THOMAS quickstick құралын/
Зарядтағыш құралды зарядтау
• Зарядтау құралының фирмалық жапсырмасында
көрсетілген кернеу параметрі, электр желісіндегі кернеуге
сәйкес келуге тиіс.
• Зарядтау құралын төмендегі жағдайларда мүлдем іске
пайдалануға болмайды:
• зарядтау құралының қосқышына зақым келген болса,
• құрылғының көзбен көрерлік зақымдары бар болса,
• Зарядтағыш құрылғыны розеткадан келесі жағдайларда
шығарыңыз:
• өнім зарядталмай тұрған кезде,
• зарядтау кезінде ақаулықтар пайда болғанда,
• керек-жарақты жалғау/ажыратудан бұрын және
• өнімді тазалау немесе оған қызмет көрсету алдында.
• Зарядтау барысында құрылғыны ток көзінен ағытпаңыз.
• Зарядтап болғаннан кейін қорек сымын розеткадан ағытыңыз.
• Зарядтау құралын температурасы 5 °C және 45 °C градус
аралығындағы құрғақ бөлмеде қолданыңыз және сақтаңыз.
• Зарядтау құралын ешқашан дымқыл қолмен ұстамаңыз
немесе оны ағып тұрған су тәрізді сұйық затқа
батырмаңыз. Бұл электр тогы соғып, мерт болуға әкеледі!
• Зарядтау құралын тура түсетін күн сәулесінен, ашық от
көзінен немесе басқа жылу көзінен қорғаңыз. Өрт және
жарылыс шығу қаупі бар!
• Зарядтау үшін берілген жиынтықтың құрамындағы
зарядтау құрылғысын ғана қолданыңыз. Басқа зарядтау
құрылғыларын қолданбаңыз.
• Жиынтыққа кіретін зарядтау құрылғысын басқа
құралдармен пайдаланбаңыз. Жарылыс, жарақаттану
немесе құралдың зақымдалу қаупі бар.
Қолданылуы
1
Құрастыру
2
Шаңсорғышпен тазалау процесі
3
Шаңжинағышты босату
4
Аккумуляторды зарядтау
5
Циклондық сүзгіні тазалау
6
Қозғалтқыштың қорғау сүзгісін тазалау
7
Щетка білікшесін тазалау
8
Шаңсорғышқа арналған кронштейнді қабырғаға бекіту
Шаңсорғышқа арналған кронштейнді
қабырғаға бекіту
Кронштейнді қабырғаға басып, бекітіңіз. Бұрғылауға
арналған саңылауларды қарындашпен белгілеңіз. Бұрғылауға
арналған саңылаулардың диаметрі шамамен 8 мм болуы
тиіс. Саңылауларға жиынтыққа кіретін дюбельдерді салып,
қабырғалық кронштейнді бұрандалы шегелермен бекітіңіз.
Қоқысқа тастауға қатысты ұсыныстар
Орам материалы
Орам материалы THOMAS quickstick құралын
тасымалдау кезінде зақымдалудан қорғайды.
Бұл экологиялық таза материалдан жасалған,
сондықтан қайта өңдеуге болады. Қажетсіз орам
материалдарын тұрмыстық қалдыққа тастамаңыз, қайта
өңдеу үшін сұрыптап тастаңыз.
Ескірген құрал
Ескі құрылғылардың құрамындағы шикізат
пен материалдар құнды болып табылады
және қоршаған ортаға түспеуі керек.
THOMAS quickstick терезе бүріккішін және оның
ішіндегі аккумуляторларды тұрмыстық қоқыспен бірге
кәдеге жаратуға тыйым салынады. Құралды, зарядтау
құрылғысын және аккумуляторды бір бірінен бөлек
утилизациялау қажет. Тегін өткізу үшін қайта өңдеу
орталығы немесе тиісті жинау және қайтару жүйелері
қолжетімді.
THOMAS quickstick терезе бүріккішін қате пайдалану және
кәдеге жарату нәтижесінде денсаулық пен қоршаған ортаға
қауіп төндіруге болады. Алайда құрамдас бөлшектер
THOMAS Quickstick терезе бүріккішінің дұрыс жұмысы үшін
қажет болады. Суретте көрсетілген белгіге ие құрылғыларды
тұрмыстық қоқыспен бірге кәдеге жаратуға тыйым салынады.
Тұтынушыларға қызмет көрсету орталығы
Сатушыңыздан THOMAS фирмасының қай қызмет көрсету
орталығына хабарласу керектігі жөнінде анықтама алыңыз.
Оған құралыңыздың зауыттық тақташасында көрсетілген
деректерін беріңіз.
Құралдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық жөндеу
жұмыстарын, әсіресе ток өткізетін бөліктерді жөндеуді
жұмыстарын электрші мамандар орындауға тиіс.
Қателіктер немесе ақаулықтар пайда болғанда, өз
дилеріңізге немесе техникалық қызмет көрсету орталығына
тікелей хабарласуыңыз қажет. THOMAS қызмет көрсету
орталықтарын осы пайдаланушы нұсқаулығының артқы
мұқабасынан табуға болады.
THOMAS керек-жарақтарын алу үшін өз дилеріңізге немесе
THOMAS қызмет көрсету орталығына мына сайт арқылы
хабарласыңыз: www.robert-thomas.net.
Техникалық деректер
Кернеу кірісі
Кернеу шығысы
Құралдың номиналды қуаты
Жұмыс кернеуі
Литий ион батареясы
Шаңжинағыш
Таза салмағы
*) үлгіге байланысты
Жасалған күні: құралдың төменгі жағында орналасқан
фирмалық жапсырманы қараңыз
Кат. №: xxxxxx
100 – 240 ~ 50 & 60 Гц/
500 мA
22 В, тұрақты ток, 400 мА
зауыттық тақтаны қараңыз
18 В ТТ
2000 мА-сағ/18 В*/
2500 мА-сағ/18 В*
0,65 л брутто
0,3 л нетто
2,1 кг
_
_ _
_
(апта күні) (апталық күн) (жыл)
19