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
▶
Алмалы-салмалы аспап ретінде ұзартқыштарсыз Hilti араластырғыш саптамаларын ғана пайдаланыңыз.
▶
Желдету саңылауларын әрдайым бос ұстаңыз. Үсті жабылған желдету саңылауларынан өрт қаупі туындайды!
▶
Егер өнім араластырылатын материал ішіне түсіп қалса, өнімді дереу өшіріп, әрі қарай пайдаланбаңыз. Өнімге түскен материал
зақымдалуға және ток соғуға әкелуі мүмкін.
▶
Аспаптың айналатын бөлшектеріне тимеңіз - жарақат алу қаупі бар!
▶
Өнімді қолдану барысында қорғауыш көзілдірікті, қорғауыш касканы, қорғауыш қолғап пен қорғауыш құлаққапты киіп жүріңіз.
▶
Араластыру кезінде пайда болатын шаңда қауіпті химиялық заттар болуы мүмкін. Мысалдары келесідей: қорғасын немесе қорғасын
негізіндегі бояулар; Кірпіш қалау өнімдері, табиғи тас және басқа силикаттық өнімдер; асбест немесе құрамында асбест бар
материалдар. Пайдаланушы мен оның айналасындағы адамдарға әсер ету дәрежесін өңдеу орындалатын материалдардың қауіп
класы бойынша анықтаңыз. Әсерді қауіпсіз деңгейде сақтау үшін шаң жинайтын жүйелерді пайдалану немесе арнайы тыныс алу
органдарының қорғанысын киіп жүру сияқты қажетті шараларды қолданыңыз. Әсер ету дәрежесін азайту бойынша жалпы шараларға
төмендегілер жатады:
▶
Жақсы желдетілген аймақта жұмыс істеу,
▶
Шаңның ұзақ уақыт бойы тиюіне жол бермеу,
▶
Шаңды көз бен денеден алыстату,
▶
Қорғаныс киімін киіп жүру және әсер етілген жерлерді сумен және сабынмен жуу.
▶
Саусақтың қан айналымын жақсарту үшін жиі үзіліс жасап, жаттығу жасаңыз. Ұзақ уақыт жұмыс істеген кезде, қатты дірілдердің
салдарынан саусақ, қол не буындардың қантамыры не жүйкесіне теріс әсер тиюі мүмкін.
▶
Өнімді жұмыс күйіне орнатылғаннан кейін ғана қосыңыз.
▶
Өнімді алып тастау алдында ол толығымен тоқтағанша күтіңіз.
Аккумулятормен дұрыс жұмыс істеу және оны дұрыс пайдалану
▶
Литий-иондық аккумуляторларды пайдалану және күту бойынша төмендегі қауіпсіздік шараларын орындаңыз. Нұсқауларды
орындамау тері тітіркенуіне, ауыр тот басқыш жарақаттарға, химиялық күйіктерге, өртенуге және/немесе жарылысқа апарып соғуы
мүмкін.
▶
Аккумуляторларды тек техникалық мінсіз күйінде қолданыңыз.
▶
Зақымдалуды болдырмау және денсаулыққа қатты зиян келтіре алатын сұйықтықтардың шығуына жол бермеу үшін аккумуляторларды
абайлап қолданыңыз!
▶
Аккумуляторларды ешбір жағдайда модификациялауға немесе құрылымына өзгеріс енгізуге болмайды!
▶
Аккумуляторларды бөлшектеуге, қысуға, 80°C (176°F) шамасынан жоғары температураға дейін қыздыруға және жағуға тыйым
салынады.
▶
Соққы тиген немесе басқаша зақымдалған аккумуляторларды пайдаланбаңыз немесе зарядтамаңыз. Аккумуляторларда зақымдалу
белгілерінің бар-жоғын жүйелі түрде тексеріп тұрыңыз.
▶
Еш жағдайда қайта өңделген немесе жөнделген аккумуляторларды пайдаланбаңыз.
▶
Ешқашан аккумуляторды немесе аккумуляторлық электр құралын соқпа құрал ретінде пайдаланбаңыз.
▶
Аккумуляторларға ешқашан тікелей күн сәулесі, жоғары температура, ұшқын немесе ашық жалын әсерін тигізбеңіз. Бұл жарылысқа
апарып соғуы мүмкін.
▶
Батарея полюсіне саусақпен, құралдармен, әшекеймен немесе басқа да электр тогын өткізетін бөгде заттармен тимеңіз. Бұл
аккумуляторға зақым келтіруі, сондай-ақ мүлікке залал келтіруі және жарақат алуға әкелуі мүмкін.
▶
Аккумуляторларды жаңбыр, ылғал мен сұйықтықтарда алшақ ұстаңыз. Еніп кеткен ылғал қысқа тұйықталу, ток соғу, күйіп қалу, өртену
және жарылыс қаупін тудыруы мүмкін.
▶
Тек осы аккумулятор түрі үшін көзделген зарядтағыш құрылғылар мен электр құралдарын пайдаланыңыз. Бұл ретте тиісті пайдалану
бойынша нұсқаулықтардағы мәліметтерге назар аударыңыз.
▶
Аккумуляторды жарылғыш орталарда пайдаланбаңыз немесе сақтамаңыз.
*2341693*
бойынша
мәліметтерді
2341693
және
қауіпсіздік
техникасының
нұсқауларын
орындаңыз.
65