All manuals and user guides at all-guides.com
Қосымша
Ақаулықтарды жою
Samsung сервис орталығына хабарласпай тұрып, келесі шешімдерді қолданып көріңіз.
Samsung DeX режимінен Қолданбалар түймесі → → Бізге хабарласыңыз → Жиі
қойылатын сұрақтар тармағын таңдап, қатысты мазмұнды қараңыз.
Мультимедиалық док-станция немесе қосылған
құрылғылар қатады
Егер мультимедиалық док-станция немесе қосылған құрылғылар қатып қалса немесе тұрып
қалса, мұны қосылған мобильді құрылғыны өшіріп қайта қосу арқылы шешіп көріңіз.
Егер мультимедиалық док-станция немесе қосылған құрылғылар жауап бермесе,
құрылғыларды мультимедиалық док-станциядан ажыратып қайта қосыңыз.
Егер ақаулық әлі де шешілмей жатса, Samsung сервис орталығына хабарласыңыз.
Мультимедиалық док-станция нұсқаулықта сипатталғаннан
басқаша жұмыс істейді
Қол жетімді функциялар қосылған құрылғыға байланысты өзгеріп отыруы мүмкін.
Экран қатынасы дұрыс емес
Samsung DeX режимінде HD+, FHD және WQHD ажыратымдылықтарына қолдау көрсетіледі.
Мобильді құрылғыдағы кейбір мазмұн ТД-да немесе мониторда әр түрлі көрсетілуі мүмкін.
Қосылған теледидар немесе монитор мәзірінен экран қатынасын реттеңіз.
Қазақ тілі
20
20