Télécharger Imprimer la page

Prestigio Garda PWO105SL Guide De Démarrage Rapide page 34

Masquer les pouces Voir aussi pour Garda PWO105SL:

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 23
Automatic Wine Opener
All manuals and user guides at all-guides.com
2. Электр штопорды бөтелкенің қылтасына қойыңыз. Штопор тік күйінде және
тығынның дәл ортасында екеніне көз жеткізіңіз.
3. Штопорды бөтелкеден шығару үшін "ТӨМЕН ҚАРАЙ" батырмасын басып
тұрыңыз, бір мезгілде штопорға үстінен басыңыз. Тығынды шығарғаннан кейін
"ТӨМЕН ҚАРАЙ" батырмасын босатыңыз және бөтелкенің қылтасынан
штопорды алыңыз.
4. Тығын құрылғыдан шығарылғанша "ЖОҒАРЫ ҚАРАЙ" батырмасын ұстап
тұрып, штопордан тығынды алып шығыңыз.
Аэраторды пайдалану
Аэраторды бөтелкенің қылтасына мықтап салыңыз да, бөтелкені шығынқының
ұзын бөлігін төмен қарай еңкейтіп, шарапты құйыңыз.
Сорғы мен вакуумдық тығынды пайдалану
1. Вакуумдық тығынды бөтелкеге салыңыз. Штопорды төңкеріп, вакуумдық
сорғыны қатаң түрде тығыны бар бөтелкенің қылтасына тік орнатыңыз, ал
екінші қолыңызбен вакуумдық тығын мен бөтелкені қылтасынан ұстап
тұрыңыз.
2. Ауаны сору үшін сорғыға бірнеше рет ақырын басыңыз. Вакуум пайда
болған кезде бөтелкеден ауаны сору дыбысы төмендей бастайды.
3. Осыдан кейін, сақинаны солға немесе оңға бұрып, тығынның сыртқы жағына
таусылмаған шарап бөтелкесінің жабылу күнін белгілеуге болады.
Қауіпсіз пайдалану ережелері
Құрылғыны тек шарап бөтелкелерін ашу үшін пайдаланыңыз. Шампан
шараптарын ашу үшін пайдаланбаңыз. 15 жылдан асқан шарап бөтелкелерін
ашқанда абай болыңыз – тығын ұсатылып қалуы мүмкін. Желілік адаптерде
көрсетілген қуат пен кернеу сіздің электр желіңіздің қуаты мен кернеуіне
сәйкес келетініне көз жеткізіңіз. Құрылғыны балаларға қолжетімді емес
жерлерде орналастырыңыз. Штопорды суға немесе басқа сұйықтыққа
салмаңыз. Желілік адаптерге су тигізбеңіз. Бөтелкені ашуды тездетуге
тырыспаңыз, құрылғыны тартпаңыз. Құрылғының қозғалмалы бөліктеріне қол
тигізбеңіз. Штопорды корпусының сыртынан ұстаңыз. Кез келген ақаулықтар
анықталған жағдайда, аспапты пайдалануды тоқтатып, мамандандырылған
сервистік орталыққа жүгіну қажет. Құрылғыны өзіңіз жөндеуге тырыспаңыз.
34
©2021 Prestigio

Publicité

loading