• 3D бейнефильмін күн сәулесі тура түсетін немесе жарық жерде
қарасаңыз, суреттің табиғи реңкі нашарлауы мүмкін.
• Теледидарды 3D көзілдірігін киіп, жантайып жатып көрсеңіз, сурет
күңгірт болып көрінуі немесе көрінбеуі мүмкін.
• 3D суреттен әр пайдаланушы әр түрлі әсер алуы м үмкін. Бір көзіңізге
берілген рецепт екінші көзіңізге берілген рецептіден басқа болса, 3D
әсерін м үлдем сезіне алмауыңыз мүмкін.
• 3D көзілдірігінің линзасы немесе кез келген бөлігіне зақым келсе,
көзілдірік жөндеуге келмейді және оны ауыстыру керек. Сынған 3D
көзілдірігін кепілдік мерзімі аяқталмай тұрып, жаңа к өзілдірікке
ауыстыруға болады. Көзілдірікке пайдаланушының қателігінен зақым
келсе, онда оған к епілдік берілмейді.
• Егер 3D құралдары немесе электрмагнитті құралдар (микротолқынды
пеш немесе интернет роутері тәрізді 2.4 Гц-жиілікті құрал) қосулы
тұрса, 3D к өзілдірігі жұмыс істемеуі мүмкін. Егер 3D функциясы
күтпеген әрекет жасаса, жақын тұрған э лектрмагнитті немесе сымсыз
байланыс құралдарын алып қойған дұрыс.
• Электр өрісі немесе темір табақ тәрізді темір зат тұрса, 3D көзілдірігі
дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін. Егер 3D көзілдірігінен күтпеген жағдай
байқалса, оны барынша темір заттан алыс ұстаған дұрыс.
• Егер 3D бейнефильмін ұзақ уақыт қозғалмай көрсеңіз, көзілдірік сөніп
қалуы мүмкін.
• 3D көзілдірігі кигеннен кейін немесе теледидар 3D режимінде тұрғанда
дереу іске қосылмаса, шешіңіз де, қ айта киіңіз.
Қазақша-28
[NA]SSG-3570CR-00L17.indb 28
АБАЙЛАҢЫЗ
3D СУРЕТТЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ. ТӨМЕНДЕГІ ЕСКЕРТУЛЕРДІ ӨЗІҢІЗ НЕМЕСЕ БАЛАҢЫЗ
3D ФУНКЦИЯСЫН ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ОҚУҒА ТИІС
•
3D функциясын қолданып отырған балаларды үлкендер жиі қадағалап
отыруы керек. Егер балаңыздан көздің шаршауы, бас ауыруы, бас айналуы
немесе жүрек айнуы тәрізді симптомдар байқалса, оның 3D көзілдірігін киюін
тоқтатып, дереу дем алдырыңыз.
•
3D көзілдірігін жай көзілдірік, күннен қорғайтын көзілдірік, қауіпсіздік көзілдірігі
т.с.с. тәрізді басқа мақсатта қолданбаңыз.
•
3D мазмұнын қараған кезде, көз шаршауы, бас ауыруы, бас айналуы және
жүрек айынуы мүмкін. Егер көзіңіз талықса, 3D бейнефильмін көруді дереу
тоқтатып, 3D көзілдірігін шешіп, дем алыңыз.
•
3D бейнефильмін ұзақ уақыт қарағанда көзіңіз талығуы мүмкін. Егер көзіңіз талықса,
3D бейнефильмін көруді дереу тоқтатып, 3D көзілдірігін шешіп, дем алыңыз.
•
3D функциясын не 3D көзілдірігін жүріп немесе қозғалып жүргенде
қолданбаңыз. 3D функциясын немесе 3D Active көзілдірігін жүріп бара
жатқанда қолдансаңыз, заттарға соғылып, басып кетіп, және/не құлап
жарақаттанып қалуыңыз мүмкін.
•
Егер 3D көзілдірігін киіп ұйықтасаңыз, көзілдіріктің құлаққа таққышы сынып
қалуы мүмкін.
•
3D көзілдірігіңіздің құлаққа таққышы жиылмалы емес екені есіңізде болсын.
Құлаққа таққышты жиғыңыз келсе, көзілдірікке зақым келуі мүмкін.
•
3D көзілдірігін қайта-қайта сілкімеңіз. Көзілдірікті сілкіген кезде тоққа
қосылады, сондықтан да оның батареясының жұмыс істеу уақыты әдеттегіге
қарағанда қысқаруы мүмкін.
САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Келесі қауіпсіздік нұсқаулары сіздің қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету және
мүлікке зиян келудің алдын алу үшін берілген. Өнімді дұрыс қолдану үшін
келесі ақпаратты оқыңыз.
•
Құрылғыны тікелей күн сәулесі әсер ететін, қызатын жерге, от немесе су бар жерге
қоймаңыз. Бұл өнімнің жұмыс істемеуіне немесе өрт шығуына себеп болады.
•
3D көзілдірігінің линзасына күш салмаңыз. Өнімді түсіріп алуға немесе майыстыруға
болмайды. Себебі бұлар өнімнің дұрыс жұмыс істемеуіне әкеліп соғады.
2013-01-02
9:15:15