2-3 топтарына арналған отырғышты сатып алғаныңызға рақмет. – Егер осы өнімге
қатысты анықтама қажет болса, тұтынушы қызметімізге хабарласыңыз (деректер
осы нұсқаулықтың артқы мұқабасында).
ҚАУІПСІЗДІК ЕСКЕРТУІ
ЕСКЕРТУ:
Осы өнімді пайдалану алдында нұсқауларды мұқият оқыңыз және
оларды анықтамалық ретінде сақтап қойыңыз. Осы нұсқаулар сақталмаған кезде
балаға қауіп төнуі мүмкін. 2-3 топтарына арналған отырғыштарды үш нүктелі белдік
бар алға қарайтын көлік отырғышына орнату керек (1).
•
Бала отырғышының қатты және пластик бөліктерін қалыпты пайдалану шартта-
рында қозғалатын отырғышқа немесе көлік есігіне қысылып қалмайтындай орна-
ластыру және орнату керек.
•
Балаға тағылатын бауларды қатты ұстап, ешбір баудың ширатылып қалмағанын
тексеріңіз.
•
Келеңсіз оқиға кезінде ауыр қысымға шалдыққан кезде отырғышты ауыстыруға
кеңес беріледі.
•
Тиісті ұйымдардың алдын ала рұқсатынсыз отырғыш бөліктерін өзгерту не-
месе басқа құралдар қосу қауіпті. Осы отырғышты орнатуға қатысты өндіруші
нұсқауларын жіті орындау керек.
•
Тіке күн сәулесі түскен кезде көліктің іші өте ысып кетуі мүмкін: Сондықтан,
пайдаланылмаған кезде бала отырғышын жауып қоюға кеңес беріледі. Бұл
құрамдастардың, әсіресе отырғышқа тіркелген бөліктердің ысып кетіп, баланы
күйдіріп жібермеуіне көмектеседі.
•
Отырғышта балаңызды мүлдем қараусыз қалдырмаңыз
•
Көліктегі жүк және басқа ауыр немесе өткір заттарды бекітіп қою қажет: босап
тұрған заттар апат кезінде жарақат әкелуі мүмкін.
•
Отырғышты қаптамасыз пайдаланбаңыз.
•
Қаптамасын тек өндіруші кеңес еткен қаптамамен ауыстырыңыз, себебі ол
отырғыштың жарамдылығына тікелей ықпал етеді
•
Егер осы отырғышты орнату және дұрыс пайдалану жөнінде күдігіңіз болса,
өндірушіге хабарласыңыз
•
Егер отырғышты дұрыс орнату әдісі жөнінде күдігіңіз болса, өндірушіге
хабарласыңыз.
•
Отырғышты көлік өндірушісі нұсқаулығында "әмбебап" делінген орындарға
орнатыңыз және белдік үшін қалыпты өткізу бағытын пайдаланыңыз.
•
Нұсқауларда сипатталғаннан және отырғышта көрсетілгеннен басқа жанасу
нүктелерін пайдаланбаңыз
•
Тіпті егер жол ережелері алдына орнатуға рұқсат берсе де, артқы отырғыштарды
таңдаңыз.
•
Нұсқауларда сипатталғаннан және отырғышта көрсетілгеннен басқа жанасу
нүктелерін пайдаланбаңыз.
•
Қауіпсіздік белдігінің қаттылығын тексеріңіз.
•
Отырғышта немесе белдік тоғаларында қалып қойған тамақтың немесе басқа
нәрсенің бар-жоқтығын тексеріңіз
Пайдаланушы нұсқаулығы - KZ
25