Bosch GSA 18 V-LI Professional Notice Originale page 126

Masquer les pouces Voir aussi pour GSA 18 V-LI Professional:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 18
OBJ_BUCH-760-007.book Page 126 Monday, September 19, 2016 2:21 PM
126 | Қaзақша
 Электр құралды дайындамаға тек қосулы ретте
апарыңыз. Әйтпесе алмалы-салмалы аспап
дайындамаға ілінсе кері соғу қауіпі пайда болады.
 Аралауда тіреу тақтасының 2 дайындамаға тіреліп
тұруына көз жеткізіңіз. Ара полотносы ілініп электр
құрал бақылауының жоғалтуына алып келуі мүмкін.
 Жұмысты аяқтағаннан кейін электр құралын
өшіріп, оның толық тоқтағанынан соң ғана ара
полотносын кесіктен шығарыңыз. Сол арқылы кері
соғудан сақтанып, электр құралын қауіпсіз күйге
келтіресіз.
 Бұзылмаған мінсіз ара полотносын пайдаланыңыз.
Қисайған немесе өтпес ара полотнолары сынуы, кесікті
зақымдауы немесе кері соғу себебін тудырады.
 Ара полотносын өшіргеннен соң бүйір басу арқылы
тоқтатпаңыз. Ара полотносы бұзылуы, сынуы немесе
керу соғу себебін тудыруы мүмкін.
 Материалды қатты қысыңыз. Дайындаманы қол
немесе аяқпен тіремеңіз. Істеп тұрған қылышпен
ешқандай зат немесе жерге тимеңіз. Кері соққы
қаупі бар.
 Қажетті іздеу құралдарын пайдаланып жасырынған
қорек сымдарын табыңыз немесе жергілікті қорек
үйымдарын шақырыңыз. Электр сымдарына тию өрт
немесе тоқ соғуына алып келуі мүмкін. Газ құбырын
зақымдау жарылысқа алып келуі мүмкін. Су құбырын
зақымдау материалдық зиянға алып келуі мүмкін.
 Электр құралды пайдалануда оны екі қолмен берік
ұстап, тұрақты қалыпта тұрыңыз. Электр құралы екі
қолмен сенімді басқарылады.
 Дайындаманы бекітіңіз. Қысу құралына немесе
қысқышқа орнатылған дайындама қолыңызбен
салыстырғанда, берік ұсталады.
 Электр құралын жерге қоюдан алдын оның
тоқтауын күтіңіз. Алмалы-салмалы аспап ілініп электр
құрал бақылауының жоғалтуына алып келуі мүмкін.
 Аккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қаупі бар.
Мысалы, аккумуляторды жылудан, сондай-
ақ, үздіксіз күн жарығынан, оттан, судан
және ылғалдан қорғаңыз. Жарылу қаупі бар.
 Аккумулятордан зақымданған немесе дұрыс
пайдаланбаған жағдайда бу шығуы мүмкін. Бұл
жағдайда ішке таза ауа кіргізіңіз және шағымдар
болса, медициналық көмек алыңыз. Булар тыныс
алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.
1 609 92A 2NB | (19.9.16)
 Аккумуляторды тек Bosch электр құралымен
пайдаланыңыз. Сол арқылы аккумуляторды қауіпті
артық жүктеуден сақтайсыз.
 Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе
сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы
мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп,
аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе
қызып кетуі мүмкін.
Өнім және қызмет сипаттамасы
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық
қауіпсіздік нұсқаулықтарын және
ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына, өрт
және/немесе ауыр жарақаттануларға
апаруы мүмкін.
Электр құралының суреті бар бетті ашып пайдалану
нұсқаулығын оқу кезінде оны ашық ұстаңыз.
Тағайындалу бойынша қолдану
Электр құралы бекем тірелген ағаштарды, пластмассаны,
металды және құрылыс материалдарын аралауға
арналған. Тікелей және қисық кесіктерге арналған.
Биметал ара полотноларын пайдаланып бетпен бір
деңгейдегі ажыратуды орындау мүмкін. Ара полотнолары
ұсыныстарын орындау қажет.
Бейнеленген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар
беттегі электр құралының сипаттамасына сай.
1 Ара полотносы*
2 Реттелетін тірек тақтасы
3 Ара полотносының бекіткіші
4 Тірек тақтасына арналған тоқтатқыш төлке
5 Көтергіш
6 Жүріс санының ауыстырып-қосқышы
7 Қосқыш/өшіргіш
8 Аккумуляторды босату түймесі
9 Аккумулятор*
10 Тұтқа (беті оқшауландырылған)
11 Аккумулятор зарядталу күйі индикаторының пернесі*
12 Аккумулятордың зарядталу күйі индикаторы*
*Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты
жеткізу көлемімен қамтылмайды. Толық жабдықтарды біздің
жабдықтар бағдарламамыздан табасыз.
Bosch Power Tools

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières