СИПАТТАМАСЫ МЕН ҚОЛДАНЫЛУЫ
Құрғату сеансының функциясын бастау
Вакуум тартпасын біраз уақыт пайдаланғаннан кейін, вакуум
сорғысының майында ылғал болады. Соған байланысты құрылғы
жеткіліксіз вакуумдауы мүмкін. Содан кейін Құрғату сеансының
функциясын орындағаныңыз жөн. Егер вакуумдау процесі жұмыс
істемесе, Вакуумдау ақаулығының индикаторы және Құрғату
сеансының функция индикаторы жанады. Ескерту хабары бірнеше
рет шыққан соң (Вакуумдау ақаулығының индикаторы мен Құрғату
сеансының функция индикаторы жанады), Құрғату сеансының
функцисын орындау керек.
1. Құрғату сеансының функциясын бастау үшін "Құрғату сеансының
функциясы" сенсорлы пернесін басыңыз.
2. Содан кейін дереу қақпақтың алдыңғы жағын аздап басыңыз,
сонда вакуум камерасы вакуумдай алады.
Құрғату кезінде Құрғату сеансының функциясына тән таңба
жанып тұрады.
Ескертпе! Максимум 20 минуттан кейін Құрғату сеансының
функциясы ылғалды майдан толығымен алып тастамаса, тартпа
"салқындау" параметріне ауысады. Вакуум тартпасын содан кейін
бір сағат көлемінде қолдану мүмкін болмайды. Құрғату сеансының
функциясы индикаторы дисплейде көрінеді. Содан кейін, Құрғату
сеансының функциясын қайта бастаңыз!
Құрғату сеансының функциясын тұрақты түрде пайдалану
вакуум тартпасымен жұмыс істеудің бір бөлігі болып
табылады.
KK 9