● Жеңіл жарақаттануға
апарып соғуы ықтимал
қауіпті жағдай бойынша
нұсқау.
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
● Материалдық зиянға
апарып соғуы ықтимал
қауіпті жағдай бойынша
нұсқау.
Электр құралдарының
жалпы қауіпсіздік ережелері
ЕСКЕРТУ
● Барлық қауіпсіздік
ережелерін жəне
нұсқауларды оқып
шығыңыз.
Нұсқаулар мен қауіпсіздік
техникасы бойынша
нұсқаулықты сақтамау
электр тогының соғуына
жəне/немесе ауыр
жарақатқа əкелуі мүмкін.
Болашақ үшін барлық
қауіпсіздік пен
нұсқауларды сақтаңыз.
Қауіпсіздік техникасы
бойынша нұсқаулықта
қолданылатын «электр
құралы» термині электр
қуатымен жұмыс істейтін
электр құралдарына (қуат
сымы бар) жəне
аккумуляторлық электр
құралдарына (қуат сымы жоқ)
қатысты.
1 Жұмыс орнының
қауіпсіздігі
340
a Жұмыс аймағын таза
ұстаңыз жəне жақсы
жарықтандырыңыз. Таза
емес жəне
жарықтандырылмаған
жұмыс орындары
апаттарға əкелуі мүмкін.
b Электр құралмен
тұтанғыш сұйықтықтар,
газдар немесе шаңдар
бар ықтимал жарылғыш
ортада жұмыс істемеңіз.
Электр құралы шаңды
немесе буды тұтандыруы
мүмкін ұшқындар
шығарады.
c Электр құралын
пайдалану кезінде
балалар мен басқа
адамдарды алыс
ұстаңыз. Алаңдағанда
құрылғыны басқара алмай
қалуыңыз мүмкін.
2 Электрлік қауіпсіздік
a Электр құралының
штекері розеткаға сəйкес
болуы керек. Штекерді
ешбір жағдайда
өзгертуге болмайды.
Электрлік жерге
тұйықталған электр
құралдарымен бірге
жалғастырғыш тетікті
қолданбаңыз.
Өзгертілмеген штекер
жəне сəйкес келетін
розеткалар электр
тогының соғу қаупін
азайтады.
Қазақша