Жұмыс істеуі
Жоғары жылдамдықты ас бөлмеде түтін мен иістің жоғары шоғырлануы болған жағдайында іске қосыңыз. Сүзгіні тағам
даярлауды бастағанға дейін 5 минут бұрын іске қосу, даярлау кезінде оны жұмыс істеп тұратын етіп жəне даярлау
аяқталғаннан кейін шамамен 15 минутқа қалдыру ұсынылады.
1
Моторды іске қосу/сөндіру / жылдамдықты ауыстырып қосу
Егер сүзгінің жұмыс істеп тұру кезінде ауыстырып қосқышты 0 қалпына орнатса, сүзгі сөніп қалады.
Егер ауыстырып қосқышты 0 қалпынан 1 қалпына ауыстырса, сүзгі 1-ші жылдамдыққа іске қосылады.
Сүзгінің жұмыс істеу жылдамдығын ұлғайту үшін ауыстырып қосқышты одан əрі сағат тілі бойынша бұраңыз.
1-жылдамдық: 1
2-жылдамдық: 2
3-жылдамдық: 3
4-жылдамдық: 4
2
Жарық түсіруді іске қосу/сөндіру
Қызмет көрсету
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Тазарту жəне кез келген басқа да жұмыстар алдында аспаптың жалғама кабелі розеткадан
суырылғанына немесе электр желісінің жалпы сөндіргіші өшірілгеніне көз жеткізіңіздер.
Тазарту
Аспаптың ішкі жəне сыртқы беттерін жиі тазартып отырыңыз (май фильтрлерінен сирек емес).
Тазарту үшін бейтарап сұйық жуғыш құралына суланған шүберекті пайдаланыңыз. Абразивті жуғыш құралдарын пайдалануға
тыйым салынады. СПИРТТІ ПАЙДАЛАНУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Аспапты тазарту жəне фильтрді ауыстыру ережелерін ұстанбау тұтануға алып келуі мүмкін, сондықтан
көрсетілген нұсқауларды ұстануды ұсынамыз.
Өндіруші мотордың ықтимал ақаулықтары жəне дұрыс емес жөндеуі немесе жоғарыда көрсетілген ескертулерді ұстанбауы
салдарынан тұтануы үшін жауапкершілікті алып жүрмейді.
Май фильтрі
Майдың бөлшектерін ұстап қалады.
Май фильтрін белсенді емес жуғыш құралымен қолмен немесе ыдысжуғыш машинасында төмен температура жəне жылдам
бағдарлама барысында айына бір рет (немесе, егер сіздің аспабыңыз май фильтрінің ластану индикациясымен жабдықталған
болса, ол осы қажеттілікке көрсеткенде) тазарту керек.
Ыдысжуғыш машинасында жуу барысында май фильтрінің түсі өзгеруі мүмкін, бірақ бұл оның функционалдығына ешқандай
ықпал етпейді.
Май фильтрін алып шығу үшін фильтрдің тұтқасын өзіңізге қарай тартыңыз.
Лампышасын ауыстыру
Аспапты электр желісінен ажыратыңыз.
Назар аударыңыз! Лампышаны ауыстыру алдында ол ыстық еместігіне көз жеткізіңіз.
Жазық бұрайтын аспап көмегімен лампышаның қақпағын шешіп алыңыз.
Ескі лампышаны шешіп алыңыз да, ашық шырағдандарда пайдалануға келетін цоколі бар, 12 В, 20 Вт (макс.) жаңа галоген
лампышасын орнатыңыз. Ораудағы нұсқауларды ұстаныңыз. Жаңа лампышаны жалаң қолмен ұстамаңыз.
қақпағын орнына орнатыңыз (шырт етуі керек).
Егер жарықтану жұмыс істемесе, сервистік орталығына өтініш жасағанша, лампышалар ұяшықтарда дұрыс орнатылғандарын
тексеріңіз.