Пайдалану
Сүзгі ауаны өткізу немесе рециркуляция режимінде жұмыс істей алады.
Моторы жоқ модельдері тек ауаны өткізу режимінде жұмыс істейді жəне сыртқы моторға (жеткізу жиынтығына кірмейді)
қосылулары керек.
Іске қосу жөніндегі нұсқаулығы сыртқы моторымен бірге жиынтықта жеткізіледі.
Ауаны өткізу режимінде жұмыс істеу
Өткізу режимінде ластанған ауа жайдан сүзгінің жоғарғы жағында ауа өткізгіштің тесігіне бекітілетін арнайы сүзгі шлангысы
арқылы өткізіледі.
Назар аударыңыз! Сүзгі шлангысы жиынтыққа кірмейді жəне жеке сатып алынады.
Шланг диаметрі ауа өткізгіш тесігінің диаметріне сəйкес келуі керек.
Көлденең төсеу барысында шланг жайдан жұмыспен өтелген ауаны кедергісіз өткізуі үшін 10° жоғары еңістікте төселуі керек.
Назар аударыңыз! Егер көмір фильтрі орнатылған болса, оны шешіп алыңыз.
Қабырғадағы өткізгіш тесікке сүзгіні қосу барысында жалғастырғыш тетікті (тесіктің диаметрі бойынша) пайдаланыңыз.
Шлангының жəне қабырғадағы өткізгіш тесігінің кішкентай диаметрі ауаны өткізудің тиімділігін төмендетеді жəне сүзгінің
жұмыс істеу барысындағы шу деңгейін елеулі жоғарылатады.
Бұл жағдайда өндіруші жауапкершлікті алып жүрмейді.
Сүзгі шлангысының минимальді ұзындығын ұстаныңыз.
Төселген сүзгі шлангысында неғұрлым аз бүктесін болуы керек (бүктесіннің максимальді бұрышы 90°).
Өткізу тесігінің диаметрін елеулі азайтпауға тырысыңыз.
Сүзгі шлангысының ішкі беті максимальді тегіс болуы керек.
Сүзгі шлангысы сертификатталған материалдардан əзірленуі керек.
Рециркуляция режимінде жұмыс істеу
Рециркуляция режимінде дүкеннен немесе сервистік орталығынан сатып алуға болатын көмір фильтрі орнатылуы керек.
Фильтр май бөлшектері мен иістерді ұстап қалады да, жайға жоғарғы тор арқылы тазартылған ауаны қайтарады.
Орнатуы
Сүзгінің төменгі шеті мен электр пісіру бетінің арасындағы минимальді арақашықтығы — 50 сантиметр, сүзгінің төменгі шеті
мен газ/аралас пісіру бетінің ыдысқа арналған тордың жоғарғы шеті арасындағы минимальді арақашықтығы — 65сантиметр.
Егер газ плитасын/панелін орнату жөніндегі нұсқаулықта көбірек арақашықтығы көрсетілсе, соны ескеріңіз.
Электрэеліге қосу
Іске қосу алдында аспап ішіндегі зауыт кестесінде көрсетілген кернеуі желідегі нақты кернеуге сəйкес келетінін тексеріп алу
қажет.
Егер сүзгі айырмен жабдықталса, айырды қолданыстағы ережелерге сəйкес орнатылған жəне қолжетімді жерде орналасқан
розеткаға салыңыз. Іске қосуы жинақтау аяқталғаннан кейін жүргізіледі.
Егер сүзгі айырмен жабдықталмаса немесе розетка қолжетімді емес жерде орналасса, аспапты орнату жөнінідегі
нұсқаулығына сəйкес ІІІ-санатты кернеу туындауы барысында желідегі толық ажыратуды қамтамасыз ететін қосполюсті
ауыстырып қосқышына қосыңыз.
Назар аударыңыз! Сүзгіні электржелісіне қосу жəне түзу жұмысын тексеру алдында жалғамалы кабелі дұрыс қосылғанына
көз жеткізіңіз.
Сүзгі тиісті кабелімен бірге жиынтықта жеткізіледі. Егер кабель ақауланған болса, ауыстыру үшін авторластырылған сервистік
орталығына өтініш жасаңыз.
Жинақтау
Сүзгіні қабырғалардың əртүрлі түріне жəне төбеге бекіту үшін дюбельдер қоса беріледі. Жинақтау алдында білікті маман
қабырға/төбе беттерінің сəйкестігін тексеруі керек. Қабырға/төбе аспаптың салмағын көтеруі үшін жеткілікті мықты болуы
керек Сүзгіні қабырғаға сұйық шеге, силикон жəне т.б. осы сияқтылар көмегімен бекітпеңіздер. Аспап тек беттерге жинақтау
үшін арналған.